жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ЭЛЕКТРОНДЫ САЙТ ЖАСАУ»
«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ЭЛЕКТРОНДЫ САЙТ ЖАСАУ»
Б.К. Турлыбекова1, техн. ғыл. бакалавры,
Н. Ділдабаев1, студент
Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі, Шымкент қ.
Байланыс е-mail:
Берілген мақалада желі туралы түсінік, қашықттықтан оқыту мүмкіндігі жалпы қойылымы келтірілген.
Түйін сөздер: интернет, қашықтықтан оқыту, қолданылған тәгтер
Қазіргі заманда қашықтан оқыту дүние жүзіндегі білім берудің кең таралған түріне айналуда. Университеттер және колледждер желілерінде алыстан білім беру әдісімен оқитын студенттер шет елдерде жүріп те сабағын жаба алады. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы құрылған, ал онда 1998 ж. Дүниежүзілік Тарату Университеті үш елде Ресейде, Қазақстанда және Бельгияда тіркелген. Электрондық оқулықтарды практика жүзінде қолдану, студенттердің берілген матриалдарды сапалы түрде қабылдауы, оған дәлел тестілеу нәтижелерімен белгілі. Сонымен, ақпараттық технологиялардың дамуы білім саласында жаңа әдістер ашу үшін кең мүмкіндіктер береді және соған қоса оның сапасын арттырады [8].
Jupiter Media Metrix компаниясының алған нәтижелері бір жағдайды дәлелдейді, ол жүйе көптеген американдықтардың күнделікті өміріне енгізілген. Анықтаулардың нәтижесі бойынша, сайтты көптеп қолданатын – балалар, соның ішінде олар білім ресурстарына жүгінеді. Jupiter Media Metrix-тің дәлелдеуі бойынша бұл білімге қызығушылықтың артуы, өйткені білім алу көзі көбіне интернет болып отыр.
Online Learning Magazine компаниясының зерттеулерінің көрсетуі бойынша, жеке жұмыс үшін «электрондық оқу» технологиясын қолдану, мекемесінің саны 2000 жылы 16% - дан 2001 жылы 24% - ға дейін өсті. Сонымен қатар бұл дәстүрлі курс 2000 жылы және 2001 жылы да жақсы нәтижелер көрсетіп және білім алушылардың негізі болып саналды, бірақ ол 65%-дан 57% - ға дейін кеміді [1].
E - Learning жүйесі білім алушыларға кез келген уақытта, кез келген жерде ыңғайлы әрі оқу жүйесі жаңа технология жүйесіне негізделген, бірақ оқу жүйесі оқытушыларға емес, білім алушүыларға негізделген. Алған мәліметті күнделікті графикке енгізуге болады. Ал бұл үлкен адамдар үшін өте ыңғайлы.
Forrester Research: қазіргі кезде жаңа бастаған білім алушылардың 70% - ы курсты толық аяқтамайды. Qed Consulting тәжірибесі, оқу бағдарламаларын ХХІ ғасыр үшін «қайта құру» керек деп санайды [1].
Online Learning журналы өздерінің оқырмандарының арасында қызығушылық тудырған электронды оқу туралы жайында сұраулар жүргізді. Жүргізілген сұраулар нәтижелерінің қорытындысы бойынша мекеменің 44% - ы электронды оқудың ақысы жоғары екендігін дәлелдеді. Оқудың жаңа әдістемесін (методикасын) қабылдауға, жетекшіліктің кедергі келтіретінін айттып көрсетті.
АҚШ - та да американдық білім беретін орталықтарында оқу жоспарын құру кезінде қашықтықтан оқу әдісімен дәстүрлі оқудың арасында белгілі арақашықтық сақтауға мәжбүр. Қашықтықтан оқу әдісінің үлесі жалпы алғанда 50% - дан аспауы тиіс.
Республикандық Johnny Isakson Сенат (мәжіліс) қарауында бұл шектеуді алып тастауға ұсыныс жасады, студенттердің білім алуға 12 - сағат қатысуын талап етті. (Студенттерден аптасына 12 сағат қатысуын сұрады). Егер бұл шектеу алынып тасталса, онда қашықтықтан оқу білімі дәстүрлі оқумен тең болады [11].
Ресейдің өз проблемалары бар. 2002 жылы 26 маусым айында Білім министеріндегі барлық басшылар және мемлекеттің басты оқу орындарындағы ректорлар 5 жылдан бері қашықтықтан оқу нәтижесін талдап келеді.
IDC компаниясының зерттеуі бойынша, европа нарығында қашықтықтан оқу көлемі 2005 жылы $6 млрд. құрайды. Тек 2001 жылы қашықтықтан білім алу көлемі 126% - ке өсті. 2005 жылы жасалған қызмет көлемінің төртінші бөлімінде жоғарғы технологияда оқу онлайн түрде көрсетіледі [11].
Мұндай білімнің негізгі танымалы Нидерландияда, Швеция және Англия да қолданылады, бұл мемлекеттерде интернет соншалықты таралған және мұндағылардың көпшілігі ағылшын тілін меңгерген. Оңтүстік Европа мемлекеті бұл жағынан қалып келеді [12].
2005 жылға дейін контенттік білім және қызметіне сұраныс өсіп келеді. Мұнда Европалық мекемелер қашықтықтан оқу жүйесіне деген шығынды азайтады, қашықтықтағы білім сапасының қатары қаншалықты көтеріледі, жаңа курстың жоспары жасалады, оларды әкімшіліктендіру және қолдау.
Интернет арқылы қашықтан оқу жүйесінде мынадай мемлекеттер үлгеруде – Канада және Исландия сияқты, себебі олар коммуникациядағы физикалық жағдайға, қатаң климатқа және қашықтыққа қарамастан әзір болғылары келеді. Бұл мемлекеттердің оқу жүйесі University of the Artic-ке кіреді, 31-ші университет желісі, Солтүстікке жақын орналасқан, әлемдегі ең салқын мемлекетке жатады, қашықтықтан оқу үрдісінде иинновациялық жобаға мүмкіндік берген.
Австралия – қазіргі уақытта электрондық оқыту жүйесінен Тынық мұхит аумағындағы бұлдыр (Японияны қоспағанда), бірақ 2005 жылы бұл облыста Қытай және Корея басқарады. Қытай және Корея қазіргі уақытта электронды оқуды қолдануда жылдам жоғарылап өсті және 2005 жылы барлық қытай және корей фирмаларының 10% - і е - Learning қолданады.
Қытай білім министернің жоспарының келісімімен, 2005 жылы қытайдың жоғарғы оқу орындарының студенттері интернет-сервис білімдерін қолданушылар 5 млн. болады. Қазіргі уақытта Қытайдың 250 мың тұрғыны интернет арқылы білім алуда. Бұл аумаққа көбіне қалталы компаниялар кіріп отыр. Азиядағы барлық қалталы мекемелердің 40%-і е - Learning-ті пайдаланады. Дайындаушылар мен дистрибуторларда е - Learning-ді қолдануда.
Docent – онлайындық білім үшін программалық қамсыздандыруды өңдеуші. Осы жылы Япониядан елшілік ашты. IDC бойынша, Япония нарығында онлайндық білім көлемі 2001 жылы $1 млрд, ал 2004 жылы $2,2 млрд - қа жетті. Қазіргі уақыта Docent япондықтар үшін программалық жабдықтандырудың және үлкен бірлестіктің нарығына айналды, қызметтестердің онлайндық оқудағы сұраныстары локальдық желіні пайдалануы болып отыр.
Hyperwave компаниясы, білімді басқару және білім беру үшін программа жүйесі Compag Global Services компаниясымен жасалған қызметтестік келісімді бекітті. Hyperwave және Compag Global Services компаниялары білімді басқару жобасын және нарық үшін жүзеге асыруды көздейді. Hyperwave және Compag Global Services электронды оқу құралдарын және білімді басқаруларын Европа және Солтүстік Америка жерлеріне жөнелтуде.
Datatel компаниясы, жоғарғы оқу орындарында білім беруді жақсартумен айналысатын, WebAdvisor 2.0 шығуын хабарлады. Бұл желі жүйесі, студенттерге, оқытушылар құрамына және әкімшілік тіркеуге қатысуға, бағалауға, материалды ауыстыруға, кеңес беруге және т.б. физикалық шектеуге тәуелсіз, желі арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік береді [13].
PlaNet Software компаниясы - білім орындары үшін программалық қамсыздандыруды өңдеуші. PlaNet Manager Partal Edition өнімдерін шығарды. Мұндай жаңа шешім білім мекемелері үшін және курс жүргізушілерге интернетпен жұмыс жасауда толық мүмкіндіктерін және жақсы басқару жүйесін бірнеше апта ішінде жіберді.
PlaNet - Finance компаниясы, мекемелердің желіге қосылуын мамандандырады, өзінің жаңа білімдегі интернет-платформасын, жиі-жиі ресурстарының жетіспеушілігінен яғни компанияларға педагогикалық және функционалдық көмек көрсетеді.
PlaNet - Finance өз жұмысында екінші этапқа ауысады, АҚШ-тық Docent онлайндық білім компаниясы мен онлайындық PlaNet University университетінің бірігуімен ұйымдастыру, өз тыңдаушыларын программамен және жаңа технологиялық әзірлеуде ағылшын және француз тілдерінде 14 оқыту құралын жасады [8].
1 қыркүйек 2004 жылдан бастап қашықтықтан оқып білім алуды Мәскеу мемлекеттік арнайы университеті ұсынады (МГСУ). Бұл маңайдағы тұрғындар МГСУ - мен үйдегі компьютер арқылы да қосылып оқи алады.
Газетте айтылғандай, әдістемелік жәрдемақы орталығы тек қолданыстағы кітаптар мен лекцияларды басып шығарады, яғни қазіргі таңда МГСУ студенттері оқып жатқандай орталық аймақ әр түрлі сайттармен жұмыс жасайды, яғни қашықтықтан оқу түрін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар.
Интернет беттері үш түрге бөлінеді, бірінші тек лекция, екінші студенттер оқытушының, диктордың, яғни лекция оқитын адамдардың түрін бейнеролик арқылы көре алады, үшінші әр түрлі лекцияға сәйкес суреттер, сызбалар мен кестелерді, слайдттарды қарай алады. Жүйелік программалық жабдықтау ретінде Microsoft компаниясының – Windows операциялық жүйесі алынған.
Қолданбалы программалық жабдықтау – программалық өнімді жүзеге асыратын программалау тілі.
Web-парақтарын жасау үшін, HTML белгілеу тілі мен PHP және мәліметтер базасын басқару үшін MySQL тілі қолданылады.
Әр есепке құралдар таңдағанда шебер ең ыңғайлыларын таңдауға тырысады, солардың ең танымалдарын қарастырайық.
Интернеттің басты программалау тілдері мыналар: JavaScript, PHP, VBScript, ASP, Perl, Java, XML және ColdFusion.
Интернеттің программалау тілдері клиент жағында (client side scripting language) қолданылатын және сервер жағында (server side scripting language) қолданылатын болып бөлінеді.
Клиент (сайтқа кіруші) жағында жұмыс істейтін программаның коды сайтқа кірушінің компьютерінде, қолданушының компьютерінде іске қосылған браузерде орындалады (Internet Explorer, Opera, Netscape, Firefox және басқа). Бұл код JavaScript және VBScript тілдерінде жазылады.
Сервер жағында қолданылатын программа өзі жасаған HTML конструкциясын қояды және клиентке берілмейді, яғни, қолданушы беттің кодын көрседе, HTML фрагменттерін құрастырған кодты көре алмайды.
Мамандардың ойынша, қашықтықтан оқу сырттай оқудан тиімді. Бұлай оқу жоғарғы білім алғысы келетін, бірақ кейбір жағдайларға байланысты. Мысалы: денсаулығыңа байланысты үйінен шыға алмайтындар үшін қолайлы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Назарбаев Н.Ә. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз // Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. -60 б.
Хайцева Л.Б. Электронные ресурсы и их использование специалистами библиотечной среды // Научные и технические библиотеки, 2006. – №3 –. 21-26 б.
К.Б.Есекеев, Г.Қ.Нұрғалиеваның редакциясымен. ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал. -Алматы: 2007. -136 б.
Компьютерная технология обучения: Словарь-справочник / Под редакцией В.Ю. Гриценко, А.М. Довгялло, А.Я. Савельева - К.: "Наукова думка", 1992.
Б.Бөрібаев.,Мадьярова Г.А. Web-технологиялар: Оқулық. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -360 б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген