ҚазҰУ-дегі психологиялық сауаттылық.
ҚазҰУ еліміздің есімін әлемдік арена да танытқан университет.2022 жылғы QS рейтингінде 150 орын алған университет өзінің жүйелілігімен және жан-жақтылығымен танылған.
1934 жылы іргесі қаланған университет әлемдік стандарттарға сай білім жүйесін құра білген бірден бір оқу орны болып саналады.Университет құрамында 16 факультет және 98 кафедра бар.Бұл университетте 180 ге жуық мамандықта 27000 нан астам студенттер білім алады. Бұндай ауқымдылығымен әлемде университеттер саусақпен санарлық қана.
Тағы да айта кететін жайт,ол ҚазҰУ дағы білімнің жан жақтылығы.Мұнда студенттер Әлеуметтану,Мәдениеттану,Саясаттану және Психология сынды пәндерде базалық білім алады. Соның біріне мысал келтіре кетсек,ол психология пәні.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан- салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.Біз заманауи адам сөзін естігенде,ең алдымен елестейтіні ол ішкі жан дүниесін бақылауда ұстайтын,яғни,психологиялық білімі бар азамат.Егер ол әр жайтқа психологиялық сауатымен қарай алса,ол адам дұрыс шешімдер қабылдай алады.Яғни,қазір бұл дисциплина профильдік пәндермен пара пар маңызды.Бізде осы дисциплина бойынша 15 апта бойы білім алдық.Біздің ұстаз Тленчиева Н.С. бізге көбіне практикалық тесттер,ойындар арқылы психолгиялық білімімізді кеңейте ғана қоймай,осы саланы тереңірек зерттеуге ынтамызды ашты.
Осы жерде қызық тақырыптардың бірін айта кетсек,ол- Коммуникация.Яғни,қазіргі қоғамда актуалділігін жоғалтпаған және жоғалтпайтын қарапайым қарым-қатынас.Қарым-қатынас өміріміздің негізгі бір бөлігі.Себебі,біз айналамен бір ритмде өмір сүру үшін,қарым қатынас негіздерін толық түсінуіміз қажет. Коммуникациялық қызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудің маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінің арқасында коммуникация қоғамның қалыптасуына айрықша ықпал етеді.Біз қарым-қатынас бағытында жұмыс жасағандықтың арқасында,студенттер өз ойын жүйелі жеткізуді үйренді.Бұл тәжірибе болашақта өте зор көмегін тигізеді.
Осындай атақты әлемдік деңгейдегі университетте,профильдік пәндермен пара пар жүретін психология сынды дисциплинаның маңызын түсіне білген адам,қазіргі заман адамы десек те болады.Себебі,психология-ішкі бет әлпетті корсететін айна.
Тленчиева H.C.
Педогогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә.Ж.
Клиникалық психология мамандығының 1 курс
магистранты.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Жарылхасын Нариман
Көлік кызметтері 1 курс студенті
Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық
университеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚазҰУ-дегі психологиялық сауаттылық
ҚазҰУ-дегі психологиялық сауаттылық
ҚазҰУ-дегі психологиялық сауаттылық.
ҚазҰУ еліміздің есімін әлемдік арена да танытқан университет.2022 жылғы QS рейтингінде 150 орын алған университет өзінің жүйелілігімен және жан-жақтылығымен танылған.
1934 жылы іргесі қаланған университет әлемдік стандарттарға сай білім жүйесін құра білген бірден бір оқу орны болып саналады.Университет құрамында 16 факультет және 98 кафедра бар.Бұл университетте 180 ге жуық мамандықта 27000 нан астам студенттер білім алады. Бұндай ауқымдылығымен әлемде университеттер саусақпен санарлық қана.
Тағы да айта кететін жайт,ол ҚазҰУ дағы білімнің жан жақтылығы.Мұнда студенттер Әлеуметтану,Мәдениеттану,Саясаттану және Психология сынды пәндерде базалық білім алады. Соның біріне мысал келтіре кетсек,ол психология пәні.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан- салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.Біз заманауи адам сөзін естігенде,ең алдымен елестейтіні ол ішкі жан дүниесін бақылауда ұстайтын,яғни,психологиялық білімі бар азамат.Егер ол әр жайтқа психологиялық сауатымен қарай алса,ол адам дұрыс шешімдер қабылдай алады.Яғни,қазір бұл дисциплина профильдік пәндермен пара пар маңызды.Бізде осы дисциплина бойынша 15 апта бойы білім алдық.Біздің ұстаз Тленчиева Н.С. бізге көбіне практикалық тесттер,ойындар арқылы психолгиялық білімімізді кеңейте ғана қоймай,осы саланы тереңірек зерттеуге ынтамызды ашты.
Осы жерде қызық тақырыптардың бірін айта кетсек,ол- Коммуникация.Яғни,қазіргі қоғамда актуалділігін жоғалтпаған және жоғалтпайтын қарапайым қарым-қатынас.Қарым-қатынас өміріміздің негізгі бір бөлігі.Себебі,біз айналамен бір ритмде өмір сүру үшін,қарым қатынас негіздерін толық түсінуіміз қажет. Коммуникациялық қызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудің маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінің арқасында коммуникация қоғамның қалыптасуына айрықша ықпал етеді.Біз қарым-қатынас бағытында жұмыс жасағандықтың арқасында,студенттер өз ойын жүйелі жеткізуді үйренді.Бұл тәжірибе болашақта өте зор көмегін тигізеді.
Осындай атақты әлемдік деңгейдегі университетте,профильдік пәндермен пара пар жүретін психология сынды дисциплинаның маңызын түсіне білген адам,қазіргі заман адамы десек те болады.Себебі,психология-ішкі бет әлпетті корсететін айна.
Тленчиева H.C.
Педогогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә.Ж.
Клиникалық психология мамандығының 1 курс
магистранты.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Жарылхасын Нариман
Көлік кызметтері 1 курс студенті
Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық
университеті
шағым қалдыра аласыз













