Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Беріліп отырған материал жас мамандардың кәсіби шеберлігін шындауына көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Қ.Жұбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік университеті
5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының
2-курс студенті Мұңлыбек Аяжан Халыққызы
Электронды пошта: Ayazhan.munlybek.00@bk.ru
Телефон: 87083463593

Тақырыбы: ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ШЕТЕЛ ТІЛІН
ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
Мақсаты:. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушының ағылшын тілінде қарым-
қатынас алу, негізін менгеру болып табылады.

Тіл мәселесін сӛзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа
ұрпағы ең кем дегенде үш тілді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін білуге тиіс
екендігін айтты. Тіл үлттық мәдениеттің белгісі, оның қайнар кӛзінің кілті. Тілді
тек қарым қатынас құралы ретінде қарау бір жақты ғана құбылыс. Тіл, сонымен
қатар,ұлттық ойдың, ұлттық сананың кӛрсеткіші. Ағылшын тілін білу ӛмір
талабы. Шетел тілін үйрету - қиын да қызықты жұмыс. Еліміздің басқа
мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған ағылшын тілін
меңгеруін келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында
пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің қазіргі
басты міндетіміз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып элуеметтік
ӛркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгеруін талап
етеді.
Шет тілін оқытудың мақсаты отандық әдіс тәсілдерде тӛрт аспект арқылы
беріледі: 1) оқу-тәжірибелік; 2) тәрбиелік; 3) ұйымдастырушы; 4) дамушы. Әрбір
кӛрсетілген аспектіні толығырақ қарастырайық.


Page 2

1.Оқу-тәжірибелік аспект бойынша шет тілін оқыту. Студенттер шет тілін
қатынас кұралы ретінде меңгеріп және оны ауызша және жазбаша сӛйлеуде
қолдана білуі керек. Тілді оқыту қызметінің тӛрт түрін, атап айтқанда:
рецептивтік - тыңдау және оқу, продуктивтік -айту және хат жазу, сондай-ақ,
осылармен байланысты тілдің үш түрлі аспектілері: лексика, фонетика,
грамматиканы меңгеру мәселелерін қарастырамыз. Шет тілін меңгерудегі оқу
тәжірибелік аспект тілдесудің барлық формаларын және тілдің барлық
функцияларын, яғни жеке тұлғалар арасындағы ӛзара тілдесудің қажеттілігін,
адам баласының рухани әлемін байытуын, ӛз пікірін қорғауын, отандық
мәдениетті насихаттауын, халықтар арасындағы достығын, экономикалық және
саяси дамуын меңгеруді ұйғарады.Тілді оқыту қызметінің нақты мақсаттары
ретінде:
Сӛйлесуде - хабарлай білу (баяндау, жариялау, хабарлау, ақпараттандыру,
әңгімелеу және т.б.); түсіндіру (мінездемелеу, нақтылау, кӛрсету және т.б.);
мақұлдау (ұсыну, кеңес беру, айқындау, қолдау, мақтау, алғыс айту және т.б.);
әшкерелеу (сынау, қарсыласу, жоққа шығару, кінәлау, талқылау және т.б.);
сендіру (дәлелдеу, негіздеу, нақтылау, кӛндіру, айтқанында тұру және т.б.);
Жазуда - ӛзінің және ӛзгелердің пікірлерін жеткілікті жылдам түрінде бекіту,
материалды қолдана отырып, оқығанды жаза білу, сейлеген сӛздердің жоспарын
және тезистерін сондай ақ, хат, аннотация және рецензия жаза білу;
Оқуда - журнал не газет беттерінен мақаланы, орта қиындықтағы кӛркем
шығармаларды қатынас құралы ретінде оқудың барлық функдияларын
қанағаттандыру үшін іштей тез оқи ала білу қажет;
Тыңдауда - бетпе-бет жүздесуде және жалпы радио бағдарламаларының,
фоножазбалардың мән мағынасын қалыпты екпінде аутенттік тілдесуде түсіне
білу;
Аудармада - тұрмыстық жағдайда аудармашы ретінде бола алу- негіздерімен
ерекшеленеді. Оқу аспектісінде ӛзіндік жұмыстың дағдысын игеруді ӛте
маңызды деп санау тура келеді.


Page 3

2. Шет тілін үйренуде тәрбиелік аспект окушының әлемдік кӛзқарасын, идеялық
сенімін, патриоттығын, әдептілігін, қоршаған ортада ӛзіне жауап беруін және де
жеке тұлғаның эстетикалық және рухани дамуын жүйелеуді негіздейді.
Тәрбиелеуді этикалыққа, эстетикалыққа, еңбектілікке, экологиялыққа,
ұлтаралыққа және т.б. бӛлуге болмайды. Кез - келген тәрбиенің қайнар кӛзі
адамды әдепті етіп тәрбиелеу болып табылады. Берілген аспектіні шындыққа
айналдыру үшін барлық мүмкіндікті қолдану керек: мағыналы (әр түрлі күйдегі
мәселе), және ұйымдастырушы (күн тәртібіндегі мәселелерді және олардың
трактовкасын талқылау). сабақ кезінде, сондай - ақ сабақтан тыс кездегі іс-
әрекеттерде оқушыларды тәрбиелеудің, шыңдаудың нақты жолдарын ӛз
мүмкіндігін шектеп қалмау кӛрсете білу маңызды, яғни бұл жерде күштеп
тәрбиелеу қажетсіз болып есептеледі.

3. Білім беру аспектісі оқытылып отырған тіл елінің мәдениетін, әдебиетін қоса
алғанда, музыка, архитектура, сурет, тарих және тағы басқа ерекшеліктерін, ӛз
тіліңмен ұқсастығы мен айырмашьшығын, оның тілдік жүйесін, сипатын
мамандықтан күнделікті сүйікті іс-әрекеттерде кездесетін әр түрлі
қызығушылықты меңгеруді қанағаттандыруды жоспарлайды.

4. Дамушы аспект шет тілін оқытуда ӛз ойыңды жеткізудің әдіс- тәсілдерін
қолдана алудың қажеттілігін, яғни адамдардың сӛздерді қалай айта алуын,
пәндерді номиналдауын, қолданушы сӛздерді, ана тілін шет тілімен салыстыру
және теңестіру, тілді сезіне білуін, тілдік шешімдерді, оның барлық түрдегі
ерекшеліктерін есте сақтауды, логиканы (сараптау, синтездеу, теңестіру, ақылды
шешім табу), сенсорлық қабылдауды, мотивтік ортаны
дамыту, мінез, еңбек сүюшілік, ерік, мақсаттылық, белсенділік, оқи ала білу
арқылы тілдесе білуді, дамытуды қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде үзіліссіз тілді
оқыту жүйесін жаңартудың қажеттілігі жӛнінде кӛп айтылады. Мектеп және
жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа


Page 4

түжырымдамалары жасалуда, мамандарды дайындауда тілді оқытудың жаңа
үлгілері пайда болуда, сонымен қатар оқытушы кадрларды дайындау және қайта
дайындау саласында да, жеке тұлғаның қалыптасуында да осы сияқты ӛзгерістер
шет тілін оқыту мақсатын түсінуге қатысы бар. Білімнің ӛзі, нақты шеберлік пен
дағдыдан және оқу орнынан тыс жерлерде адамның білімді де шынайы іскер
дайындықта болуын шеше алмайды. Кейінгі уақыттарда білім алудын мақсаты
тек білім мен біліктілік қана емес, сонымен қатар жастардың қоғамда ары қарай
дамуына ӛте қажеттіадами қасиеттерін, сӛйлеу дағдыларының қайнар кӛздерін
анықтау сияқты келелі мәселелер күн тәртібінде кеңінен қойылуда. Әр түрлі оқу
орындарын
бітірушілердің қазіргі нарық заманының енбек шарттарына орай бейімделіне
алатын дайындығын жинақтап кӛрсететін бес негізгі сӛйлеу дағдыларын айтуға
болады. Осы сӛйлеу дағдылары бүкіл Еуропа елдерінің ӛкілдері қатысып,1996
жылы март айында "Еуропалық орта білім" шеңберіндегі жобада Бернде ӛткен
симпозиумда тіркелді.

І.Әлеуметтік тұрғыдан саяси тілде сӛйлесе алу дағдылары немесе тың
мәселелерді шешуге дайындық. Бұл дағды негізінде қабылданған ӚЗІНДІК
шешімге әуелі психологиялық дайындық барысын ӛз жауапкершілігіне алу
міндеті сай келеді. Тәжірибе кӛрсеткендей, адамдардың басым кӛпшілігі тіпті
базалық академиялық тапсырмаларды шешуде, ӛзіне қажетті кезде туындаған
шешімдерді қабылдауға болатынын біле бермейді, мәселен пәнді игеру
уақытында жіберіп алған материалдарды толықтыру; қажетті кеңестер алу;
емтихандарға тиімді дайындалу: оку орнын немесе оку пәнін тандау;
конференцияға баяндама дайындау; әдебиеттер тізімін жасау; ғылыми грант
ұтып алу; семинар дайындау және ӛткізу.

II. Ақпараттық сӛйлеу дағдысы: Оның негізін қазіргі ақпарат кӛздерімен тікелей
жұмыс істей алатын дайындық пен қажеттіліктің, біліктіліктің бірлігі және


Page 5

жиынтығы ретінде анықтауға болады. Әр түрлі дерек кӛздерінің кӛмегімен,
қазіргі заман талабына сай
мультимедиялық оқу құралдары арқылы қажетті ақпаратты табу; ақпараттық
сӛйлеу дағдыларының маңыздылығын, анықтылығын, жаңашылдығын анықтау;
алға қойылған мақсат - міндеттер мен жағдаяттарға сәйкес ақпаратты ӛңдеу;
ақпаратты сақтау және архивтеу; келелі мәселелер шенберіндегі шешімдерді
қолдану.

III. Коммуникативті сӛйлеу дағдылары. Берілген сӛйлеу дағдысы кӛп
кұрылымды болып келеді, бірақ әр түрлі ғылыми мектептер оның құрылымы мен
құрылысын әрқалай анықтайды. Европа Кеңесі мынадай сӛйлеу дағдыларынан
құралған бастауыш деңгейді анықтаған болатын: лингвистикалық; әлеуметтік
лингвистикалық; мәдени әлеуметтік; стратегиялық; дискурсивтік және
әлеуметтік. Тілдік, мәдени әлеуметтік қатынастан құралған В.В.Сафонов
ұсынған сӛйлеу дағдысының анықтамасы отандық әдістеме және шет тілдерін
оқыту бағдарламаларында бекітілді. Қазіргі білім алуды түсінудің ең маңызды
ұстанымы кез келген маманның ауызша және жазбаша сӛйлеуде жеткілікті
дәрежеде қарым қатынас жасай алатын дағдысы болу керек.
ІҮ. Сӛйлеудің әлеуметтік мәдени дағдылары. Жоғарыда атап ӛткеніміздей, бұл
дағды - қарым қатынас дағдысының бӛліктерінің бірі ретінде қарастырылады,
қазіргі жартылый мәдени әлемде ӛмір сүруге, әрекет етуге байланысты, оны
ӛзіндік білім алудың негізі етіп кейінгі кезеңдерде кӛрсете бастады. Осы
дағдының негізінде тӛмендегі мәселелер жатыр.

Ү. Барлық ӛмір сүру жағдайында ӛмір сүруге дайын болу. Бұл жағдай бұрынғы
қарастырылған қазіргі оқудың жағдайына сай келмейді. Жоғарыда айтылып
ӛткен сӛйлеу дағдыларына келетін болсақ, мектептік және жоғары оқу
орындарындағы тілді оқыту тӛмендегідей шешімдерге бағытталуы керек;


Page 6

1.Әр түрлі мәселелерді шешуге дайындықты қалыптастыру, оны академиялық
жоспарда да, сонымен қатар одан да кеңірек жобаларды жасау кез келген
мәселені оның анықтамасы арқылы жолға қоюдан басталады: бұл мәселені
ұйымдастырмайынша, не оны вербально безендірмейінше, оны жоқ деп
есептеуге болады. Мәселені қалыптастырып, оның түпкі негізін анықтап
алғаннан кейін, оның шешу жолдарын іздеуіміз керек. Әр түрлі пәндер
саласынан алынған барлық білімге, дағдыға, икемділікке негізделген толық
спектрлер, әдетте шынайы пайда болған мәселені шешуге байланысты болады.
Бұл білім сапаларын қалыптастыру үшін, міндетті түрде:
1 .Әр түрлі пәндерді оқытуды дұрыс жолға қою керек;
2.0қу үдерісінде шартты қолданысты кеңінен қолдану.
3.Оқушылардың тек қойылған сұрақтарға жауап бере алу мүмкіндігін
ынталандырумен қатар, олардың пән бойынша сұрақ қоя білуін қалыптастыру;
4.0қушылардың автономиялы дәрежесін күшейту;
5.Сабақ барысындағы оқушы мен оқытушылардың дәстүрлі ролін
Қалыптастыру;

2. Ӛмір бойы оқуға деген құштарлықты дамыту, алынған білімді, біліктілікті,
дағдыны қоғамда ӛзгерген жағдайларды қабылдай отырып жаңарту және
жетілдіру; егер бұрын алынған білім уақытша не жартылай қажетсіз болса, онда
кәсіби қажеттілігіне қарай қосымша білім алып, жұмыс түрін ӛзгерту керек
болады. Заман талабына сай кәсіби ӛзгере алу сапасы ғана адам баласын қоғамда
жетістікке жете алуға, әлеуметтік тұрғыдан қорғана алуға мүмкіндік береді.
Осыған орай, алынған білім ӛзінің қолданыс аясының тарлығымен емес, ӛзінің
іргелігімен, ӛміршеңдігімен ерекшелену керек, сонымен қатар бұл қасиет
адамның қажеттілікке сай жалпы білімді болып ары қарай дами қалыптасуын
қамтамасыз етеді, яғни адам қоғам ӛзгерістеріне ілесіп ӛзін-ӛзі дайындай алады
деген сӛз.


Page 7

3. Қазіргі мәдени әлемде мәдени әлеуметтік айырмашылықтар арқылы ауызша
және жазбаша қолданыста қостілділік қатынаста сӛйлесе алу дағдыларын
жетілдіру. Жеткілікті дәрежеде қалыптасқан жалпы еуропалық түсініктегі толық
дағдылар жиынтығын, ақпараттық сауаттылықты ӛзіне сіңіреді. Бүл жағдайда
ана тілі мен шет тілінде сӛйлеу дағдысының мақсаты мен деңгейі біртұтас
жүйеге негізделіп қалыптасуы қажет. Әр түрлі әлеуметтік
пәндер бойынша келісілген қорытынды бақылау үлгісінің мазмұны, жазбаша
және ауызша сӛйлеу қатынасының деңгейіне сәйкес бірдей талаптарды ескере
отырып, сонымен қатар осы мәселелерді шешуде дұрыс бағытта болуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:
«Ағылшын тілі мектепте» №1/ 2012ж // Ғылыми-әдістемелік журнал
« Мұғалім және қоғам» // №3 // 2011ж.
«Ұстаз» журналы // 2011
«Қазақстан мектебі» // №2 // 2013ж // Ғылыми-педагогикалық журнал
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
«Ағылшын тілі мектепте» №3/ 2013ж // Ғылыми-әдістемелік журнал
Ильина Н.В. Амандықова Г.Н. “Ағылшын тілін оқытудың
әдістемесі”
Жайық ұстазы 2010 ж.
Ағылшын тілі мектепте журналы. №5 2009, №4 2010


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
29.04.2020
346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12