жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазпқстанның рәміздері
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән:Дүниетану Мектеп: «Елтай атындағы орта мектебі Сарыбұлақ бастауыш мектебімен» КММ Ұзақ мерзімді жоспар : Мұғалімнің аты-жөні: Хасен Дания Даулетханқызы Бөлім: Тарих беттерінен Бөлімше: 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік Сынып: 1
|
|
Сабақ тақырыбы: |
Қазақстанның рәміздері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.3.5.1Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату. 1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілерін білу. |
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Рәміздер туралы түсініктері қалыптасады Көптеген оқушылар: Топтық жұмыс кезінде талқылауға қатысып,ойын дәлелді жеткізе алады. Кейбір оқушылар: Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдің рәміздерінен ажыратады.
|
Бағалау критерийі |
-Тәуелсіз мемлекетіміз туралы біледі -Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін таниды -Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелейді -Туды құрметтеуді үйренеді |
Тілдік мақсат |
Негізгі термин сөздер мен сөз тіркестері: ту,елтаңба,гимн,мемлекеттік рәміздер. |
Құндылықтарды дарыту |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетеді |
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек. |
АКТ қолдану дағдылары |
https://www.youtube.com/watch?v=mn4JJP7pZbU https://novom.ru/en/watch/jql3M5MXyHg https://www.youtube.com/watch?v=Syuqeziseow
|
Бастапқы білім |
«Мен қазақпын» |
Сабақ барысы
Сабақтың Жоспарланған Кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
Сабақтың басы 5минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Жоғары қарап күн көрдім, Төменге қарап жер көрдім, Оңға қарап,солға қарап Егеменді ел көрдім.
Өткенге шолуды «Лездеме сұрақтар» әдісі арқылы жүргіземін. 1.Қазақ батырларынан кімді білесіңдер? 2. «Жау жүрек мың бала» фильмінен не түсіндіңдер?
Ширату жаттығуы: Көк тудың желбірегені бейне жазба көрсетемін. -Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? -Бүгінгі сабақта не туралы болады деп ойлайсыңдар? -Қандай рәміздерді білесіңдер? Сабақ мақсатын хабарлау.
|
|
Сабақтың ортасы 20-25 мину |
(МТ) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті матадан жасалған.Оның ортасында 32 сәулесі бар күн орналасқан.Күннің астында көкте самғаған қыран құс бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста-ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген.ҚР мемлеккеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков.Ту идеясы тарихтан,ұлттық мәдениеттен алынған.Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшілік,тыныштық пен жақсылықтың нышаны болып есептеледі.
(Ұ) Оқулықтың 60- бетіндегі 1- тапсырмамен жұмыс: Суретпен жұмыс: Тапсырма: 1.Суретте бейнеленген заттардың барлығы қайда бейнеленгенін анықта. 2.Олардың әрқайсысы нені білдіретінін түсіндір.
Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау: дескриптор бойынша «Үш шапалақ» әдісімен бағалау.
(Ұ») Оқулықпен жұмыс:Оқулықтың 60-бетіндегі 1-тапсырманы саралау тәсілінің «Дереккөздер» әдісін қолданамын. Тапсырма: 1.Бұл суреттердің бәрі қайда бейнеленгенін анықта. 2.Олардың әрқайсысы нені білдіретінін ата.
Дескриптор: -суреттердің бәрі қайда бейнеленгенін біледі; -олардың нені білдіретінін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау: дискриптор бойынша «Үш шапалақ» әдісімен бағалау.
Оқулықтың 61-бетіндегі 2-тапсырманы видео ролик көру арқылы талқылау.
Сұрақтар:
Дәптердің 41-бетіндегі 1-тапсырманы «Сәйкесін тап» әдісін қолданамын. Тапсырма: 1. Суреттердің қайсысы еліміздің туында бейнеленгенін тауып,белгіле. 2.Бұл суреттер қай елдің туында кездесетінін ата.
Дескриптор: -суреттердің қайсысы еліміздің туында бейнеленгенін анықтайды; -бұл суреттер қай елдің туында кездесетінін біледі: Қалыптастырушы бағалау: дескриптор бойынша «Бас бармақ» әдісімен бағалау.
(Т) «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі бойынша «Жау жүрек мың бала» фильмінен үзінді көру. (Оқушылар мұғалім көмегімен фильмнен үзінді көріп,топта талқылайды,бөліседі) Тапсырма: І –топ: Музыканы зерттеу. ІІ-топ:Қолданылған декорацияны зерттеу. ІІІ-топ:Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бақылау. «Тусыз бірлік болмайды,елсіз ерлік болмайды» деген мақалдың мағынасын түсіндір. (Оқулықтың 61-бетіндегі мәтінді оқып, топ бойынша түсінгендерін айтады.) (Ж). Дәптердің 42-бетіндегі 40 жұмыс парағындағы тапсырманы саралау тәсілінің «Аяқталмаған сөйлем» әдісін қолданамын. Тапсырма:Қажетті сөздерді қойып,сөздерді көшіріп жаз.
Дескриптор: -қажетті сөздерді қоя алады; -сөздерді көшіріп жазуды біледі: Қалыптастырушы бағалау: дескриптор бойынша «Бас бармақ» әдісімен бағалау. Оқулықтың 61-бетіндегі «Сен білесің бе?» айдарын «Жеті жебе» әдісі арқылы қолданамын. МТ Абылай хан қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау замнда өмір сүрген.Ол он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан.Абылай ханның тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып,бір ту астына жұмылдырған.
(Т) «Ойланып,суретін саламыз» әдісін қолдану. Тапсырма: -өз сыныбыңның туын ойлап тап және суретін сал.
|
https://www.youtube.com/watch?v=mn4JJP7pZbU
Оқулық
Суреттер
https://novom.ru/en/watch/jql3M5MXyHg
https://www.youtube.com/watch?v=Syuqeziseow
|
Сабақтың соңы 5мин |
«Ақиқат,жалған» ойыны -Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді. -Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті. -Қазақстанның туында көгершін бейленген. Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі 1.Лондон олимпиадасында қазақтардың туы желбірегені жақсы әсер қалдырды. 2.Абылай хан үш жүздің басын бір тудың астына қосқаны әсерлі болды. 3.?? |
|
Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау тәсілдерінің ішінде «Үш шапалақ», «Бас бармақ», «Қарқын» тәсілдері жүзеге асты. Тапсырма тәсілі жүзеге асты. Оқушылар бір-біріне сурет бойынша сұрақ қойып,сол сұрақтарға жауап берді.
«Қарқын» тәсілі жүзеге асты. Бұл жерде оқушылар тапсырма орындауға уақыт берілді.
|
«Бас бармақ» «Үш шапалақ» «Қарқын»
|
Акт-ны қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтау.
|
Рефлексия
|
Бүгінгі сабағымда жоспарланған әдіс-тәсілдерді қолдандым.Сабақ барысында болған қиыншылықтарды келешекте түзетуге, одан әрі түрлендіруге тырысамын.Кейбір оқушыларда ғана тапсырманы орындауда қиыншылықтыр туындады. Сол оқушылармен жеке жұмыстар жүргіземін..
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген