Сабақтың
тақырыбы: Қазыбек
бидің шешендігі.
Сабақтың
мақсаты: Шешен Қазыбек бидің
тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны тапқырлыққа,
шешендікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы
ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру; сөздік қорын
дамыту.
Сабақтың
түрі: аралас. Көрнекілігі:
кітап,суреті, сызба, кесте.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,
сұрақ-жауап.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі. . Сабаққа
әзірлік.
Балалар, бір – біріңе қарап
жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді
жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен
қайталаңдар.
Мен
бақытты баламын,
Жан
дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы
жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым
келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру,
сұрау.
Сырым Малайсарыға не сыйлады?
(кілем жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік
сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге
ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай
түсіндің?
ІІІ. Үй тапсырмасын
пысықтау: Сен досыңа қандай бата – тілек
айтар едің? -Балалардың тілектерін тыңдау.
ІҮ. Мақсат қою
кезеңі: Тақырыбын, мақсатын
хабарлау.
Ү. Жаңа
сабақ: 1.
Кіріспе: Келдібекұлы Қазыбек би –
қазақтың Тәуке, Болат, Сәеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында
мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Әз
Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атакты шешен, Орта
жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін
шығармашылардың бірі.
Қаз дауысты Қазыбек-асқан
шешен, ақын, дау шешкен әділ қазы, халықаралық дәрежедегі
елші-дипломат, қоғам қайраткері.
Балалар! Қазыбек
би- халықаралық дәрежедегі
елші-дипломат болғанын білеміз. -Елші деген кім? Елші – ел мен ел
арасындағы келіссөзді жүргізетін адам. Елші ең алдымен елдің
намысын қорғайды, өйткені жердің бүтіндігі, елдің дербестігі,
өзін-өзі билеу құқығы- әр халықтың ары меннамысы болып
табылады.
Қазыбек бидің қандай өсиетін 3
сыныпта оқыдық? -Қазыбек бидің толғауы Қазыбектің толғауында не
делінген еді? Кімнің есінде? -Ал,бүгін енді Қазыбек бидің шешендігі
жайлы оқып білеміз.
Мәтінді түсініп , іштей,
жалғастырып, рөлмен оқу; шешендік сөздерге көңіл бөлу. Қазбек бидің
сұрақтарына берілген жауапты тауып оқы.
Сөздік
жұмыс: Кемеңгер кісі – дана, данышпан
адам. Несие – бұл жерде: берген тәрбиенің жемісі. Жанары таю – көзі
нашар көру.
ҮІ .Жаңа сабақты
пысықтау: 1. Төле би Қазыбектен не
сұрады? Қазыбек бидің алыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны
нелер екен? Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап
сұраған қай сөздерінен байқауға болады? (Әкеме жете туған баласы
болармын. ... Төле биге қойған сұрағынан оның тапқырлығын,
шешендігін білуге болады.)
ҮІІ.
Қорыту: Кестемен
жұмыс: зер сал, өз ойыңды тұжырымда.
Төле бидің Қазбекке қайырған жауабының мәнін кестеге сүйеніп
жаз.
Алысыңыз қандай? Алысым жақын.
Жақыннан көру Тәттіңіз қандай? Тәттім сирек. Ұйқысының сирегені
Несиеңіз қандай? Несием өсіп жатыр. Балаларының
күтімі
ҮІІ.Үйге
тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын
айту.
Бағалау.