жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазіргі заман ұстазы мен шәкірті
Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,
Қаратұрық ауылы,«А. Саттаров орта
мектеп - мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі:
Шолпанбаева Макпал Ерлановна
Қазіргі заман ұстазы мен шәкірті қандай болуы тиіс?
Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер, әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан»- деген мақал-мәтелді ата-бабамыз тегін айтпаған екен. Соған орай мұғалімдер оқушыларды 21-ші ғасырда қалай дайындайды? Мен нені оқытуым керек? – деген үлкен сұрақ туындату арқылы мұғалім өз білімін жетілдіру қажет. Өзіне-өзі өзгеріс енгізіп, жаңарту бағдарламасындағы курстарға қатысып, қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де ең басты маңызды мәселе болып тұр. Заман талабына сай қазіргі мұғалім әріптестерімен бірлесіп оқу ортасын құру, жүргізу, басқару көшбасшы болу және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл дегеніміз: «-Сабақ өтіп болдым, ертең тағы сабақ өтемін» - деген ойдан аулақ болып, өз жұмысынан сабақ алуы керек. Сабақ беру шеберлігімен нәтижесіне қатысты рефлексия жасауға яғни ой толғауға міндетті. Мен қандай қадам жасадым? Қандай қажеттіліктер мен кедергілерді анықтай алдым? Нені оқыттым? Менен не алды?- деген сұрақ қоя отырып, табыс критерилерге жету керек? Ендеше білім алу үдерісінде тиімді модульдерді іске асырып, жаңа ғасырдағы қажетті дағдыларды дұрыс қалыптастыру тиімді шебер сұрақтар қоя отырып және тұлғаны сауатты жан-жақты өмірге бейім, қай салада болса да белсенділігі артқан етіп тәрбиелеу білімді ұстаздардың қолында. Ал білімді ұстаз ол жаһанданып, өзінің өзгенің және ішкі сыртқы уәжін түсініп өзгерістер енгізе алады. Сол өзгерісімен оқу мен оқытуда мектеп мәртебесі мен талабын жетістікке жеткізген –« ұстаз» деп ойлаймын.
Сабағымда түрлі стратегиялар қолдану барысында оқушыларымның бойындағы білімге деген қызығушылықтарды және өзгерістерді байқадым.
Мен осы жаңартылған бағдарламаның арқасында бес жыл ішінде біршама жетістіктерге жетіп үлгердім. Атап айтсам, 2017 жылы ақпан айында мектебіміз аттестациядан өту барысында тест нәтижесінен менің 4 «А» сыныбым ең жоғарғы 95% көрсетті. Бұл нәтиже мен үшін нағыз еңбегімнің нәтежесі болды. Сонымен қатар мектептегі бастауыш сынып оқушыларының арасында түрлі байқаулар өткізіп отыру, онлайн интернет тесттен жылына екі мәрте білімімді сынап отыру, баспа материялдарға сабақ жіберу, жыл сайын жоспарлы түрде мектепішілік және аудандық конкурстарға және (КИО) Қазақстан Интернет Олимпиядасына жылына екі рет қатысу арқылы дипломдар мен мадақтау сертификаттарын алдым. Яғни осы байқауларға қатысу арқылы шығармашылық қабілетім біртіндеп дамуда.
Менің
ойымша қазіргі заман ұстаздары әр күнін,
әр сабағын бір сарынды өткізумен
шектелмей және тек жеңіске жету
мақсатында ғана емес, өзін танып,
өзгелерден тәжірибе жинап үнемі ізденісте
болу тиіс. Осы өз мамандығын сүйетін
және дұрыс бағытты ұстанған мұғалім
ғана қазіргі заманға сай шәкірт тәрбиелей
алады.
Жаңа бағдарламаның тиімділігі мен мұғалімнің кәсіби өзгерісі
«ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қапшағай қаласы, №4 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдеріне 24.04-12.05.2017 ж. аралығында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы» тақырыбында курс өтуде
Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,
Қаратұрық ауылы,«А. Саттаров орта
мектеп - мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі:
Шолпанбаева Макпал Ерлановна
Білікті мұғалім – заман талабы
Қазақстан орта мектебінде 2017 оқу жылының 15-мамыр – 02 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданы бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаңартылған білім беру бағдарлама» бойынша, қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер, әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан»- деген мақал-мәтелді ата-бабамыз тегін айтпаған екен. Соған орай мұғалімдер оқушыларды 21-ші ғасырда қалай дайындайды? Мен нені оқытуым керек? – деген үлкен сұрақ туындату арқылы мұғалім өз білімін жетілдіру қажет. Өзіне-өзі өзгеріс енгізіп, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы курстарға қатысып, қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де ең басты маңызды мәселе болып тұр. Заман талабына сай қазіргі мұғалім әріптестерімен бірлесіп оқу ортасын құру, жүргізу, басқару көшбасшы болу және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл дегеніміз: «-Сабақ өтіп болдым, ертең тағы сабақ өтемін» - деген ойдан аулақ болып, өз жұмысынан сабақ алуы керек. Сабақ беру шеберлігімен нәтижесіне қатысты рефлексия жасауға яғни ой толғауға міндетті. Мен қандай қадам жасадым? Қандай қажеттіліктер мен кедергілерді анықтай алдым? Нені оқыттым? Менен не алды?- деген сұрақ қоя отырып, табыс критерийлерге жету керек? Ендеше білім алу үдерісінде тиімді модульдерді іске асырып, жаңа ғасырдағы қажетті дағдыларды дұрыс қалыптастыру тиімді шебер сұрақтар қоя отырып және тұлғаны сауатты жан-жақты өмірге бейім, қай салада болса да белсенділігі артқан етіп тәрбиелеу білімді ұстаздардың қолында. Ал білімді ұстаз ол жаһанданып, өзінің өзгенің және ішкі сыртқы уәжін түсініп өзгерістер енгізе алады. Сол өзгерісімен оқу мен оқытуда мектеп мәртебесі мен талабын жетістікке жеткізетін –« ұстаз» - деген осы бір керемет сөздерімен жаңартылған бағдарлама курсын бастағаны есімде.
Осы орайда 2017 оқу жылының 15-мамыр – 02 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданы, Қаипов ауылы, КММ Қазақстан орта мектеп базасында жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Қарсыбаева Арай Байжановнаның жетекшілігімен жүргізіліп жатқан біліктілікті арттыру курсынан білімімді жетілдірудемін.
Мен осы біліктілікті арттыру курсынан нені үйрендім?
-Оқу бағдарламаларымен;
-Тиімді оқыту мен оқудың түрлері және тәсілдерін;
-Қысқа мерзімді жоспар құру жолдарын және сабақ мақсатына жетудің тиімді әдістерін;
-21-ғасыр құндылықтары мен дағдыларын қалыптастыру әдіс-тәсілдерін.
-Педагог зерттеушілердің ұсынған технологиялары мен әдіс-тәсілдерін
-Бағалау әдісі түрлерімен таныстым. Болашақта жаңартылған білім беру курсынан алған білімімді пайдаланып, оқушыларға сабақ беру барысында жүзеге асырамын және оқушыларымның бойындағы білімге деген қызығушылықтар мен өзгерістерді байқаймын деп нақты сеніп айта аламын.
Өз ойымды сөзімен қорытындылаймын: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігіде де жойлады.»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген