400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қимақ қағанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қимақ қағанаты жайлы, 1-5 тапсырмалардан құралған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№88 жалпы орта білім беретін мектебі»
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-

Бөлім:

6.1VI - IX ғасырлардағы Қазақстан


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Муктарова Б.Д.

Күні:

06.10.2023ж

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қимақ қағанаты.

Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау

Сабақтың мақсаты

Қимақ қағанатының қалаларын анықтайды

Қимақтардағы қалалық мәдениетінің дамуы, өндірістік қатынастар мен сауданың дамуы туралы деректерді сипаттайды

Қимақтардың қалалары туралы араб деректерін талдайды


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-тыру




Өткен білімді еске түсіру

7 минут










Жаңа тақырыпқа қадам

3 минут




І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу


«Қалаларға саяхат» әдісі арқылы оқушылардан ортағасырлық қалалардың атауларын сұрау

ІІ. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау

«5 сұрақ » әдісі арқылы оқушылар топ болып 5 сұрақ дайындап, келесі топқа сұрақтар қояды

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды


ІV.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

- Қалай ойлайсыздар сіздердің топтарыңыз не себепті осылай аталды?

- Бұл қай қағанаттың қалаларының атаулары деп ойлайсыздар?

-Қала мәдениеті дегенді қалай түсінесіздер?

-Ортағасырлық қалалардың ерекшеліктері қандай?

М Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері хабарланады.


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа білім

5 минут













10 минут

































5 минут
























10 минут



Қимақ қағанаты туралы суреттерді көрсету

Ойлау дағдысы: Түсіну

М: Оқушыларға қимақ қағанаты туралы мағлұмат беру

ҮІІІ-ІХ ғасырлар аралығында Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты. Қимақтар туралы араб, парсы, түркі, қытай деректерінде айтылған. Осы деректер негізінде қимақтардың Батыс Моңғолия даласында өмір сүргенін білеміз. Ол жерден қимақтар VІІ ғ ортасында Алтай таулары мен Ертіс бойына көшті.

1-ші тапсырма. «Ой қозғау» әдісі

Ойлау дағдысы: Қолдану

Мәтінмен , араб деректерімен жұмыс

Әр топқа топ атауларындағы қимақ қалалары туралы мәтін және деректер таратылады. Мәтінді топта талқылап, сипаттама жасап, тапсырмаларды орындайды.

1 топ Имақия – тірек сызба сызу

Деректер:

Əл-Идриси:

«Қимақ астанасы - Имекия темір қақпалы қорғандармен берік қоршалған, ішінде базарлары, ғибадатханалары бар ірі қала».

Мәтін:

Қимақтар ІХ.ғ. бастап өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүрген. «Худуд Әл-аламның» хабары бойынша, Қимақ мемлекетінің орталығы – Имақия қаласы.

Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.

2 топ Карантия- картамен жұмыс .

Картадан Қимақ мемлекетінің аумағын, Карантия қаласын көрсету.

Деректер

Тамим Ібірі Баһр: «Қимақтарда қала мəдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді, қимақ қағанының қолбасылық ордасының жанында тұратын қала жəне оның атырабында егін егетін отырықшы мекендері бар»

Мәтін:

Жазба деректердің хабарына қарағанда қимақтардың екінші орталығы – Алакөлдің шығыс жағындағы Қарантия қаласы.

3-топ Көктұма – картамен жұмыс

Картадан Көктұма қаласын тауып, қала туралы мағлұматтар айтып, қимақтардың көрші мемлекеттерін картадан көрсетіңіз

Мәтін:

Көктұма– ортағасырлық қала орны. Қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданындағы Көктұма ауылының жанында, Алакөлдің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан. Көктұманы 1957 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Табылған бұйымдардың дені қыштан жасалған заттар (хұмдар, қос құлақты құмыралар, батырып та, қалыптап та өрнектеген тақталар). Бұлар б.з. 9 – 11 ғасырларына жатады. Көктұма – 9 ғасырда қимақтардың Дамурия деп аталған қаласы, ал Шыңғыс хан империясыкезінде өлке орталық болған. Қазір қаланың орны түгел дерлік жойылуға айналған. 

Қимақ қағанаты

6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау

6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау

1-тапсырма. Кестені толтыр

Шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Егіншілік


Сауда

Дәлел келтіріңіз


Дәлел келтіріңіз












Дәлел келтіріңіз




2-тапсырма. Сұрақтарды төңкер.

1. Қимақтардың қалалары қай аймақтан көптеп кездеседі?

2. Қимақтарда жазу мәдениеті болғандығына дәлел келтір

3. Араб ғалымы әл –Идриси қимақтардың неше қаласын атады?

3-тапсырма. Адасқан әріптер.

ТСРЕІ -

ЛӨЛКАА -

МҚАИИЯ -

АТЛЙА -

АЙААРАБҒТТ -

4- тапсырма. Ретімен орналастыр.

1

Х ғасырдың басында Қимақ қағанатының шегарасында тыныштық орнады.


2

Қарахандықтар қимақ жерiне бірнеше рет әскери жорықтар жасап, Ертiске дейiн жеттi.


3

ІХ ғасыр ортасына қарай олар шығыста Алтайдан, батыста Жайыққа дейінгі тайпаларды біріктірді.


4

Енисей қырғыздарының елiне баса-көктеп кiруi туралы деректер тарихтан белгiлi.














5-тапсырма. «Балық қаңқасы» әдісі



























6- тапсырма. Тест


1. Қимақ қағанатының құрылу үрдiсi аяқталған кезең

А) ХI ғасырдың басы

Ә) Х ғасырдың соңы

Б) IХ ғасырдың соңы

В) VIII ғасырдың соңы

Г) ХII ғасырдың басы

2. Қимақ мемлекетiнің құрамындағы саны басым тайпа

А) қыпшақтар

Ә) түргештер

Б) қарлұқтар

В) саманилер

Г) оғыздар

3. Қимақ қағанатының құрылуы IХ ғасырдың ортасында мына мемлекеттiң

бiрi құлағаннан кейiн аяқталды

А) Ұйғыр қағанаты

Ә) Қарахандықтар мемлекетi

Б) Хазар мемлекетi

В) Моғолстан

Г) Түрiк қағанаты











Дұрыс жауаптары:

  1. Мал шаруашылығы

    Егіншілік


    Сауда

    Дәлел келтіріңіз

    Қимақтар негiзінен көшпелi малшаруашылығымен айналысты.


    Дәлел келтіріңіз

    Егiс алқаптары


    Дәлел келтіріңіз

    Едiл бойынан, Орталық Азиядан қимақтарға барған көптеген сауда жолдары дәлел бола алады.

  2. 1) Ертіс, Алакөл аймағынан не табылды? 2) Ертіс және Тарбағатай тауларынан табылған табылған жәдігерлер ненің болғанын дәлелдейді? 3) Қимақтарда 16 қаланың болғанын айтқан араб ғалымы?

  3. Ертіс, Алакөл, Имақия, Алтай, Тарбағатай

  4. 1

    Х ғасырдың басында Қимақ қағанатының шегарасында тыныштық орнады.

    4

    2

    Қарахандықтар қимақ жерiне бірнеше рет әскери жорықтар жасап, Ертiске дейiн жеттi.

    3

    3

    ІХ ғасыр ортасына қарай олар шығыста Алтайдан, батыста Жайыққа дейінгі тайпаларды біріктірді.

    1

    4

    Енисей қырғыздарының елiне баса-көктеп кiруi туралы деректер тарихтан белгiлi.

    2

  5. Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    8 ұстаз жүктеп алған
    08.10.2023
    998
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі