Қазыбек бидің шешендік сөздері

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Қазыбек бидің шешендік сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазыбек бидің шешендік сөздері тақырыбындағы сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп миссиясы: Зияткерлік әулетке ие көшбасшыларды өмір бойы білім алуға дайындау және шабыттандыру

Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

Тоганакова Р.С.________



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Шешендік сөздер

Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 18-22.11.2024 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Ибрагимов Т.А.

Сынып: 7 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Кім жақын, не қымбат, не қиын?»  ( «Қаз дауысты Қазыбек айтты» деген сөз бар)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7O8. Шығарма композициясын, оқиғаның орны мен уақытын талдай отырып, тұтас емес мәтін түрінде ұсыну;

ГМ15. Сөйлем ішіндегі оқшау сөздердің тыныс белгісін орынды қою;

Сабақ мақсаттары

Композициялық құрылым мен сюжет желісі бойынша тұтас емес мәтін құру;

Оқшау сөздердің тыныс белгісін дұрыс қоя отырып, орынды қолдану;

Бағалау критерийлері

  • Композициялық құрылымына кесте құрады;

  • Сюжеттік желіні сақтап креативті суреттейді;

  • Тұтас мәтінді тұтас емес мәтін түріне айналдырады;

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Құрмет

Ынтымақтастық

Еңбек және шығармашылық

Ашықтық

Академиялық шыншылдық

Өмір бойы білім алу

Әлемдік азаматтық

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, өнер және тарих

АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

Қазыбек бидің шешендігі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут















1 минут



Қызығушылықты ояту.

3//04 минуттан бастап 4/19-ға дейінгі аралықты ғана тыңдайды

Алғашқы білімдерін еске салып, өткен сабақтағы ақпарат бойынша «Қазыбек кім? Оның қандай шешендік сөзін білесіңдер?» деп мұғалім алдымен оқушылардың қызығушылығын оятып алады.

  • Оқушылар, өткен сабақтарда біз «Ұлттар арасындағы достастық қоғамға тұрақтылық әкеліп, бірлескен даму мен бейбіт өмір сүруге жол ашады. Билер сөзі де сол ұлтаралық қақтығыстардан сақтап, екі ел арасындағы дау дамайды шешіп отырған ...» дедік. Ал Қазыбектің осы көрші ел билеушілермен қандай қарым-қатынас жасағанын айта аламыз?


Оқушылар түгелденіп, оқу мақсаты, сабақтың тақырыбы, бағалау критерийлері таныстырылады.







Сабақтың ортасы





10 минут















15 минут

























Бағалауға 2 минут













8 минут













10 минут









15 минут













































12 минут




1-тапсырма. Оқылымалды тапсырмасы.

  • Ал, оқушылар, шешен сөйлеу үшін адамға не керек?

(терең ой, ұтқыр шешім, тапқыр логика)

  • Енді мен сіздерге бір сұрақ берейін, сіздер соның жауабын өздеріңнің креативті ойлауларынмен ұшқыр жауап берсеңіздер.

  • Осы өмірде адамға ең алдымен кім жақын болады?

(Жауапты 3 -4 тармақты өлеңмен жеткізу керек)

  • Өмірде не қиын болады деп ойлайсыздар?

(Жауапты кестеге салып көрсету қажет)

  • Ал сіздер үшін не қымбат деп бағаланады?

(Жауапты суретпен жеткізу керек)




2-тапсырма. Оқылым тапсырмасы. Оқушыларға Қазыбек бидің «

Кім жақын, не қымбат, не қиын?»   тақырыбындағы шешендігі оқуға беріледі. Балалар оқып, ішіндегі ақпаратты төрт форматтың бірін таңдап, топқа бөлінеді.

1-топ: мәтінді оқып, сюжетті сурет құрастырады;

2- топ: мәтіннің композициясын сызба кестеге айналдырады;

3-топ: мәтіндегі ақпаратты аралас мәтінге айналдырады;

4-топ: мәтінннің композициялық құрылымн сақтап, комикс құрастырады;


Дескрипторлар:


  • Таңдалған форматтың жанрын жақсы ұстанады;

  • Композициялық құрылымды қатаң сақтайды;

  • Сюжеттік байланыс бірізділікпен жүйелі сақталады;

  • Топ мүшелері түгел қатысып, ұйымшылдық бар;

  • Креативті тың идеялар жоғары дәрежеде іске асады;



Саралаудың креативтілік қағидасы іске асады.

Өнім: шығармашылық, тұтас емес мәтіндерге түрлендіру.

Кері байланыс: топтар бірін-бірі дескрипторлар арқылы бағалайды.

Мұғалім бағыттаушы сұрақтармен қолдау білдіріп тұруы керек.


3-тапсырма. Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» шешендік сөздерінің негізгі түйінін анықтаңдар. «Еркін жазу» тәсілін қолданып, «Кім жақын? Не қым бат? Не қиын?» шешендік сөзіндегі негізгі ойды, одан аған әсерлеріңді, не үйрен гендеріңді, әлі де нені біле түсу керек екені туралы өз пікірлеріңді жазыңдар. Автор қолданған көркемдік тәсілді табыңдар.

2-сабақ.


4- тапсырмасы. Оқылымалды тапсырмасы. «Қаз дауысты Қазыбек айтты» деген аталы сөз ел аузында көп сақталған. Бірде ашумен ағаайындарына қылыш ала ұмтылғанда, Қазыбек інісін тоқтатып: «Шырағым, бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын.Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме»,-депті.


Мәтін мазмұны мен мағынасына негізгі ойына талдау жүргізеді.


5- тапсырма. Оқылым тапсырмасы. Қандай ғибрат, үлгі -өнеге аласың «ҚАЗЫБЕК БИ МҰРАСЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

» деген тақырыпта эссе жазып шық. Сөйлем ішіндегі оқшау сөздердің тыныс белгісін орынды қойып, қолданыңыз. Теориялық білімге қосымша парақшаны оқушыға ұсынады.


Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма –

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма –

Өскеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма –

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға,

Қиын - қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!


Дескрипторлар:

  • Ғибратты, үлгі-өнегелі сөздерді өмірмен, өлеңмен талдайды;

  • Эссе құрылымын өлең композициясымен қатар ұстайды;

  • Оқшау сөздерді эссе жазуда орынды кірістіреді;

  • Оқшау сөздердің тыныс белгісін дұрыс қолданады;

Саралаудың тереңдету қағидасы іке асады.

Мұғалім бағалауы жүреді.


6- тапсырма.Оқылымнан кейінгі тапсырма.


Оқушыларға жаттауға 5 минут уақыт беріледі. Бәрі ақ парақ алып , жатқа жазады. Бірін бірі тексереді.

5 ғибратты адамгершілікті қасиетке өз ойынан 2 өнеге боларлық қасиет қосып ойды өрбітеді.



Дескрипторлар:

  • Шешендікті жатқа жазады;

  • 5 ғибратты өнеге қатесіз айтылады;

  • Ойынан мағыналы өнегелі қасиет қосады;

  • Ұйқас пен формасын қатаң сақтайды;












































































































































Сабақтың соңы

3 минут


Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды.

Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.

Парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол.

Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды.

Қазыбек би бір оқ атпай, артық қантөгіссіз ең күрделі мәселелерді шеше алған.

Ең мықты хандар мен қасарысқан жаулар да оның сөзіне құлақ асқан, өйткені Қазыбек би оларды сөзі мен даналығымен таң қалдырған. Оларды жүректеріне жеткізіп айта білген.

Ол сондай-ақ бытыраңқы қазақ руларын біріктіріп, бейбітшілік пен келісімге шақырды. Өзінен кейін халқы өмір сүрген әділ заңдар қалдырды.

Тапқырлық, шешендік, шыншылдық – адалдық сабағында қозғалған Қазыбек бидің үш қасиеті.

Қазыбектің мақал-мәтелге айналып кеткен тұжырымды нақыл сөздерін, шешендіктерін еске алайық.

Үйге тапсырма:

Сабақтағы шешендік сөздерді түгелдей жаттау керек.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралаудың тереңдету, креативтілік қағидасы арқылы оқушылардың шешендік сөзді талдау, шығармашылық зерттеу жүргізу дағдылары жетілдіріледі. Функционалды сауаттылық іске асады.

Оқушыларды бағалау өзара топтық, мұғалімнің кері байланысы арқылы жүзеге асады. БК арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеті қалыптасады.

Сынып таза, жарық, желдетілген. Жарық оқушылар отырған жақтың сол тұсынан түседі. Техникалық қауіпсіздіктиі сақтау мақсатында электр құрылғылармен жұмыс істеу ережесі сақталған.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Кәсіби даму мақсаты: Оқылым стратегиялары арқылы оқушылардың мәселені талдау дағдысын дамыту



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2024
154
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі