400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазіргі замандағы тапшы әрі табысты мамандықтар.» ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру,өз өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу; қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Психология

Тақырыбы: Қазіргі замандағы тапшы әрі табысты мамандықтар.

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру,өз өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу; қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, тақырыпқа сәйкес әзірленген суреттер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

«Тізбекті үзбе» ойыны.

Қатысушының бірі мамандықты айтады, келесі оқушыаталған сөздің соңғы әріпінен басталатан мамандықты атайды.Мысалы: мұғалім - медбике.

Сергіту сәті:

Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал - мәтелдер біледі?

«Аниматор» суретке жан бітіруші.

«Витражист» көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар.

«Декоратор» түрлі мекемелерді ,ғимараттардың ішін әсемдеуші.

«Интерьер дизайнері» үйіміздегі немесе кеңсеміздегң жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар.

-Өз еліміздегі ЖОО-ға жалпы сипаттама беретін болсақ, статистика агентігінің мәліметі бойынша қазір елімізде 148 ЖОО бар,оның 52-сі Алматыда орналасқан. Университеті көп өңірлер қатарына Қарағанды (13), Астана қаласы (12), ОҚО(10), ШҚО(10) кіреді.

Елімізде айырықша мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындар(ұлттық):

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Алматы.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті.Алматы.

Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.Алматы.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.Алматы.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.Астана.

«Жағдаяттық сұрақтар».

  1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің.

  2. Ата анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата анаңның шешіміне қарсы боласың ба?



«Бұл кім » кәсіби бағдар ойыны.

Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіні туралы өз ойларыңды жеткізесіндер.

Мына жалған дүниеде қалың қалтаны, бақуатты өмірді, шіріген байлықты армандамайтын адам кем де кем. Ақшаның көктен жаумайтындығын да жақсы білесіз. Бай боламын, табысқа жетемін десеңіз белгілі бір кәсіптің қожайыны болу керек екендігіңіз тағы бар. Бүгінгі жазбамыз да дәл осындай, табыспен табыстырар мамандықтар туралы болмақ. 1776 жылы Адам Смит өзінің "Халықтардың табиғаты мен баю себебі жайлы зерттеу" атты классикалық туындысында: "Әлемдегі ең қауіпті және тәуекелді талап ететін, солай бола тұрғанмен ең табысты мамандық - бұқпа саудагер (контрабандист). Бір сәтте байып шыға келуіңіз немесе тақыр кедей атануыңыз мүмкін" деп жазған екен.

Ал қазір ше? Қазіргі заманғы мамандықтар қандай күйде? Назар аударыңыз! 10-орын. 

Қолайсыз мамандық ретінде зергерлікті атауға болады. Әрине, әшекей бұйымдардың бағасы өте қымбат екендігін жоққа шығармаймыз. Оны жасауға кететін материалдар да соншалықты қымбат болғандықтан байып кетуіңіз екі талай дер едік.

9-орын. Кейде қасапшылардың қалтасының қалындығына қарап аузымыздың суы құрып жатады. Асықпаңыз! Адамдар күніге бифштекс үшін айтарлықтай қаржы жұмсайтын шығар, бірақ қасапшылар да етті қолға түсіру үшін елеулі қаржы жұмсайды.

8-орын. Заңгер! Айтыңызшы, өміріңізде бір рет болсын заңгер болсам - бай боламын деген ойға жолап көрмедім деңізші?! Қателесесіз. Заңгер болу үшін көп еңбектенуіңіз керек, бірақ біздің елде сізді қанағаттандыратын бағаны төлей алатын тұрғындардың жоқ екендігін, қазір елімізде екінің бірі осы мамандық иегері екендігін естен шығарып алдыңыз. Қазақстандық құқық зерттеушісі үшін орташа еңбекақы – 123 704 теңге, өте жақсы маман үшін – 519 557 теңге. HR-зерттеулерге сәйкес, бұл салада аз да болса, өсу байқалады. Бірақ, АҚШ-та адвокат сағатына 50$-дан 600$-ға дейін алады. Сондықтан, шетелде заңгер болам десеңіз бір бөлек әңгіме.

7-орын. Шетелдегі кеңесшілер (консультант) сағатына 100-200$, дизайнерлер 20-70$ табады. Ескеріңіз, кеңесші - сауда орталықтарында "сізге көмек керек пе?" деп жабысатын кісі емес. Кеңесші - кез келген жағдайда тиімді кеңестер ұсына алатын белгілі бір саланың білгір маманы.

6-орын. Депутаттыққа немесе президенттікке кандидаттардың сайлау алды науқанын жүргізуге арналған штабтардың алдыңғы қатарлы саясаттанушысы болсаңыз өте қолайлы болмақ. Сондай-ақ, жеке психолог болудың да тиімділігі жоқ емес.

5-орын. Келесі бір ауқымды жалақы алатындар - ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласының мамандары екен. Сала бойынша орташа еңбекақы – 118 755 теңге, жоғары – 504 659 теңге. Мұнай-газ салаларының мамандары үшін орташа бір айлық еңбекақы – 197 926 теңге, ал жоғарысы – 3281 643 теңге.

4-орын. Шоу-бизнес әлемінде продюсер болудың да пайдасы жоқ емес. Ол үшін сізде жұмыс тәжірибесі және таныстарыңыз көп болуы керек. Екеуінен мақұрым болсаңыз ақша туралы армандамай-ақ қойыңыз.

3-орын. Бағдарлама жасаушылар, админстраторлар, қаржы саласының кеңесшілері, инженерлер, байланыс қызметкерлері де жаман табыс таппайды. Ал маркетинг, жарнама және PR бойынша мамандардың еңбекақыларының орташа деңгейі – 108 857 теңге, жоғары – 716 656 теңге.

2-орын. Сауда-өнеркәсіптік холдингтің бас директоры немесе қаржы директоры болсаңыз жаман табысқа кенелмейсіз. Кәсібіңіз мұнай және фармакология саласына қатысты болса тіптен жақсы. 1-орын. Ал әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көшбасшылық танытып тұрған - жеке фирма басшылары екендігіне таңырқамайсыз деп ойлаймын.

Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі