Сабақтың
тақырыбы: Әнуар Жапаров «Қазына көтерген
бала»
Мақсаты: Оқушыларға Әнуар Жапаровтың
«Қазына көтерген бала атты әңгімесі» бойынша қазақтың аса көрнекті
геолог ғалымы әрі қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың өнерімен
таныстыру.
Дамытушылығы: Қаныш Сәтбаев есімі мен
байланысты кен орындарын білдіре отырып, оқушыларды ізденуге,
ойлануға жетелеу, көркем сөйлеу, іскерлігін арттыру, сезіну
қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Туған ел байлықтарын қорғауға
үйрету, ұлы адамдар өмірін үлгі ету, бала Қаныш бойындағы
қасиеттерді бойларына сіңіру.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,
сұрақ-жауап.
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру
А) Оқушылармен сәлемдесу,
назарларын сабаққа аудару.
Ә) Оқушыларды топқа
бөлу
І топ, ІІ топ, ІІІ
топ.
Б) Психологиялық
дайындық
Ана тілің арың
бұл,
Ұятың боп тұр
бетте,
Өзге тілдің бәрін
біл,
Өз тіліңді
құрметте
ІІ. Үй жұмысын сурау,
бағалау.
І топ: Құрманғазы әңгімесін
мазмұндау
ІІ топ: Құрманғазы туралы
мәлімет жинақтау.
ІІІ топ: Дина туралы мәлімет
жинақтау.
Өткен сабақты пысықтау үшін
Құрманғазы әңгімесінен 5 сұрақтан құралған тесттік
тапсырмалар
-
Құрманғазы Динаға қандай жаңа
күйін үйретіп отыр еді?
А) Қайран
шешем
Ә) Кісен
ашқан
Б)
Балбырауын
2) Құрманғазы Динаға қандай
әңгіме айтты?
А) Алғашқы рет түрмеге түскен
кезіндегі анасының іс әрекеті туралы.
Ә) Таяқ жегені
туралы
Б) Түрмеге түскені
туралы
3) Құрманғазыны не үшін
тұтқынға алды?
А) Күйші
болғасын
Ә) Әрқашан сол заманда
әділдікті талап еткендіктен
Б) Динаға күй үйреткені
үшін
4) Құрманғазы түрмеге
кетерінде домбырасын кімге табыстауын
өтінді?
А)
Динаға
Ә)
Кенжеге
Б)
тергеушілерге
5) Құрманғазы Сағырбайұлы
кім?
А) Жазушы
ақын
Ә) Күйші
ақын
Б) Күйші
композитор
ІІІ Негізгі
бөлім.
Жаңа сабақтың тақырыбын
хабарлау
Күннің жадын
жазу
Жазушы Әнуар Жапаровтың
«Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып, ғалымның өзіне тән бір
ерекшелігімен танысасыңдар.
«Ой қозғау»
стратегиясы
-
Балалар қазына дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Қазынаның қандай түрін
білеміз?
-
Біздің елімізде қазынаның
қандай түрлері өндіріледі?
Әнуар Жапаров қазақстан
жазушылар одағының мүшесі ақын, журналист. Ә. Жапаров 1999 жылдан
бері құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Оның бір ерекшелігі
оның Қаныш Сәтбаев жөніндегі осы «Қазына көтерген бала» атты
шығарманы жазуы.

Қаныш Сәтбаев туралы бейне
таспа.
Қаныш Сәтбаев 11 сәуір 1899
жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
Сәтбаевтің атасы Сәтбай Шотықұлы (1823-1902) Баянауыл өңіріндегі
танымал, қадірменді азамат болған. Ол қажылық сапары кезінде
Меккеде қойтыс болған, сонда жерленген.
Қаныштың әкесі Имантай
Сәтбайұлы (1845-1928) Омбы қаласындағы медреседе білім алған.
Сәтбаевтің анасы Әлима Исақызы (1860-1904) Қаныш бес жасқа келгенде
қайтыс болған.
Жас Қаныш Имантайтың бәйбішесі
Нұрым Тасболатқызының тәрбиесінде өсті. Сауатын ауыл молдасынан
ашқан Сәтбаев 1911-1914ж Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде
бастауыш білім алды. 1914ж мұғалімдер семинариясына оқуға
түсті.
Қаныш ұлы ғалым – геолог қоғам
қайраткері. Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженері –
геологы, қазақстан ғылымының атасы. Сәтбаев өзінің ерен еңбегінің
арқасында бірнеше медалъдармен марапатталған. Қазақстанның қала
ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам
мектеп, ғалым ескерткіштері Сәтбаевтің есімі Еліміздегі ең ірі
жоғарғы оқу орны Қазақ Ұлттық техникалық университетіне Инженерлік
техникалық институтына берілген.


Оқулықпен
жұмыс:
Мәтінді оқып
түсіндіру
Дәптермен
жұмыс:
Геолог – жер құрлысы мен
қабатын және ондағы пайдалы қазбаларды табумен айналысатын
ғалым.
Топтық
жұмыс
І топ. Қаныштың өмірбаянын
әңгімелеу
ІІ топ. Табиғат жайлы сурет
салу
ІІІ топ. Қаныш Сәтбаевтың
атына қойылған мектеп, қалаларды ата.
IV.
Қорытынды:
-
Әңгімедегі Қаныш деп отырған
бала кім?
-
Балалар қапшықтың ішінде не
бар деп ойлады?
-
Әңгіме неліктен «Қазына
көтерген бала» деп аталған?
V. Үй жұмысын
беру:
«Қазына көтерген бала» оқып
әңгімелеу.
Қаныш Сәтбаев туралы шағын
әңгіме жазу
VI.
Бағалау.