"Қазынасы бар ел"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазынасы бар ел"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары туралы түсінік беру.Адам өміріне пайдасы туралы мағлұмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «Шағала» бөбекжай – бақшасы



















«Қазынасы бар ел

Төрт түлікке бай ел»

Қазақ тілінен ашық ұйымдастырылған оқу – әрекеті

Кіріктірілген дағдылар: коммуникативтік, шығармашылық, физикалық, әлеуметтік











Қазақ тілі маманы: Айтенова А.С

Ересек «Аққоян» тобы











2024 жыл

Міндеті: Артикуляциялық және дауыс аппаратын анық сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән ү, ұ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу. Қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы сөйлеммен жауап беру. Балалардың үй жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.Үй жануарлары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету,қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға  дағдыландыру

Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, дидактикалық ойындар

Көрнекі құралдар: Төрт түлік жануарлар суреттері және оның төлдері «үй жануарларының»  үнтаспасы, этнокруг, интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар, «қошқар мүйіз» оюы, киіз үй,асықтар

Педагог ортаға шығады

Бәрің қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп адамды көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз.

Күй күмбірімен ортаға балалар шеңбер бойына жиналады.

«Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

- Қайырлы күн ұстаздарым!

- Сәлем,сәлем, достарым!

- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз

- Қазақ тілінде

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан

- Ендеше,балалар, алдарыңызда тұрған «асықтың» ішінде бір нәрсе жасырулы тұр. Сол нәрсені тапсақ, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізде қандай тақырып туралы әңгімелейтінімізді табасыңдар.

- Әрине, балалар біздің «асықтың» төрт - түлік жануарлар жасырылған екен. Кең байтақ қазақ даласында төрт түлікке ең жақын халық – қазақ жұрты. Мінсе - көлігі, ішсе - сусыны, жесе - тамағы, кисе – киімі, тұтынса бұйымы. Балалар, қазақ   халқының   негізгі   тіршілігі  мал   шаруашылығы болған.

- Балалар   сендерді аналарың, ата - әжелерің   «ботам,  құлыным,  қошақаным» деп еркелетіп, әлпештегені де осы төрт түлік малға ерекше сүйіспеншіліктің  бар екендігін көреміз.

Бәрің бері келіңдер,

Киіз үйге еніңдер

Екі топқа бөлініп

Сайысып та көріңдер. Киіз үйдің ішінен «қошақан» мен «ботақандарды» алып топқа бөлініп алайық. 1 –топ – «Қошақан», 2 – топ – «Ботақан» деп аталады.

Ал,мен ұпайларыңды, асықпен есептеп отырамын.

  1. Қане балалар тыңдайық

Тектен-текке тұрмайық

Жұмбақтардың шешуін

Тауып көрші,тыңдайын

1. Қамыс құлақ, 2. Айран берген,құрт берген

Тостаған тұяқ. Шелек –шелек сүт берген

Мінсең қанат Айтыңдаршы балалар
Сүті дәрі, еті тамақ.
( Жылқы) Бұл қандай жануар,кім білген (Сиыр)

3. Үстінде екі тауы бар, 4. Кішкене ғана бойы бар
Қызықты бір жануар
(Түйе) Айналдыра киген тоны бар. (Қой)

5. Секең - секең етеді
Таумен - тасқа жетеді
. ( Ешкі)

- Жарайсыңдар, балалар! Асықпен ұпайларыңды салайын

2. «Теңге ілу» ойыны

«Үй жануары бізге не береді?»

Педагог: - Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы төрт түлік жануарлар. Балалар, үй жануарлардың адамдарға пайдасы көп. Адам денсаулығына ет пен сүттің пайдасы өте зор екен.Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыста соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Түйеге жүк артады.Сүті – шұбат емге дәрі. Сиыр мен қой адамды етімен, сүтімен асырайды. Бұлар үй жануарлары себебі: олар үйдің жанында қорада тұрады, үйде өмір сүреді, қолға үйретілген. Оларға уақытылы жем шөбін беріп, қорасын тазалап, адамдар бағады ,күтеді.

- Балалар, үй жануарларының қандай пайдасы бар? Олар бізге не береді екен? Үй  жануарларының суреті ілініп тұрады,қасына қай жануар не береді, сол суретке қарап,балалар айтып береді.

- Балалар, бәріміз «Теңге ілу» ойынынын ойнайық.

Жылқы бізге не береді?
Жылқы --- қымыз береді.

Қой бізге не береді?
Қой ------- ет,жүн береді

Ешкі бізге не береді?
Ешкі ------ жүн береді

Сиыр бізге не береді?
Сиыр ----- сүт,май береді.

Түйе бізге не береді?

Түйе---- шұбат береді.Жүнінен көрпе жасайды

Сергіту сәті. «Оюды құрастыр»

Ал,қанекей тұрайық

Сауық- сайран құрайық

«Қара жорғаны» билеп біз

«Оюды» құрастырайық

Қазақтың биі «қара жорғаны» билей отырып, үстел үстінде жатқан «Қошқар мүйіз» оюын жартысын тауып, құрастырамыз. Қай топ бірінші болып құрастырса,сол топ «жеңімпаз» атанады.

- Тамаша, балалар! Жарайсыңдар, асықтарыңыз топ белгісі бар себетке салынды.

Төрт – түлік жануарлардың дауысы естіледі.

4. «Дауысынан таны» ойыны 

Дауысынан танимыз

Төрт түліктің бәрін біз

Тапсын бізге дауысын

Десе,кімдер мықтымыз

Интерактивті тақтадан үнтаспаны тындату (жануарлардың дауысынан не екенін табады.)

- Қане, мынау ненің дыбысы?

Мынау – мөңіреген сиыр

Мынау – кісінеген аттың дауысы

Мынау – маңыраған қойдың дауысы

Мынау – боздаған түйе

Мынау – бақылдаған ешкі.

Тіл жаттығулары:

- Сиыр шықты далаға- мө-мө

Түйе шықты далаға- бо-бо.

Қой шықты далаға- мә-мә

Жылқы шықты далаға - қиу-қиу.

Ешкі шықты маңырап- мәә-мәә.

* * * *

Ыр ‑ыр‑ыр -мөңірейді сиыр.

Қы -қы –қы -кісінейді жылқы

Ой – ой – ой – қорада тұр қой

Кі – кі – кі – секеңдеген ешкі

Ие – ие – ие – боздайды түйе

Текшеде бұзау мен түйе суреті жапсырылған. Екі топтан балалар келіп лақтырады. Бұзау,түйе суреттерін атайды.

5. «Үй жануарының пірін айт»

Үй жануарының түрін айт

Төлдерінің тілін айт

Атын атап, қанекей

Үй жануарының пірін айт

Шарты: «Ғажайып киіз үй» әдісімен үй жануарларын тауып, пірін айтады. (Киіз үйден ақ сақалды ата шығады)   Әрбір үй жануарларының өз пірлері болады.  

Түйенің пірі – Ойсыл қара
                               Жылқының пірі -  Қамбар ата
                               Сиыр пірі – Зеңгі баба           
                               Қойдың пірі – Шопан ата
                               Ешкінің пірі – Сексек ата

- Дұрыс айтасыңдар, ұпайларыңды қоржынға салайын.

6. Төрт-түлік малды қалай шақырады?

Сиырды- ауқау, ауқау.

Түйені-көс- көс

Қойды- пұшайт- пұшайт.

Жылқыны- құрау- құрау,

Ешкіні- шөре- шөре деп шақырады.

- Тамаша,балалар! Қазақтың даласында

Төрт түлік бар жасырған

Төлдер жайлы тақпақ айтсаң

Мен ортаға шақырам
Ортаға Елназар,Аяла,Манас,Нұрғиса, Асылымды шақырайын
Үй жануарларының төлдері бар. Олар: Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.

7.Дидактикалық ойын:  «Үй жануарларының төлдерін тап»

Қазақтың кең байтақ даласында үй жануарлары жасырылған екен. Сол бойынша балалар үй жануарының төлдерін тауып, айтуы керек.

  • Тамаша,балалар! Асықпен ұпайларыңды есептеп берейін.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қорытындылау. Асықпен жиналған ұпайларын есептеп беремін.

Екі топқа үй жануарларының суреттері беріледі.

- Қандай үй жануарларымен таныстыңдар? (Өз жауаптары айтылады)

- Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Үй жануарлары бізді өзінің сүйкімділігімен, адамға деген достығымен қуантады. Сондықтан үй жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүріңдер. «Ботақан», «Қошақан» тобына үлкен алғыс білдіремін.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі