400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қимыл әрекетін жетілдіру. Қимыл дағдысы.Дағды дамуының ақырындалуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы дегеніміз - жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл-әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс №18


Тақырыбы: Қимыл әрекетін жетілдіру. Қимыл дағдысы.Дағды дамуының ақырындалуы.


Жоспар:

1.Жаттығуды қайталау.

2. Өсу және даму барысында балалар қозғалысының қалыптасуы

3.Дағдының қалыптасуы

4.Дағдының бұзылуы


Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы дегеніміз - жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл-әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Қимыл дағдысы әр түрлі қозғаушы факторларға қарсы жоғары тұрақтылық танытады (жаттығуды басқа спорт залда орындау, көрермендер әсері, әр түрлі ауа райы жағдайлары т.б.). Қимыл дағдысын қалыптастырғанда қозғалыс дәлдігі жақсарады, қимыл ырғағы жетіледі, жеке қозғалыстар біртұтас қимыл-әрекетке айналады. Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде анализаторлар қызметін бөлу үрдісі қатар жүреді. Қимыл анализаторларының мәні артады, өйткені бұлшық еттердің сезімталдығы қозғалысты бақылауда жетекші рөл атқарады. Көру анализаторларының қызметі қоршаған сыртқы ортадағы жағдайды және әрекеттің нәтижелілігін бақылау қызметіне ауысады. Қимыл дағдысы жаттығуды көп қайталағанда пайда болады. Жаттығуды дұрыс қайталау үйрету міндетіне, оқу материалының күрделілігіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту әдістемесінің жетілгендігіне байланысты. [1]

Тәжірибеде қайталаудың екі жолы қолданылады: созылмалы – көптеген сабақтарға бөле қайталау; түйінді – қысқа мерзімде бір немесе бірнеше сабақта қайталау.

Созылмалы қайталау кезінде қолайлы дұрыс тынығу аралығы болса, көлемді оқу материалын игеру кезінде, жаттығушылар үлкен дидактикалық әсер алады (мысалы, гимнастикадағы еркін жаттығулар). Бұл үрдісті екі себеппен түсіндіреміз: біріншіден, жаттығу техникасының есте сақталуы, яғни меңгеріп жатқан оқу материалын жаттығуды орындап жатқанда ғана емес, тынығу аралығында да ұғыну, ойлау. Екіншіден, жаттығуды меңгеру үрдісінің, ағзаның бұлшық ет әрекетіне, бейімделу қызметіне байланыстылығы, яғни жаттығуды орындау барысында ғана емес, қалпына келу кезеңінде де сақталады.Тынығу аралықтарының жиілігі мен ұзақтығын белгілегенде (жалпы уақыт ұзақтығы бірдей) сирек және ұзақ тыныққанға қарағанда, жиі және аз уақыт тыныққан кезде спортшы ағзаның жұмыс қабілеттілігі артатынын ескеруіміз керек. Сондықтан да сабақтарды біріктіруге болмайды. Түйінді қайталау тездете үйрену негізін құрайды. Оны жеңіл оқу материалын үйренгенде қолдану тиімді. Бұл екі жағдайда да қайталау сипаты әр түрлі болады. Бастапқы үйрену мезгілінде қайталау жиілеп, сонан соң біртіндеп азаяды. Жаңа тәсілді тұрақтандыру үшін бастапқы жаттығу жиі қайталануы керек, ал ол бекіп алған соң қайталауды азайтуға болады. [2]

Қимыл дағдысы әр түрлі және біртіндеп қалыптасады.

Өсу және даму барысында балалар қозғалысының негігі сапасы және үйлесімділік қабілеті қалыптасады. Жас кезеңдерінде олардың тиімді және нәтижелі өтуіне өзіндік сезімтал кезеңдері сәйкес келеді. Ол әрбір бұлшықет әр түрлі мерзімдік (гетерохронды) өтеді. Мәселен жазғыш бұлшықеттердің күші 16 жаста, ал бүккіш еттер 20 жаста ең жоғары дәрежесіне жетеді. Оның жедел жетілу жеткіншектік кезеңде байқалады, ал 18 жаста күштің өсуі баяулайды. Ол 25-26 жаста аяқталады.

Саусақ бұлшықеттерінің күші 7 жаста 12-13 кг: 10 жаста –17-20 кг: 14 жаста –27-35 кг: 17-де 31-48 кг.

Бел бұлшықеттерінің күші 7 жаста 31-34 кг, 10д жаста 38-42 кг, 14 жаста –53-54 кг болады.


Қозғалыс істерінің жылдамдығы дамуы 4-5 жаста басталып, 14-30 жаста ең жоғары сапасына жетеді, сезімтал кездері 6-14 жаста байқалады.

Қимыл дәлдігі қозғалыстың үйлесімдігін көрсетеді, ол қозғалыс талдағышының дамуына байланысты. Балалар 4-5 жаста дәл, нәзік жеті қимылдар жасай алмайды. Мұндай әрекеттік қимылдар 6-7 жаста басталып 25-30 жаста максимумға жетеді, оның сезімтал кезі 11-16 жаста бастлады.

Ептілік – дәл қимыл жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17- жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өтеді.

Бұлшықеттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінгі балалар қзақ жүктемелерден сақтануы керек. Шыдамдалықтың жоғары сапасы 25 жаста аяқталады.Бұлшықеттер жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді. Ол ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді. Икемділіктің сезімтал кезеңі 3-8 жастың арасында байқалады.

Қимыл дағдысының қалыптасуы төрт түрге бөлінеді:

1. Дағдының «жағымсыз тездете» қалыптасуы. Үйрету барысының басында қимыл-әрекетін игеру тез, сонан соң баяулап қалады. Өйткені қимылды орындаудың техника негізгі тез қабылданады да, бөлшектері ұзақ меңгеріледі.

2. Дағдының «жағымды тездете» қалыптасуы. Бұл үйренудің бас кезінде болады, осы кезде дағды ақырындап, сонан соң тезірек қалыптасады. Қалыптасудың осы түрі күрделі әрекеттерді үйренген кезде байқалады, жаттығу техникасын бөлшектеп үйреніп барып толық орындаған кезде, жақсы меңгерген қимыл-әрекеттер дағдының тез өсуін шапшаңдатады.

3. Дағды дамуының ақырындауы. Мұндай жағдай дағдының жетілу деңгейіне жеткен кезінде пайда болады. Дағды неғұрлым жетілген сайын оның одан әрі дамуына қажымас қайрат, көп еңбек және педагогикалық шеберлік керек.

4. Дағды дамуының тоқталуы – үйрету әдістері қате, тиімсіз болғанда, дене қуатының даму деңгейі (күш, ептілік т.б.) төмен болғанда, жаттығуды ебедейсіз (қорқыныш, шаршау), ыңғайсыз жағдайда (нашар спорт жабдықтарында т.б.) орындағанда пайда болады.

Оқытушы дағдыны қалыптастыру кезінде осы жағдайларды байқап, уақытында түзетіп отыру қажет. [1]

Қимыл-әрекетін жетілдіру кезеңі: Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп- жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Жоғары қозғалыс шеберлігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі үйрету үрдісінің соңғы межесі.

Дағдының бұзылуы. Мықты қимыл дағдысы уақытылы баянды етіліп отырылса, көп жылдар бойына спортшы денесінде, санасында сақталады, қажет кезде қозғалып қолдануға болады. Ондай бекітулер болмаса, дағды бұзылады, қимыл дәлдігі жоғалады, жаттығу орындаудың (өз күшіне сенбеушіліктен), нәтижелігі нашарлайды. Бірақ дағды түгелімен жоғалып кетпейді, негізі сақталады және қайталанған соң тез қалпына келеді.

Қимыл дағдыларының ауысымы. Дене тәрбиесінің тәжірибесінде қалыптасатын қимыл дағдыларының бір-бірімен біріге әрекеттенуі жағымды және жағымсыз жағдай туғызады. Ертерек қалыптасқан дағдының, келесі дағдының қалыптасу үрдісін жеңілдетуін жағымды ауысу дейміз. Бұл жағдайда алдыңғы қалыптасқан дағдының жаңа үйренетін қозғалыстарға ұқсас элементтерін қолданамыз. Мысалы, оқушы гранат лақтыру техникасын жақсы меңгерген болса, найза лақтыру техникасын да тез меңгереді. Ертерек қалыптасқан дағдының келесі дағдының қалыптасу үрдісін қиындатуын жағымсыз ауысу дейміз. [2]


Қимыл дағдының жетілу процесі шексіз, оның негізгі міндеттері жаттығушы тұрмыс, еңбек спорттық әрекеттер дағдыларын еркін меңгеруге үйрету. Дағдының тәрбиесінің құндылығы осында. Сонымен жоғарғы қимыл ептілігі дегеніміз қалыптасқан қимыл –дағдылары нақты өмір жағдайларында қолдау шеберлігі , ( жүгіру , секіру және басқа өнеркәсіптік әскери әрекеттер) үйрету мақсатының соңғы межесі алға қойған міндеті орындау үшін, қимыл дағдысын мынандай жолмен жетілдіру керек: біріншіден , жаттығуды орындау тәсілінің дағдылығы, екіншіден қимыл дағдыларының меңгерудің вариаттарын игеріп көру: үшіншіден меңгерген қимыл дағдысын әртүрлі қозғалыс әрекеттеріне пайдалану шеберлігін игеру: төртіншіден өзгеретін әрекет жағдайына сай ауысып, бейімделе біліу қабілетін меңгеру: бесіншіден: жаңа қалыптасқан дағдының ерте игерілген дағдымен әртүрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.

Қимыл дағдысын жетілдіру әртүрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орнында ойын және тұтас үйрету әдістер алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау тәсіліне өзгеріс керек болса, бөлшектеу әдісі қолданылады.

Жоғары қозғалыс шеберлігі. Қимыл дағдысының жетілу үрдісі шексіз болып келеді. Оның негізгі міндеттері – оқушыны тұрмыс, еңбек, спорттық әрекет дағдыларын еркін меңгеруге үйрету. Дағдының тәжірибелік құндылығы осында. Егер оқушы спорт залда секірген биіктіктен, табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тәжірибелік құндылығы болмайды.

Сонымен жоғарғы қозғалыс шеберлігі дегеніміз – қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі – үйрету үрдісінің соңғы межесі. Алға қойған міндеттерді орындау үшін, қимыл дағдысын мынандай жолмен жетілдіру керек:

- жаттығуды орындау техникасының даралығы;

- қимыл дағдыларын меңгерудің нұсқауларын меңгеріп көру;

- меңгерген қимыл дағдысын әр түрлі қозғалыс әрекеттерге пайдалану шеберлігін меңгеру;

- өзгерген әрекет жағдайына сай ауысып, бейімделе білу қабілетін меңгеру;

- жаңа қалыптасқан дағдыны ерте меңгерген дағдымен әр түрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.

Қорытынды: Қимыл дағдысын жетілдіру әр түрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйрету әдістері алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау техникасына өзгеріс енгізу керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қолданылады. [3]



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.Төтенай Дене тәрбиесі. – Астана.: Фолиант, 2017ж

2.Е.Уанбаев Дене тәрбиесінің әдістемесі. - Өскемен 2010ж;

3.С.Тайжанов с.Қасымбекова Дене тәрбиесі әдістемелік нұсқау.- Алматы.: Мектеп, 2004.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
2305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі