400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚазҰУ бейіндік мектебі – ЖОО мен мектеп арасындағы ғылыми байланыстың алтын көпірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектептің директоры Б.Н.Кульжанова мен ұстаздар ұжымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы кемеңгер бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ҮІІ Республикалық конференциясы өтті
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚазҰУ бейіндік мектебі – ЖОО мен мектеп арасындағы ғылыми байланыстың алтын көпірі


Әлемнің Екінші ұстазы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағымдағы оқу жылының 14 ақпанында ұлы бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған конференция ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектептің директоры Б.Н.Кульжанова мен ұстаздар ұжымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы кемеңгер бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ҮІІ Республикалық конференциясы өз жұмысын ұйымдастырушылар мен қатысушылардың университеттің басты ғимаратының алдына орналасқан әл-Фарабидың ескерткішіне гүл қойып, тағзым етуден бастады. Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушыларымен қатар Жоғары оқу орындарының студенттері де белсене қатысты. Конференция талантты мектеп оқушыларымен қатар, студенттерді де ғылым әлеміне жетелеп, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға баулу мақсатында ұйымдастырылды. Республикалық конференцияның пленарлық отырысын – салтанатты жиынын құттықтау сөзбен ашқан бейіндік мектептің директоры Ботагөз Ниязовна бұл дәстүрлі ҮІІ Республикалық конфереция әуелі жұмысын қалалық деңгейде бастағанын айтып, ізгілікті шараның жылдан-жылға аясы кеңейіп, арқалаған жүгінің маңызды болып келе жатқанын атап өтті. Конференцияның құрметті қонақтарының бірі педагогика ғылымдарының кандидаты Оңалбеков Ербол өзінің құттықтау сөзін халықаралық ағылшын тілінде бастады. Е.Оңалбеков биылғы ерекшеліктерін атап көрсетіп, ғылымның көкжиегіне жетсем деп талпынған жастарға «Сіздерден айрықша жетістіктер мен игі нәтижелер күтеміз деп мемлекеттік тілде аяқтады. Шараның құрметті қонағы, Жеке білім беру мекемелерінің республикалық қауымдастығының директоры Роза Садықова мемлекеттік пен ресми тілдерде сөйлеп, сөз кезегінде өзі қол жеткізген биік жетістіктерінің осы білім ордасынан бастау алғанын және осы түлегі екенін мақтан етітінін айтып, ҚазҰУ бейіндік мектебін өзі басқарып отырған қауымдастығына мүше болуымен құттықтады. ЖОО-ға дейінгі факультеттің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Е.Жаппасов та жастардың осы әлемнің құпиясын тереңірек білсем, ғылым кеңістігінде пайдалы жаңалық ашып, туған елінің дамуына өзіндік үлесін қоссам деп келіп отырған жас дарындардың қадамына сәттілік тілейтінін айта келіп, жас дарындарды ғылым әлеміне жетелеп, бағыт-бағдар беруші ұстаздарына да алғысын білдірді. Конференцияның құрметті қонақтары: ҚазҰУ-дың Ғылым және инновациялық қызметі жөніндегі департамент директоры Серік Көпжасаровия Мухамбетжанов, «Әл-Фараби» кітапханасының директоры Қалима Төлеубаевна Туенбаева, «Әл-Фараби» орталығының директоры Берік Бәрікбайұлы Мейрбаевтар да конференция қатысушылары мен ұйымдастырушыларын ауқымды шараның ашылуымен құттықтап, жас дарындар мен оларға бағыт беруші ғылыми жетекшілілеріне сәттілік тіледі.

Шынында, бұл конференция өте ауқымды көлемде, жоғары деңгейде өтті: шараға Алматы облысымен қатар Алматы, Актау, Кентау, Кокшетау, Кызылорда, Мангистау, Павлодар,Талдыкорган, Тараз, Шымкент Экибастуз қалаларынан келген 400-ге оқушы мен студенттер қатар, әр шәкіртінің жұмысын сәтті өтуін тілектес болып келген ғылыми жетекшілері де белсенділік танытып бірге келді. Конференцияның ашылу салтанаты университеттің Әлемнің Екінші ұстазы, данышпан бабамыздың атындағы «Әл-Фараби» кітапханасынан конференцзалында бастау алып, бағытына орай секциялар жұмыстарын факультеттерде жалғастырды. Конференция жұмысы мен ҚазҰУ-дың Бейіндік мектебі туралы толық мәліметті мына сілтеме htpp.www.kaznu.kz бойынша кіріп ала аласыз. Конференция секциялар «География, өлкетану, туризм» секциясы, «Тарих, археология, қоғамтану, этномәдениетану» секциясы, «Қазақ филологиясы, қазақ тілі мен әдебиеті»,»Орыс және шетел филологиясы»,«Биология, Экология, Медицина» секциясы, «Математика, қолданбалы математика және информатика», «Химия және химиялық технология» бағыттары бойынша жұмыс істеді. Ғылым әлеміне қадамын жаңа бастаған жас дарындардың ғылыми жұмыстарынәр секция бойынша факультеттердің ғалым ұстаздары: оқытушы-профессорлар құрамынан жасақталған арнайы комиссия мүшелері бағалады. Секцияда ғылыми жобаларын үздік қорғап, алғашқы жүлделі 1,2,3-орындарды иеленген талантты оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Конференцияның барлық қатысушыларына университеттің төл баспасынан шыққан мерейтойлық арнайы белгісі бар қойын кітапшалар, атаулы күнтізбелер, қаламдар, конференция бағдарламалары, мектептің жарнамалық буклеттері, конференция материалдарының жинағы бар папкалар мен сертификаттар табыс етілді. Білім алушыларды мектеп қабырғасынан-ақ ғылыми-зерттеу жобалау жұмыстарымен айналысуға қызықтыруға, отандық білім берудің инновациялық моделін құруға бағытталған және мектеп пен жоғары оқу орындарының арасында ғылыми байланыс орнатқан конференцияның қатысушыларға үйретері де, берері де мол тәлімді шара болды.

ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Наралиева Рахила Турсыновна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі