400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚазҰУ – ғылым мен бизнес арасындағы шекараларды ашып, инновацияларды коммерцияландырушы алаң

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚазҰУ – ғылым мен бизнес арасындағы шекараларды ашып, инновацияларды коммерцияландырушы алаң
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚазҰУ – ғылым мен бизнес арасындағы шекараларды ашып, инновацияларды коммерцияландырушы алаң



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бүгінгі күні ғылым мен бизнесті біріктіретін интеллектуалды көпір рөлін сәтті атқарып келеді. Ғылыми жобаларды коммерцияландырып, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты азайтып, елдің инновациялық іргетасын нығайтуда ҚазҰУ-да жасалып жатқан шаралар туралы жақында ғана білім ордамыздың ректоры Жансейіт Түймебаевтың «Казправда» газетінде жарияланған мақаласында жарық көрген. Стратегиялық жоспарлардың сәтті жүзеге асып келе жатқандығында басқару психологиясының әсері қаншалықты екенін саралап көрейік.

ҚазҰУ даму жолында басқару психологиясының қандай құралдарын қолдануда?

ҚазҰУ-дың ғылымның алғашқы сатысы саналатын барлық магистратуралық бағдарламаларында «Басқару психологиясы» міндетті пән ретінде оқытылады. Университеттің бұл шешімі – кадрларды дайындау жүйесінде жұмсақ дағдыларды дамытуда жасалған стратегиялық қадамы. Оқу барысында студенттер көшбасшылықты тану, басқару стильдерін алмастырып қолданудың маңызын, ұйымда тұлғалардың рөлі мен оның жағымды психологиялық климатын қалыптастыру, іскерлік және мәдениетаралық коммуникация жүргізу мен конфликтілерді диагностикалау секілді практикалық маңызы жоғары тақырыптарды меңгеріп, тренингтік, теориялық сипатта сабақтар жүргізіледі. Мұндай дағдылар университет ішіндегі инновациялық экожүйенің де тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Аталған сабақтан меңгерілген дағдылардан бөлек, университеттің әртүрлі шаралар арқылы студенттен ғалымға дейін мансап жолындағы қолдауы ерекше. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» конкурсы, одан бөлек ғылымға үлкен үлес қосқан ғалымдарға жүлделі сыйлықтар арқылы, жыл сайын өткізілетін «Фараби әлемі» конференциясы, басқа да халықаралық ынтымақтастықтағы конференциялар студенттерді ғылымға тартуды мотивациялық шаралар арқылы іске асырады. FARABI HUB инновациялық орталығы – ұйымдастырылған акселерациялық алаң. Стартаптар мен ғылыми идеяларды жүзеге асыратын, оны коммерцияландыруда дөңгелек үстелдер, келіссөздер үшін іскерлік кездесулерді қолдайтын болашақ «Silicon Valley» саналатын инновациялық орталық бұл бағытта ерекше аталуы тиіс. Бұл платформаларда жобаларды қорғау, командалық жұмыс, шешендік қабілет, келіссөз жүргізу – бәрі тренингтер мен тәжірибелік жұмыстар арқылы жетілдіріледі.

«Ойталқы», «ҚазҰУ-дың инновациялық жобалары», «Көшбасшылық дәрістер», шетелдік профессорлардың дәрістері секілді медиажобалар университеттің білімгерлерімен ашық коммуникацияны сақтау, көзқарасын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған.

Халықаралық ынтымақтастық – мәдениетаралық менеджмент мектебі

Университеттің халықаралық байланыстары да басқару психологиясының кросс-мәдени құралдарын дамытуға мүмкіндік береді. Мамандыққа байланысты шетелдермен, атап айтқанда Қытай, Франция елдерімен жазғы мектеп тәжірибесі мен Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен семинарлар, тәжірибелі мамандар үшін өткізілетін іс-сапарлар тек академиялық тәжірибе алуға ғана емес, басқару психологиясы тұрғысынан мәдениаралық коммуникацияны дамытуға ықпалын тигізеді, бейімделу қабілетін арттырады, көзқарасын кеңейтеді. Бұл қадам – жаһандық бәсекеге қабілетті маман даярлаудың ажырамас бөлігі.

Берілетін білімнің психологиялық тұстарын табуға бола ма?

Магистрлік дәрежені алатын ғылыми жұмыс «Пилотсыз ұшу аппараттарына арналған сенсорлық жүйе жасау» инженерлік жобасының техникалық көрінісінен бөлек психологиялық аспектілерін де атауға болады. Сенсорлық жүйе құрылғыны басқарушы, пайдаланушы мен техника арасындағы байланысты қалыптастырушы құрылым. Шешім қабылдау процесін алгоритмдер арқылы модельдеу адамның интуициясын, логикасын жасанды түрде енгізу арқылы жасалады. Белгілі бір шек беру арқылы қабылданған деректер сараланып, қажет жағдайда ғана пайдаланушыға жеткізу «адамның назар шоғырландыру» процесінің аналогы іспетті. Сенсор аппараттағы сезім мүшесі ретінде қоршаған ортамен байланыс жасаудың негізгі жолы болғандықтан мұнда оны техникада алмастыратын жүйе бөліміне температура, газ концентрациясы, қысым, кедергілер туралы дерек беретін «түйсікпен» әрекет ететін балама жасалады. Адамның күйзеліске шыдамдылығының техникалық түрі ретінде қателікке төзімді архитектура құрылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – тек білім беру ордасы ғана емес, ғылыми идеяны нарықтық өнімге жетелейтін зияткерлік бизнес алаңы. Оның кілті – ғылыми ұйым ортасын басқару кезінде психологиялық құралдардың орынды қолданылуы, дәлдік пен стратегиялық ойлау ұшқырлығының үйлесімі.



Тленчиева Н. С.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Абдижалилова Л. Б.

радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

мамандығының магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 сәуір
198
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі