Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қимақ, қыпшақ мемлекеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша материал ретінде қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Қимақ, қыпшақ мемлекеттері
Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Оқушыларға Қимақ және қыпшақ мемлекетінің қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, саяси жағдайы мен қоғамдық құрылысы, шаруашылығы туралы түсіндіру
Дамытушылық:

Оқушылардың ой - өрісін, білімін, сезім қабілеттерін дамытуға, жеке және ұжыммен жұмыс істеу шеберлігін дамытуға, өз пікірін еркін білдіре отырып қорытынды жасауына жағымды жағдай туғызу.
Тәрбиелік:

Ата-баба тарихынбілуге,құрметтеуге,еңбексүйгіштікке,батылдыққа,ұлтжанды болуға, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі:топтастыру, алтын балық,ыстық орындық,қадамнан қадамға бессаусақ, Венн диагарммасы.
Көрнекілігі:Суреттер, слайд, карта, таратпа материалдар.

Пәнаралық байланыс: География, дүние жүзі тарихы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу,оқу құрал-жабдықтарын тексеру, сабаққа назарын аударту.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.Топқа бөлу.

.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Қадамнан қадамға» ойыны әдісі арқылы сұрау.

ойынының сұрақтары
1.Түргештерді 14 жыл билеген қаған?(Үш Елік қаған)

  1. Қарлұқтар Ұйғырлардан қай жылы жеңіліс тапты? (744жылы)

  2. Түркештердің ордасы?(Суяб қаласы)

  3. 751 жылы шілде айында қандай қанды шайқас болды?(Атлах шайқасы)

  4. Қарлұқ қағанатының кезеңі?756-940 жж.

  5. Қарлұқ елінің негізгі топталған жері?(Алтай тауынан Балқаш көліне дейін

  6. Оғыздардың жоғарғы билеушісі?Жабғу

  7. Оғыз мемлекетінің кезеңі?ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басы

  8. 756 жылы Қарлұқтар құлатқан Түркеш мемлекеті қанша уақыт өмір сүрді?Жарты ғасыр (52 жыл)

  9. Қарлұқтар түргештерді қай жылы талқандады?756ж

  10. Түргеш қағанатының кіші ордасы? Күңғіт

12. Арабтар сүзеген деп атаған Түргеш қағаны Сұлу

13. Орналасқан жері-Іле өзенімен Шу өзені аралығы,Іле Алатауынан Балқаш көліне дейін

14. Түргештер нешеге болінді-2

15. Түргеш қағанаты неше әкімшілік аймаққа бөлінді-20

16. Қарлұқтар еліндегі қалалардың саны?-25

17. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуғақоныс аударуы саудаға байланысты екенін айтты-В.В.Бартольд

18. VII-ғ басындағықытайдың Таньшу хроникасында көрсетілетін Қарлұқтардың құрамындағы тайпалар-Бұлақ, Жікіл,Ташлық

19. Қарлұқтар тұрған аймақ--халық неғұрлым жиі қоныстанған және нң бай жерлер деп----Худуд-әл-алам

20. Тургештердің өмір сүрген уақыты---704-756



III. Жаңа сабақ Видеоролик

Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері туралы мәлімет

Мақсаты: ІХ-ХІІІ ғасыр аралағында қазақ жерінің солтүстік шығыс,орталық, батыс аймағын мекендеген Қимақ және Қыпшақ мемлекеттерімен таныстыру. Қазақ халқының ата-тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.

Мұғалімінің әрекеті

«Түсіну»

Ой-қозғау: Картаға қарап отырып екі мемелекеттің орналасу аймағын табу.

Қимақтар- ІХ-ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басы (1,5 ғасыр өмір сүрді)

Қытай жылнамаларында жазылған дектерге қарағанда Қимақтар б.з.д өмір сүргендігі байқалады. ҮІІ ғасырдың басында қимақтар Моңғолия жерінің солтүстік-батысын мекендеген.

Батыс Түрік қағанаты ыдырағанда кезінде қимақтар Алтайдың солтүстік ауданы мен Ертіс өңіріне көше бастайды. Моңғолия жерінің солтүстік-батысын мекендеген Қимақтардың ішінде қыпшақтар да болған.Орта ғасырлардағы парсы тарихшысы Гардизидің айтуы бойынша Қимақтардың құрамында 7 тайпаның болғандығын жазған.Олардың ішіндегі атақтылары қимақтар мен қыпшақтар –деді.766-840 жылдары қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл маңына ойысады.840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырағаннан кейін олардың құрамындағы біраз тайпалар:



Қимақтардың орталығы –Имақия, екінші қаласыАлакөл жағасындағы Карантия қаласы болды.

Қоғамдық құрылысы

Қаған

Яғбу

Имек байғу, қимақ яғбу

Тайпа көсемдері : Шад, түтік

Шонжарларға Яғбу,шад






Саяси жағдайы

Жазба деректерде қимақтар ІХғасырда тоғыз-ғұздар жерінің бір бөлігін қол астына алады. Х ғасырда тоғызғұздардардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алады.Енесей бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасайды.Х ғасырдың екінші жартысында қимақтар жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасайды.Мұндай жорықтар ХІ ғасырда жиілей түседі. Осы жорықтардыңәсерінен Қимақ мемлекеті әлсірей бастайды.

2. Қыпшақтар - ХІ-ХІІІ ғасырдың басы (2 ғасыр өмір сүрді)

Қимақ қағанатының жері ХІ ғасырда құрылған Қыпшақ қағанатының қолына толығымен көшті.Шығыста Алтайдан басталып, батысында Днестрге дейінгі кең-байтақ аумақты алып жатты.

• Алтайдан Еділге дейінгі аралықтың “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп атаған.

Қыпшақтардың этникалық құрамы ҮІІ-ҮІІІ ғасырда қалыптаса бастаған.



Изображение 5





Қыпшақ бірлестігіндегі түрік тілдес тайпалар:

• Қимақ

• Оғыз

• Құман

• Ежелгі башқұрттар. XII ғ бастап Арал маңындағы

• Қаңлылар

• Қарлұқтар

• Жіліктер қосылған

Еуропа саяхатшысы Плано Карпинидің “қаңлылар қыпшақша сөйлейді екені” дегені толық дәлелдейді.

2. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы

Қытай тарихшысы Жүзжани бөрілерді хан әулиетінің тайпасы деп атаған.

Хандық биліктің орталығы “орда” деп атаған

Әскери басқару жүйесі бойынша оң және сол қанат болып бөлінді.

• Оң қанаттың күші және беделі басым орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы

• Сол қанат орталығы Сырдария өзені бойындағы Сығанақ қаласы

Екі қанатқа бөлу билікті мызғытпай ұстан отыру үшін жасалған еді.

Изображение 12





құлды «яланкуг»

3.Қыпшақ хандығының саяси жағдайы

ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығын қыпшақтар мекендеді.Х ғасырдың аяғы –ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекетінің жағдайы нашарлай бастайды. Осыны қыпшақтар дер кезінде пайдаланады.Еділ өзеніне дейінгі жерді иеленеді.Оңтүстік орыс далаларын 1055 жылы жаулап алған қыпшақтар «половцы» деп атаған. Кавказ, Кырым жерлерін алып, шекераларын Донға дейін ұлғайтады. Византия, Еуропалық жылнамаларында , Венгр деректерінде: «Кундар» «командар» деп аталаған.

Қыпшақтар Хорезм елімен қатынасты жақсартуға тырысады.

Хорезм билеушілері Текеш пен II Мұхаммед қыпшақ ханы Қадыр Букехан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып, Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды. Билік үшін бәсеке тек 1219-1224 жылдары монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.





Екі елдің шаруашылығы жайына тоқталу.

Қимақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты.Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды,балық,аң аулады,тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады.Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды.Олар жылқы,қой,сыйыр,өгіз,түйе өсірді.Жылқы мен қой басым болған.Жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сыйыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді.Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған.Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан.Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын,бүркіт сиақты құстарды,жүйрік тазыларды пайдаланған.Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып,сауда қатынасын жүргізген.Аң аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары балық аулаумен шұғылданған,олар кішкене қайық,кемелерді пайдаланған.Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен,соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан.Қыпшақтар негізінен тары өсірген.Олар жетіспеген астықты Орта Азияның егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап алып отырған.Қыпшақтарда үй кәсібі,қол өнер жақсы дамыған.

1- Тапсырма

Алтын балық ойыны сұрақтары

1..Қыпшақтардың оңтүстіктегі астанасы (Сығанақ)

2. Қыпшақтардың ең әуелі мекендеген аймағы(Алтай,Саян таулары

3. Дешті қыпшақ сөзінің мағынасы(қЫПШАҚ ДАЛАСЫ)

4. Қыпшақ тайпаларының басында кім отырды?(хан)

5. Қыпшақтар туралыжазған қытай жазушысы (Сыма-Цзянь)

6. Қимақтардың астанасы (Имақия)

7. Қимақтардың батыс шекарасы(Oңтүстік Оралдың шығыс бөлігімен Арал жағалауларына дейін)

8. Қимақтардың шаруашылығы туралы айт

9. Қытай деректерінде қимақтарды қалай атады? Яньмо

10. Құрамына қанша тайпа кірді 7



2-Тапсырма

Венн диаграммасы


Қимақтар Ұқсастығы Қыпшақтар

Shape1

Shape3 Shape2







Кері байланыс


«Бес саусақ» әдісі

ҮІ. Үйге тапсырма беру

Қимақ пен қыпшақ мемлекеттері туралы мәлімет жинақтап келу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
1169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі