400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі заманғы мектептегі мұғалімнің рухани адамгершілік құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани адамгершілік тәрбие берудегі адам бойындағы құндылықтарды қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудандық семинар тақырыбы:

«Қазіргі заманғы мектептегі мұғалімнің рухани адамгершілік құндылықтары»

Мақсаты: Рухани адамгершілік тәрбие берудегі адам бойындағы құндылықтарды қалыптастыру.

Міндеттері:
- Мұғалім бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерді дамыту;
- Мұғалім рухының жоғары болуын және өз ісіне адал, шыншыл, шынайы берілудің маңызын түсіндіру
;

Жүргізуші:

Қайырлы күн!, Құрметті әріптестер! «» атты семинарға қош келдіңіздер! «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы Сара Алпысқызы:

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»- деген екен. Сондықтан осы семинарымызды «Әр адамның бойында шырақ бар, тек оны жандыра біліңдер»- деген Сократтың сөзімен бастағым келіп отыр.

«Сәлемдеме беру» ойыны

Шарты: Мұғалімдер әуен қосылған сәтте музыкамен билейді. Әуен мұғалім қалтаның ішінен бүктелген қағазды алып, соның ішінде жазылған тапсырманы орындайды. Әр қағазда бір құндылықты көрсету тапсырмасы болады. 

Миға шабуыл: Әлемдегі ең құнды нәрсе не деп ойлайсыздар?Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый

Ақиқат
Дұрыс әрекет
Сүйіспеншілік
Тыныштық
Қиянат жасамау

Ақиқат-құндылықтың түп тамыры.

Үнемі- түп тамырды сүйіспеншілікпен суарып отыру керек. Ақиқатпен жүріп әр затқа сүйіспеншілікпен қарайтын болсақ, дұрыс әрекет болады.

Дұрыс әрекет болса ішкі жан дүниемізде тыныштық орнайды. Ішің тыныш болса ешкім қиянат жасай алмайды. Бүршігін береді.

Бұл құндылықтар өзара бөлінбейді. Бір-бірімен тығыз байланысты.

«Мен кіммін, Мен қандаймын» жаттығуы. Ақ парақтың бір бетіне өзінің кім екенін жазу. Екінші бетіне бойындағы құндылықтарды жазу.

Көрініс
«Іс-әрекет айтылған сөзбен сәйкес келу керек пе?»

Әрбір бала- керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмытылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінен- ақ пайда болады, Сондықтан да кез- келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі.
Ш.Амонашвили

«Уақыттың құндылығы» 10 сынып оқушысы Азимбаева Арайлым

Жағымды ойлар» ойыны

Шарты: Бұл іс-әрекетке барлық мұғалімдер қатысады. Әр мұғалім түрлі-түсті стеикерлер алады. Сол стеикерлерге өздерінің бойындағы ең жақсы қасиеттерін, тілектерін жазып, стеикерлерді «Көңілді смайликке» жапсырылады.

Бейнеролик: «Условия достижения успеха» Фильм Чародеи

Жиналыстың қорытынды сәті:

Әдемі баяу ән.

-Бүгінгі семинарға уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Балалар, біздің болашағымыз, бақытымыз! Ендеше, осы балаларға жанды білім беріп, жағымды қасиеттерді бойларына сіңіре білейік, сонда ғана бұл әлем сақталып қалмақ!

«Әр баланың жүрегінде жарық бар, сол жарықты жандыра біліңдер»
Сократ

«Әр баланың көзінде жарық бар, сол жарықты көре біліңдер»

Ш. Амонашвили

«Баланы кешегі күнмен, кешегі проблемамен тәрбиелеме»

«Балалар білімді аңсайды, ол бірақ жанды білім болуы тиіс»

Ш. Амонашвили

«Жанды білім-ақиқат

Жансыз білім-аяқтағы ауыр тастай Сократ










2017ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі