400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңашылдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту қабілеті бұзылған балалардың оқуға ынтасын арттыру үшін әдәс-тәсілдерді қолданып ашық сабақ өту тәсілдеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ САБАҚ


Сабақтың тақырыбы:  «Үй жануарларымен таныстыру арқылы с-ш дыбыстарын ажырату».

Сабақтың мақсаты: С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау, дыбыстарды буында, сөзде, пароним сөздерде, сөйлем ішінде ажырату, дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: айна, слайд, суреттер, трафареттер, ойыншықтар т.б.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Баламен сәлемдесу:

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанамыз достарым,

Арайлап атқан күнге.

Саламатсыздарма қымбатты оқушылар, Сіздермен көріскеніме менде өте қуаныштымын. Олай болса орнымызға отырамыз. Ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық. Тақырыбымыз «Үй жануарларымен таныстыру арқылы с-ш дыбыстарын ажырату».

ІІ. Барысы:

Олай болса, С-Ш дыбыстарының артикуляциясына тоқталайық.

С дыбысын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей, тістер көрінеді.

- Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді.

- Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді, жабық дауыс шымылдығының дірілінен С дыбысы шығады.

Ш дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады, тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады, алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен Ш дыбысы жасалады.

Олай болса с-ш дыбыстарына арналған артикуляциялық жаттығуларды «Көңілді тіл» ертегісін айту арқылы жасайық.


«Көңілді тіл туралы ертегі»

Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Көрсетейік: қалай ашылып-жабылады?Тіл үйінде отыра алмайды, далаға шығады(тілін шығару). Міне ол күнге шығып, жылынып жатыр(жалпақ тіл астыңғы ерінде). Кенеттен жел соқты, тіл тоңып кетіп үйіне кірді де есігін жауып алды. Тіл тәтті қайнатпамен шай ішіп, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны жалады(төменгі ерінді жалау). Соңынан тісін тазалады. Тіл үйшігінде ұзақ отыра алмады. Далаға шықса, күн жарқырап тұр екен (күн жасау), балалар футбол ойнап жүр екен. Ол да қосылды, қақпаға доп соқты.(еріндерін жымитып, мақта допқа үрлеу). Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.


«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.

Логопед: Мен сөйлемді бастаймын, сендер суреттен көргендерің бойынша сөйлемді аяқтай сыңдар.

1.Шора мен Самал (шанамен ойнады).

2.Пештің үстінде сары (мысық отыр).

3.Саягүл сары (сиырды сауды).

4.Сұлтан дүкеннен сіріңке (сатып әкелді)



ІІІ. Тыныс алу жаттығуы:

Түрлі-түсті қағаз бен желімді пайдаланып жыланның бейнесін жасайық, содан кейін жыланмен бірге ысқыру арқылы тыныс алу жаттығуын жасаймыз.

ІV. Жаңылтпаш айтып жарысайық.


  • Сорпа іштік

Сорпа ыстық.

Сондықтан

Қорқа іштік.


  • Асан массаж жасар

Массаж жасап шаршар.

  • Шын еңбекші - өрмекші,

Өрмекші шын - өрнекші.


V. «Дауысын тап» ойыны, үй жануарларының дауысын табу.

VI. «Буын ұйқас» өлеңі

Са-са-са-ызыңдайды маса

Со-со-со-тауып алдым соқа

Су-су-су-қандай мұздай су

Ас-ас-ас-менің атам жас

Ыс-ыс-ыс-келіп қапты қыс

VІI. Саусақ жаттығуы.



Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көнілді түрде ұйымдастыруға болды.


«Доп»                                                                

Айналдырғын добыңды,                        

Қытықтасын қолыңды.                          

 Енді көтер партадан,                             

Жаса солай қайтадан.                           

«Жаңбыр»

Бұлт қабағын түйіп ап

Бүркеп алды аспанды.

Тырс-тырс-тырс-тырс тырсылдап

Жаңбыр жауа бастады.

Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен  баланүйрек саусақтары түйісіп,  жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

Shape1 Shape2

Піл. Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса,   баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.


Доп. Алақандар  бір-бірімен жабысады (доп пішінін жасайды)

Гүл. Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады,  Саусақтар ашылады.

Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:

Саусақтар шынжыр болады

Үзілмейді тартсаңда.

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

VIII. Үй жануарларының төлдерін тап.

Түлкі-түлкіше

Қоян-көжек

Қасқыр-бөлтірік

Аю-қонжық











IX. Бағалау.

Шымкент қаласы Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 мектеп- интернатының

Дефектологы Турлыбекова Г.С





.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі