Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Қазіргі заманғы мамандықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үлкен Нарын ауылдық лицейі» КММ







Тақырыбы:


«Қазіргі заманғы мамандықтар»

«Өмірден өз орныңды таба біл!»


(сынып сағаты)






Сынып жетекшісі: Б.Б.Базилханова

Сынып: 11 «А»






2024-2025 оқу жылы


Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өмірден өз орныңды таба біл»

Мектеп: «Үлкен Нарын ауылдық лицейі» КММ

Педагогтің аты-жөні:

Б.Б.Базилханова

Күні:

14.10.2024

Сыныбы: 11 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қазіргі заманғы мамандықтар»

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

Көрнекілігі:

интерактивті тақта, слайдтар

Әдісі:

тренингтер, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Оқулықпен жұмыс.

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5мин





















10мин












І.Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау, 1-2 топқа бөлу

ІІ.Негізгі бөлім

1. Тренинг. «Сенің жақсы қасиетің». Бір-бірімізге тек қана жақсы касиеттерімізді айтайық. Шарты: бір сөз екінші қайталанбауы тиіс.

Мысалы: - Арай, сен әдемісің

- Рахмет. Алдияр, сен өнерлісің. т.с.с.

2. Тақырыпқа кіріспе. Слайдпен Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан. (А Құнанбаев)

3. Сұрақ-жауап.

  • Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?

  • Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты қозғаймыз деп ойлайсыңдар?

Әрине, біз мамандықтар туралы сөз қозғаймыз.

4. Заманауи мамандықтарға жалпы шолу

Еңбек нарығының өзгеруі: технологияның әсері, автоматтандыру.

IT және цифрлық технологиялар саласы: бағдарламалаушы, веб-дизайнер, киберқауіпсіздік маманы, мәліметтер сарапшысы (Data Scientist).

Медицина және биотехнологиялар саласы: генетик, биоинженер, нейрохирург.

Экология және тұрақты даму саласы: экологиялық сарапшы, жаңартылатын энергия көздері маманы.

Креативті индустриялар: графикалық дизайнер, продюсер, цифрлық контент жасаушы.

Болашақтың мамандықтары: жасанды интеллект инженері, робототехника маманы, VR/AR дизайнері.

Оқушылар сәлемдеседі, топқа бөлінеді.

Бір-бірінің жақсы қасиетін атап, сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.
















Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима қағаздар

Сабақтың ортасы


15мин







5мин




5. Топтық жұмыс

Оқушыларды 1-2 топқа бөлу (әр топқа белгілі бір сала беріледі: IT, медицина, экология, креативті индустриялар).

Тапсырма: Берілген саладағы қазіргі және болашақ мамандықтарды зерттеп, оларды қысқаша таныстыру.

Әр топ өз тақырыбын постер арқылы қорғайды.

6. Тренинг. «Мамандықтар тізбегі» 1-2топ оқушылары орнында тұрып шағын шеңбер құрайды.

Шарты: Мұғалім бастап бір мамандықты айтады. Ойыншылар сол мамандықтықтың соңғы әрпінен басталатын мамандық айтады. Мысалы: Бухгалтер – режиссер – ревизор – радиотехник – конструктор

1топ оқушылары: «Медицина» және «Креативті индустриялар»

2 топ оқушылары: «IT және экология» салалары бойынша мамандықтарды зерттеп, оларды қысқаша таныстырады.







Ойынға барлық оқушы белсенді қатысады.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды:

ДК экраны


Сұрақтар топтамасы, дайын материалдар жинағы, плакат, түрлі-түсті маркер

Сабақтың соңы



10мин

7. Сабақты қорытындылау.

Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктерге кіреді: (слайдтан көрсету)

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан. Оқушыларға кеңес! (слайд)

Талқылау: Қандай мамандықтар қызықты болды? Неліктен?

8. Қорытынды. 

Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін,

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана, білім мен өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл, адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет адамдыққа сенемін – дегендей ел үмітін ақтайтын парасатты мамандық иесі болыңдар дей отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет , қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар заманауи мамандықтар туралы жалпы мәлімет алады.

  • Болашақ мамандық таңдауында негізделген шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастырады.

  • Оқушылардың сыни ойлау және топта жұмыс істеу дағдылары дамиды.

Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері мен болашақта қандай мамандық таңдауға ниетті екендіктері жайлы «Whats App» желісі арқылы кері байланыс жүргізу.

  • Бүгінгі сабақта ... түсіндім.

  • Сабақта ... қызықты болды.

  • Алған білімім ... қажет

9. Үй тапсырмасы

Әр оқушы өз таңдаған мамандығы бойынша шағын эссе жазу (таңдаған мамандықтарының болашақтағы маңыздылығы, қандай білім мен дағдылар қажет болатынын сипаттау).

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды:

Слайд












7САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТЕ БІЛУ»

Сабақтың мақсаты: табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.

Негізгі міндеттері:

  1. төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру;

  2. «жеті жұт» деген ұғыммен танысу;

  3. төтенше жағдайларда әрекет ете білу ережелерімен таныстыру.

Сабақтың барысы

    1. Кіріспе (2 мин)

Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар», – деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарт.

Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен.

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Бұл – оның мәдениетті, әрі тәрбиеліел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не? Құрғақшылық (қуаңшылық), Жұт (мал қырылу), Өрт, Оба (ауру), Соғыс, Топан су, Зілзала (жер сілкінісі).

    1. Негізгі бөлім (6 мин)

Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, жан сақтап қалуға мүмкіндік жасау керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз. (Интерактивті тақтадан «Төтенше жағдай» атты презентация көрсету)

Топтық жұмыс: «Біздің түсінігімізде» постерін қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізеді.

  • Төтенше жағдай дегеніміз не?

  • Төтенше жағдайдың түрлері және сипаттамалары?

  • Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?

    1. Қорытынды Пайдалы сілтемелер:

https://youtu.be/tAhDCJC0Ttc?si=IBfvcpWxZl_t9moS https://youtu.be/LF-svPIBQVw?si=OECgGeLiP_frsUj0 https://youtu.be/VjbLbO0uHIA?si=7viGekCfmv36Q5jV https://youtu.be/tApoEyYn2FE?si=DHdS5Xidrv5A8rJ1 https://youtu.be/DY3DRxWokn8?si=W3rUjZA2AHnxn6Dp



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.01.2025
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12