400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттерге Қазақстанның үздік университеттерінің бірі ретінде қандай мүмкіндіктер бере алатындығы жайлы баяндайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚазҰУ- мүмкіндіктер ордасы

        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан Республикасындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылдың 15 қаңтарында іргетасы қаланған университет – қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады.

       Соның ішінде, өзім білім алып жатқан «Филология және әлем тілдері» факультетіне тоқталғым келіп отыр. М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаев сияқты ұлы тұлғалар негізін қалаған факультет өзінің тарихын тереңнен бастау алады. Алғаш қаланғаннан қазіргі күнге дейін қаншама түлектер білім алып, елімізді көркейтуге ат салысып жүр. Факультет жылдан-жылға толығып, дамып келеді. Бізге университет беретін мүмкіндіктер қаншама, ел ішінде немесе шет елдерге академиялық ұтқырлық, ғылыми-конференциялар, өндірістік іс-тәжірибелер және т.б. Факультетте заман талабына сай халықаралық байланыс жақсы жолға қойылған. Америка, Канада, Голландия, Ресей, Испания, Франция, Түркия сияқты әр түрлі елдерден келген мұғалімдер студенттер мен магистранттарға сабақ беруде.

      Факультет тарихының әр кезеңдерінде М.Әуезов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, З.Ахметов, Т.Қордабаев, С.Исаев, Д.Тұрсынов, Ы.Маманов, В. Есеналиева сынды еліміздің көптеген көрнекті ғалымдары, қайраткер азаматтары еңбек етті. Факультет Еңбек Ері Р.Нұртазина, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, профессор Ш.Беркімбаева, Республика Парламентінің депутаттары З.Қадырова мен М.Жүйріктаева сияқты өз түлектерін әрдайым мақтан тұтады.

       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан ЖОО басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, ТМД-ның «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Тек елімізде ғана емес, басқа елдерде де танылып, бағындыруда. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-дарынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-210 ең үздік университеттер қатарына еніп, 207 орынды бағындырды. Аталмыш топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді. QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иеленген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш университет болды.

Бүгінгі талапкер – тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосар ертеңгі ел азаматы. Осындай білім ордасында оқу- әрбір түлектің арманы десек қателеспейтін шығармыз. ҚазҰУ әрбір студентке сапалы білім, естен кетпес студенттік өмір, керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Мен осы білім ордасында оқып жатқаныма өте қуаныштымын және талапкерлерге, болашақ түлектерге де дұрыс таңдау жасауға кеңес беремін.

«Тюркология және тіл теория» кафедрасының студенттері – Мукышова Дана Мейрамбеккызы,

Қырғызбай Назерке Ержанқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

«Тюркология және тіл теория»

кафедрасының аға оқытушысы

Калбирова Т.Н.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі