Материалдар / Қималар. 9 сынып Сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қималар. 9 сынып Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
721
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім: Кубенов Шахридин

Пәні : Сызу

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Қималар. Қабаттасқан және оңашаланған қималар ды салудағы келісімдер.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қималар туралы түсінік бере отырып, оңашаланған және қабаттасқан қималарды сызбаға түсіруге үйрету


2. Дамытушылық: Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру арқылы шығармашылық ізденіске баулу, сызбаны орындау қаблеттерін дамыту.


3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық сауаттылыққа, сызба орындауда ұқыптылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Оқушыдар қималар туралы түсінік бере алады, оңашаланған және қабаттасқан қималардын сызбасын сыза біледі.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер,интербелсенді тақта,слайдта, тапсырма карточкалар, калька, тетікбөлшек моделі.

Сабақтың түрі:  Жаңа білімді игеру.

Сабақтың типі:  дәстүрлі

Сабақтың әдісі:  Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау, Жанашаланған оқыту техналогиясының элементтерін пайдалану.

Сабақтың көрнектілігі: КП, слайдтар, плакаттар, электрондық оқулықтар, бейнетаспа тетікбөлшектер, сұрақ, тапсырмалар атаулары бар карточкалар, тест сұрақтары, биология пәні көрнекіліктер.

Пәнаралық байланыс: өнер,биология, еңбек.


Сабақтың барысы

I.Үйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

3. Психологиялық ахуал туғызу : Қазақ жеріне көктем мерекесі наурыз келіп жер беті күн шуаққа шомылып құлпырып гүлдеп адамдар бір біріне өз қуанышын білдіреді . Бүгінгі сабағымызда біз де бір-бірімізге өз қуанышымызды білдіретін сөз айтып, сабағымызды көтеріңкі көңіл күймен бастайық.

3. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

4. Хабарлау: « Пазл» әдісі бойынша топқа бөліну. Оқушыларға суреттердін бөліктері таратылады . Әр оқушы өз тобын іздеп суретті құрастырады . Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топтағы топ басшылары, таймпикер мен секретарь тағайындалады және топ басшыларына бағалау парағы таратылады.

II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін хабарлау

III. Негізгі білімнің актуальдігі

1. Әр топқа берілген тақырыпқа байланысты ізденіс шығармашылық тапсырмаларды тындап көрейік:

Әр түрлі салада нәрсенің пішінін қалай анықтауға болатыны туралы ізденіс , шығармашылық жұмыс жасау

слайд № 3

1 топ қалалық архитектура орталығына серуен.

слайд № 4, слайд № 5

2 топ : жихаздар фабрикасы- фото суреттер

3топ : медициналық колледжі- фото суреттер

Әр топ дайындаған жұмыстарын слайдттырдан көрсетеді

IV Жаңа білім беру

1. Оқулықпен жұмыс.( № 4-22 слайдтарды ашу) Осы іздені, шығармашылық жұмыстарын бүгінгі жаңа тақырыбымызды игеруге көмектеседі. Оқулықтың 111 бетін ашып қима сөзінін анықтамасын іздеп көрейік .

Енді осы анықтамамен ізденіс щығармашылық тапсырманың ұқсастығы неде?

Екі жерде нәрсенің пішінін анықтау туралы айтылады








Мыйға шабұл: Қиманын пайдасы қандай деп ойлайсындар ? ( оқушылар қиманын пайдасы қандай екенін өз түсініктері бойынша айтады)

Көріністер жеткіліксіз болса нәрсенін пішінін анықтау үшін қиманы пайдаланамыз.

слайд№ - 14 Қиманын пайда болуы


Picture 4 Picture 4 Picture 4

Қиманың пайда болуы

2. Демонстрациялау- слайд жазықтықпен фигураны қиғаннан шыққан фигура кескіні

1. Қиманың пайда болуы модельден анықтап көру.

Дарынды оқушымен жұмыс: Оқушы модель жасап тақырыпты түсіндіруге көмектеседі.

Дарынды оқушы демонстрациялау арқылы фигураны қиюшы жазықтықпен қиюды тусіндіреді - Қимадан пайда болған фигура кескіні, қиманы сызбада белгілеу, қималардың орналасуы: оңашаланған, қабаттасқан қима түрлері, оларды белгілеу

слайд -қиманың пайдасы

Picture 11


слайд- Қималарды белгілеуді, үйрету

Слайд - қималардың орналасуына байланысты оңашаланған және қабаттасқан қималар түрлері болатынын көрсету



Екінші дарынды оқушы тақтаға шығып оңашаланған қиманы белгілейді:

1. Қиманы сызбада бос орынға салу

2. Ось симметриясы бойында

3. Қима сызығының созындысына орналасады орналастыруға болады

Ж игсо1 әдісі . 3 минут уақыт беріледі. Әр топ оқулықтан мәтінді оқып шығады. 1.топ: Бұрып салуға болады

2 топ: Слайд -Қабаттансқан қиманы белгілеу

1. Қабаттасқан қиманы шектейтін сызық жуандылығы S/3-тен S/2 –ке дейін жіңішке тұтас сызық

2 Қабаттасқан қима детальдың қиылған жерінде көріністін бойында орналасады

(Қима фигурасы симметриялы болса, қабаттасқан қимада

нұсқамалары бар үзік сызық жүргізілмейд

3 топ : Егер нәрсе симметриялы болмаса, онда нұсқамалары

бар үзік сызық жүргізіледі , бірақ әріптермен белгіленбейді.)

слайд№20 Сызба ықшам болу үшін оңашаланған қиманы көрініс бөліктерінін аралығындағы үзікке орналастыруға болады

слайд№21 Есінде сақта

Қимада тек жазықтықпен қиылған жер ғана көрсетіледі.

Қима деген қимыл әрекеті емес, ол сызбадағы көрінісі.

3минут уақытта әр топтағы оқушы сағат айналымы бойынша келесі топқа жылжып өз тобы оқығанын түсіндіріп Мұғалімнің нұсқауы бойынша қайтып орындарына келіп басқа топтардан түсінгедері бойынша топтар постер құрастырады. Постерді қорғайды.

Оқушылар әр топтын құрылған постерлерін бағалап өз ойларынымен бөлісе отырады.

Кері байланыс «басбармақ» әдісі бойынша әр топ бірін бірі бағалайды.

V. Жаттығуларды орындау

1.«Кім жылдам» - жаттығуларды орындау

Осы сабақта алған білімімізді пысықтай отырып жұптық жұмыс орындаймыз.

Әр топтан кезекпен екі оқушы шығып тапсырмаларды интерактивті тақтада орындайды

1. Жаттығу Екі көрінісі берілген тетікбөлшекті қимамен алмастырып

қима фигураларын тауып белгілеу.

слайд№24

2. Жаттығу. Қима арқылы тетікбөлшектердің пішінің анықтау атты тапсырма

«Жұптас, ойлан, топтас, бөліс» әдісі арқылы интербелсенді тақтада жасаған жұмыстарын қорғайды, талдайды, дәлелдейді. Оқушылар жұпты «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалайды.

Топтық жұмыс : 1 топ тапсырмасы

1. Тапсырма Орналасуына байланысты қиманың қандай түрлері сызбада берілген.

2 Тапсырма. Қандай қималарды белгілейді? Белгісін қойып шық.

Слайд№25 Тетікбөлшекті қимамен алмастыру үлгісі. Слайд№26


Слайд№27 Дәптерге трек сызбаны сызып көрсету. Қандай қима түрлерімен бүгін таныстындар? Айтып беріндер .

Слайд№13 2 топқа арналған тапсырма: 3 және 4 жаттығу: Тетікбөлшектерді қимамен алмастыра отырып сызбасын сызу.

1 Тапсырма: көріністе кейбір сызықтар және конструкциялық элементтер жетіспейді. Берілген сызбаларды қолдана отырып, тетікбөлшектің сызбасын сызып аяқтандар

2 Тапсырма: Берілген сызбаға сүйене отырып қатесіз орындалған қиманы

табындар

3 топ тапсырмасы: Тетікбөлшекті А-А қимасыман алмастыру, карточкадағы тапсырмаларды орынандап шығу.

Сергіту сәті: «дене мүшелерімен сандарды жазу» стратегиясы ұсынылады.


Дұрыс жауаптарын слайдтан көріп оқушылар қателерін табады, түзейді.

«Өзін-өзі бағалау» Топтағы оқушылар алдын ала берілген «өзін-өзі бағалау» парағын толтырып өз өздерін бағалайды.


Shape1


VI. Білімді, іс әрекетті қорыту, жүйелеу

1. Трек сызба сызу, Венн диаграмманы толтыру

Қорытындылай отырып бүгінгі сабағымызда не білдік трек сызбаға сызып көрсетейік

слайд№13, слайд№22 Трек сызба сызу

Қиманың екі түрін Венн диаграммасын толтырып жазайық .Әр топтан кезектесіп бір оқушы шығады : 1 топ оңашаланған қима туралы, 2 топ қабаттасқан қима туралы, 3 топ екі қима түрлерінін ұқсастығын жазып шығады.


VII. Үй тапсырмасын беру: 113 беттегі №1,№2 жаттығуларды орындау. Үй тапсырмадағы тапсырмаларды түсіндіріп шығу.

VIII. Сабақты қорытындылау

Әр топтағы топ жетекшісі өзін өзі бағалау бағалау парағын бойынша алынған ұпайларын оқып шығады .

«Кері байланыс» - сабаққа ен жақсы қатысқан топты бағалау парақшаларына қарап анықтап, күлімсіреген смайликтерді беріп мадақтап шығу.


Сабақтың соңында оқушыларға өздерінің жұмыстарының жетістіктерін әр кезең бойынша баспалдақ жетістігінде көрсетуге ұсынамын.

«Жетістік баспалдағы» Әр кезеңдерді тақтаға жекелеп жазып қойылған .



Shape2





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!