жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қимақ қағанаты
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1А VI-IX ғасырлардағы Қазақстан 16 с. |
Мектеп: «№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» КММ, Шиелі ауданы |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Әбуұлы Саламат 8 777 563 02 64 |
||
Сынып: 6 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Қимақ қағанаты (2 с.) |
|
|
Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? |
|||
6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау. |
|||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтайды, Қимақ қағанатының орналасқан аумағын картада анықтайды. Қимақ қағанаты туралы түрлі деректерде айтылған 3-4 пікірді 5 минутта сәйкестендіреді, оларды 5 минут жұпта талқылайды. Басым бөлігі: 5 минутта қимақтардың 5 қаласының орналасқан аумағын анықтайды, картада белгілейді. Кейбірі: Ұлы Жібек жолының қалалар мен сауданың дамуына ықпалына 1,2 дәлел ұсынып, 5-6 минутта талдайды. |
||
Бағалау критерийі |
Қимақтардың қала мәдениетінің дамуына Ұлы Жібек жолының әсерін анықтайды. |
||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология: қимақтар, Имақия, қаған, жабғу, шадтар, әскербасылар, Ұлы Жібек жолы. Тілдік дағдыларды қалыптастыру: 1. Картадан Қимақ қағанатының орналасқан аумағын, Ұлы Жібек жолының шығыстағы тармағы өткен жерлерді белгілейді. Қимақ қалаларының орнын анықтайды. Жаңа сөздер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазады (жазылым дағдысы); 2. Қимақтар туралы жазба деректерден үзінділерді рөлге бөліп орындайды (айтылым дағдысы); 3. Араб, парсы ғалымдары мен саяхатшыларының еңбектерінен үзінділермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы). 4. Қимақ қағанаты туралы бейнематериал көріп, сыныптық талқылау ұйымдастырады (тыңдалым дағдысы) Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1. Ұлы Жібек жолы қалалардың дамуына әсер етті, себебі... 2. Қимақтарда қалалардың болғандығын ... деректер дәлелдейді. 3. ...деректің негізінде келесі қорытынды шығаруға болады... |
||
Ойлау деңгейі |
Білу және түсіну, қолдану |
||
Тарихи концепт |
Өзгеріс пен сабақтастық, дәлел, ұқсастық пен айырмашылық, маңыздылық, интерпретация. |
||
Құндылықтарға баулу |
Оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу, өзгелердің пікірін тыңдап, құрметтеу, тәртіптілік, ынтымақтастық, өзара жауапкершілік қасиеттері қалыптасады. Өмір бойы білім алуға дағдыланады. |
||
Пәнаралық байланыс |
Мәтінде кездесетін жер-су аттары арқылы География пәнімен, жазба деректер арқылы Әдебиет пәнімен байланысады |
||
Алдыңғы білім |
Түркі, Түрік (Батыс және Шығыс), Түргеш, Қарлұқ қағанаттары мен Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақытын, жер аумағы мен халқының құрамын, мемлекеттік құрылымын, саяси тарихын, тарихи тұлғаларын біледі. |
||
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері (Ж-жеке, ЖЖ –жұптық, Т-топтық, Ұ-ұжымдық, М-мұғалім, ҚБ-қалыптастырушы бағалау, ҚБТ-қалыптастырушы бағалау тапсырмасы) |
Ресурстар |
|||||||||
Сабақтың басы 5 минут
|
ҚБ: ең көп ұғымдар мен терминдерді көрсете алған оқушылар шапалақ арқылы бағаланады
|
1. Шахмат тақтасының суреті |
|||||||||
Сабақтың ортасы 6 минут
5 минут
8 минут
3 минут
5 минут
|
2. «Стоп кадр» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Bilimland.kz» сайтынан «Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер және Ұлы Жібек жолы» бейнетоптамасынан үзінді ұсынылады. Түрткі сұрақ: 1. Көрсетілім не туралы? 2. Қандай ерекшелікті байқадыңдар? 3. Көрсетілімнен не түйдіңдер? 4. Тақырыпқа сәйкес келетін қандай мәлімет алдыңдар? 2. Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру. 3. Ұ. Қимақ қағанатының құрылуы мен тайпалық құрамы туралы мәліметтер қандай жазба деректерде кездеседі? Дескриптор:
4. ЖЖ. «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» әдісі арқылы мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда әр топтағы 1-оқушы 2-оқушыға бірнеше жазбаша сұрақ дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін 2-оқушы жауап береді. Екінші бөлігінен кейін керісінше 2-оқушы 1-оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлігінен кейін екеуі 3-ші және 4-оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылардың пікірлерін тыңдағаннан кейін, қаланың пайда болуына қандай факторлар себепші болатынын түсіндіремін. ҚБ: жақсы жауап берген оқушылар «от шашу» арқылы бағаланады. 5. Ж. «Сәйкесін тауып орналастыр» әдісі арқылы кесте толтыру:
ҚБ: жақсы жауап берген оқушылар басбармақ арқылы ынталандырылады. 6. Т. Топтар Венн диаграммасы бойынша жұмыс жасайды. І топ тапсырмасы: Қимақтар мен Оғыздардың орналасқан аумағы, мемлекеттік құрылымын салыстыру;
ІІ топ тапсырмасы: Қимақтар мен Қарлұқтардың тайпалық құрамын салыстырады;
ІІІ топ тапсырмасы: Қимақтар мен Түргештердің шаруашылығын салыстырады.
Б
|
1. «Bilimland.kz» сайтынан Қазақстан тарихы пәніне арналған видеотоптама. 2. Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар). Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық (электрондық нұсқа). Алматы, «Мектеп». 2018. 45-47 бб.
4. К.С.Мұсабеков. Қазақстан тарихы қайталауға арналған оқу құралы. І бөлім. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы. Астана, 2018. |
|||||||||
Сабақтың соңы 5 минут
3 минут
|
7. Рефлексия: «Борт журналы».
8. Үйге тапсырма: (Үй тапсырмасы оқушылардың қалауы бойынша беріледі): - тақырып бойынша тірек және термин сөздермен жұмыс жасау; - «Қимақ қалалары» тақырыбына реферат жазу; - интернеттен ежелгі қимақ қалалары туралы деректер тауып, жинақтау. |
|
|||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||
Екі сағатқа берілген сабақтағы екі оқу мақсатының біріншісін бірінші сабаққа қойып, оқушылардың «білу», «түсіну», «қолдану» ойлау деңгейлеріне сәйкес жұмыс ұйымдастырылады. Тілдік мақсатты жүзеге асыруда негізгі ұғымдар беріледі. Оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін сабақтың басында зейінін шоғырландыру мақсатында «Шахмат» әдісі арқылы үй тапсырмасы бойынша ұғымдар мен тірек сөздерді жазып, мағынасын түсіндіру ұсынылады. Жаңа материалды меңгеру кезінде әр топқа топтық жұмысқа «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» әдісі арқылы оқылым, тыңдалым және айтылым дағдылары қалыптастырылады. Картамен жұмыс жүргізу арқылы жазылым дағдыларын меңгереді. Берілген тапсырмаларды орындау барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізіледі. Тапсырмаларды таңдауда және орындауда саралау жүреді. Оқушылардың алған білімдерін кеңейту мақсатында «Венн диаграммасы» қолданылады. Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға кеңесші ретінде көмек көрсетеді. Сабақтың соңында рефлексияға «Борт журналы» әдісін пайдалану арқылы оқушылар өздерінің жинақтаған білімдерін бүгінгі өткен сабақта алған білімдерімен ұштастырады. |
Түрткі сұрақтарға жауап берген оқушылар бас бармақ арқылы бағаланады. Топтық жұмыс кезінде топтар бірін бірі «Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалайды. Жұптық жұмыс кезінде тапсырманы реттілікпен дұрыс орындаған жұптарда өзара бағалау жүргізіледі. Жеке жұмыс кезінде сұраққа нақты жауап берген оқушылар от шашу арқылы бағаланады. Оқушылар кері байланыс арқылы сабақтың өту деңгейін көрсетеді.
|
Сынып бөлмесіндегі қозғалыс және АКТ-мен жұмыс кезінде оқушыларға жеке бас және техникалық қауіпсіздік ережелерін ескерту. |
|||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген