15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қазіргі замандағы денсаулық сақтау инновациялық технологиялары».
«Қостанай қаласы әкімдігінің
Білім бөлімінің
Қостанай қаласы әкімдігінің
№ 13 бөбекжай - бақшасы»
МКҚК
Эссе
«Қазіргі замандағы денсаулық сақтау инновациялық технологиялары».
Жазған: тәрбиеші Омарова Қымбат Спабекқызы
2017 жыл
Қазіргі замандағы денсаулық сақтау инновациялық технологиялары.
«Әр қазақстандық үшін басты құндылық – өзінің денсаулығы»
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазіргі кезде қоғамның өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттілігін айтқанындай, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті, салауатты өмір құндылықтарын енгізу − біздің міндетіміз. Сондықтан бала денсаулығын нығайтып, психологиялық сақтандыруды жүзеге асыру және оның насихаттау шараларын белсендірек жүргізу балабақшадан басталғаны абзал.
Бала мен тәрбиеші, бала мен ата-ана, бала мен дәрігер қарым-қатынасының үрдісі кезінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу - шынықтырудың, коррекциялық, профилактикалық әрекеттердің тұтас жүйесі. Денсаулықты сақтау технологиясының мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаға денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, салауатты өмір салты бойынша керекті білімділік, біліктіліктерді қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Адам денесінің саулығы табиғат сыйы емес, ол мақсатты түрде қалыптастыру нәтижесі. Ал бала денсаулығының шымыр болуына отбасы, балабақша жауапты.
«Бала нанмен емес, қуаныш – шаттық пен өседі» дегендей эмоционалдық сезім әрекетінсіз баланың отбасы мүшелерімен, құрбы – құрдастарымен, үлкендермен, қоршаған ортамен де байыпты қарым – қатынас жасауы мүмкін емес. Баланың әр күні отбасында ұйқыдан оянған сәтінен басталып, әр күннің сәттілігі, көңіл күйінің ашық – жарқын, жайдары болуы ертеңгілік сәлемдесуден басталып, бой жазу жаттығулары, шынықтыру шаралары, дұрыс ас қабылдау сәттерімен жалғасын балабақшада табары сөзсіз. Балабақшаның ең басты міндетінің бірі – бала өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, нығайту мен жан – жақты дамуына қамқорлық жасау, оның табиғи қимыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұолайлы жағдай жасау болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Балабақшада шынықтырудың дәстүрден тыс технологиясын қолдана отырып бала денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын ұстану бейімділігіне баулу – басты міндет. Сауықтырудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін қолдану, мектеп жасына дейінгі мекемеде денсаулық сақтауға және нығайтуға тұрақты жағымды мотивация қалыптастыра отырып денсаулық қиындылықтары және салауатты өмір салтын сабақтың мазмұнына енгізуді мақсат еттік. Тәрбиешілер мен балалар, балалар және ата – аналар, ата – аналар және тәрбиешілер арасында белсенді іс – әрекет жасауға жағдай тудырып, балада денсаулық мәдениетін қалыптастыруға отбасын тарту жошлға қойылды. Тәрбиешілер өзін – өзі жетілдіруге, кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік жасалды. Мектеп жасына дейінгі балаларға денсаулық сақтаудың дәстүрлі емес әдістері техникасын (бассейнде жүзу жаттығулары, тренажерда жаттығу, өзіне – өзі нүктелі массаж жасау, сенсорлық кілемшелерде жүру, ритмикалық жаттығу, дыбыстық дем алу жаттығулары) меңгереді. Баланың дене түзілісінің дұрыс қалыптасуына, дамуына, денсаулығының нығаюына жағдай жасалып, өмірде, іс – әрекет барысында белсенділік, балабақша ісіне қажкт қасиеттерді (шыдамды, төзімді, епті, шапшаң, сабырлы, ұстамды, күш – қуат) қалыптастырады.
Сауықтыру – педагогикалық бағыттағы ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жақсы эмоциялық ахуал орнығады. Балалардың, ата – аналардың әлеуметтік белсенділігі артып, отбасымен демократиялық тәсілде жұмыс жасау қалыптасады. Тәрбиешілердің салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға, өзін – өзі жетілдіруге, өзін – өзі тануға, өзін – өзі дұрыс қабылдауға даярлығы артады.
Елдің келешегі бала денсаулығының басты кепілі салауатты өмір салтын қалыптастырумен сабақтас: жас ерекшелігіне сәйкес адамның өсіп дамуы, дене мүшелері денсаулығы, оны сақтау, шынықтыру, аурудың алдын алу шаралары; тамақтану жеке бастың тазалығын сақтау, күн тәртібін дұрыс пайдалану; табиғи қоршаған ортамен тығыз байланыста болу.
«Денені шынықтыру – ауруды тұншықтыру». Адам өзінің күнделікті тіршілігіне, еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің дұрыс қалыптасып өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді. Мектепке дейінгі мекемеде баланың өмірлік іс - әрекеті әртүрлі нысанда және түрлі әрекеттер көмегімен денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған болу керек. Қазіргі уақытта бұл кешен «денсаулықты сақтау технологиясы» деп аталады. Тәрбиелеу –сауықтыру, түзету және алдын алу шаралары біртұтас жүйе ретінде сабақтастық үрдісінде жүзеге асады. Сонымен қатар бала тамағының жақсы болуы, құндылығының артуы міндеттердің бірі болып есептеледі. Бала ағзасының таза әрі денсаулығының жақсы болуы тамақтануға, күнделікті қолданатын тамақ құрамында қажетті дәрумендердің көп болуына, тамақ түрлеріне байланысты. Бала ағзасы өскен сайын өз қажетінше дәрумендер алуы қажет.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытым біліп, ата –анамен тығыз қарым – қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанды ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді. Әрбір ата-ана өз баласының денсаулығы мықты, қайратты азамат болып өсуін қалайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі бала денсаулықтарын нығайтып, психологиялық сақтандыруды жүзеге асыруда балабақша мен отбасы бірлесіп жұмыс жасау қажет.
-Балалардың дене сымбаты сақталады;
-Денсаулық ең басты құндылық екенін түсінеді;
-Баланың бағдарламаны игеру деңгейі өседі;
-Көңіл - күйлері көтеріліп, қызығушылық қабілеттері артады;
-Санасында өмірге деген құлшыныс, өзгені сыйлау сияқты адамгершілік қасиеттері дамиды;
-Үлкендер және өз қатарындағы құрбылармен іскерліктері шыңдалады;
- «Өз денсаулығым өз қолымда» түсінігі қалыптасады.
Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі жұмысын жоспарлаған кезде тек қимыл – қозғалысты ұйымдастыру, жалпы дамыту жаттығуларын орындау емес, ең бірінші ұйымдастырылған оқу қызметінің әр бөлімі баланың жүрек соғуының ықшамдығына сәйкес жоспарлануы қажет. Денетәрбиесі тек жүктемелі қимыл – қозғалыс емес, ол - қимыл – қозғалыс пен демалуды алмастыру. Себебі топтағы барлық бала бірдей емес, біреуі жиі ауырады, кейбіреуі қауіп – қатер тобында тіркелген, сондықтан барлық балалармен бірге берілген жүктеме оларға мөлшерден тыс болуы мүмкін. Осының негізінде дәрігердің қатысуымен балаларды топқа бөліп дене тәрбиесін ұйымдастыру дұрыс болады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне , дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл - әрекеттеріне негізделген. Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың ақыл - ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік қасиеттер де қалыптасады, балалар ойын кезінде рольдерге бөліседі, ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты бір – біріне лақтыру, ұзындыққа секіру , гимнастикалық қабырғаға өрмелеп мініп түсу; гимнастикалық скамейка үстінде тепе – теңдікті сақтап жүруге үйретеміз.
Денсаулық
сақтау технологияларында сауықтыру
бағыты бойынша ерекше принцип -
даралық
принципі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы
заңдылықтары негізінде жүзеге асырылады.
Балаға
шамадан
тыс талаптар мен тапсырмалар берілгенде
ағзадағы жағымсыз әсерлер пайда
болады.
Ол
денсаулық
сақтау технологияларын қолдануда жас
және жеке қабілеттері ескеріледі.
Балалармен дұрыс тыныс алу жаттығулары, мұрын мен кеудесі, ішін толтыра тыныс алу жаттығулары, демін ұстау, шар үрлеу, ойыншық үрмелі аспаптар, шырша жарығын үрлеу, сонымен қатар жел, боран, табиғат көріністерін ойын түрінде қолдану тиімді. Тәрбие, сауықтыру, шынықтыру іс – шараларын шығармашылықпен түрліше ұйымдастырып өткізген дұрыс. Сонымен қатар кез – келген дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінің соңында бала міндетті түрде дәрігердің ұсынысы бойынша ауа ваннасын қабылдау, суланған мата үстімен жүру, дымқыл сүлгі, қолғаппен кеудесін, арқасын сүрту, аяғын жуу сияқты су процедураларын қабылдау қажет. Себебі қимыл – қозғалыс кезінде теріден зиянды заттар бөлінеді. Мұндай табиғи ортаны жүйелі түрде пайдаланудың денсаулық үшін үлкен маңызы бар.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата – анасының мақтанышы, дені сау етіп өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алып келеміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген