жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қимыл-әрекетке үйрету кезеңі. Қимылды бөліп немесе тұтас орындау.
Дәріс№17
Тақырыбы: Қимыл-әрекетке үйрету кезеңі. Қимылды бөліп немесе тұтас орындау.
Жоспар:
1.Табиғи қозғалыстар
2.Қимыл әрекетке уйрету әдістері
Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелерде базасы кеңінен пайдалануы керек.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ және гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбие жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.
Мектепте дене тәрбисін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:
Бұл кезеңнің міндеті-оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну,ұғыну процесі қалыптасу кезеңінде бір-біріне байланысты үш кезең пайда болады.Үйрену міндеттерін ұғыну. Оқушының міндетібір сабақта (мысалы,шаңғымен сырғанауға үйрету) немесе бірнеше сабақта (мысалы,шаңғымен екі адамды, кезекпе кезек таяна сырғанау тәсілі) орындауды ұғыну.
Оқушылар тәсілдің негізін түсінуі керек, ал бөлшектерін келесі оқыту кезеңдерінде үйренеді.Орындау жобасын құру.Бұнда оқытушы қимыл тәжірибесі мен білімін ұсынады,ал оқушыда сол арқылы жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады.Қимылды бөліп немесе тұтас орындау. Қимылды орындап көру танысу кезеңінің бастапқы элементі.Орындап көру арқылы оқушы өзміндетін қаншалықты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін қалай құрғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекеттің күрделігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады.
Қарапайым жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс тәсілін тұтас орындағанда оқушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау қолдану қажет.
Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдыттарын спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық – гигиеналықталаптарды орындау, оқушыларды жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.
Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және суықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді.[1]
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында, спорттықө базаларда іске іске аыру үшін төмендегі талаптарды – міндеттерді еске алған жөн:
-
Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
-
Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
-
Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және
қабілетін дамыту.
-
Негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
-
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдар
-
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстарына жатады.
Сабақ – дене тиәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.[1]
Мектеп ұжымында спорт секциялары жұмыс істейді, спорттың түрлерінен жаппай жарыстар өткізіледі, қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындауда жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылады, оқылар спорт жұмысының көптеген түрлеріне қатысады.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт , табиғи факторлар жатады.
Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады.
Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде мынадай жағдайларда қолданылады.
- қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде;
- дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жүргізілетін жаттығу сабақтарында;
- қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда;
- бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде.
Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т.б.).
Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жетілдіруге жақындататын жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар біртұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.[2]
Қимылды меңгерудің бірінші деңгейін бастапқыда ешбір жаттығушы аттап өте алмайды.Шындығында,дағдыға өту үшін бұл өту деңгейінің ұзақтығы әр түрлі және ол оқушы қабілеттілігіне,үйрету әдісіне қимылдың күрделілігіне және басқа себептерге байланысты. Байқап көру үйренетін қимылдың күрделілігі мен жарақат алу қаупі дәрежесіне байланысты түрліше жүзеге асырылады. Жаттығу өте қарапайым болғанда байқап көру арқылы қозғалыс қимылын тұтастай орындау қажет. Осылайша үйренетін қимыл туралы жалпы түсінік қалыптасады, міндетті шешу жобасының дүрыстығы тексеріледі. Егер байқап көру табысты болса немесе қимыл негізінде дұрыс орындалған болса, онда әрі қарай үйренуді тұтастай үйрену әдісімен жүзеге асырған тиімді. Күрделі қозғалыс қимылдарын үйренуде түтастай байқап көру қауіпті болса, оқушы бөліктер бойынша байқап көруді қолданады. Бұл үшін техника негізін құрайтын жетекші жаттығуларды тандайды.
Бұл кезеңнің басты міндеті-жаттығулар арқылы техника негізіне жэне жетекші қозғалыстарға үйрету. Мұндай міндеттерді орындау үшін: біріншіден, қозғалысты орындауда артық күш жұмсауды жою; екіншіден, керексіз қозғалыстардың пайда болатынын ескерту жэне оны жою; үшіншіден, қозғалыс қимылының жалпы реттілігіне қол жеткізу қажет.
Бұл кезенде үйрету әдістерінің барлық топтары кең пайдаланылады. Мұғалім сөзді қолдану әдісін де (түсіндіру, тапсырма, нұсқау, пәрмендер), көрнекі қабылдау әдісін де (көрсету, плакаттар) қолданады, алайда практикалық әдістер: бөліктер бойынша және тұтастай үйрену әдістері негізгі орын алады.
Қозғалысты оқушының орындау сипаты әр түрі жүйке орталықтарына қозудың таралуына жэне ішкі тежелудің даму жеткіліксіздігіне негізделген. Бұл сыртқы түрде қозғалыстардың пайда болуымен қатар жүретін қозғалыс қимылдарының жалпы жобасын ғана жасайтын қабілеттілік немесе артық күш жүмсап (қозғалыстағы қысылып-қымтырылу) ырғақты дұрыс орындамаса да, қажетгі қозғалысты орындаудан көрінеді. Бұл жағдайда қимылды орындау барысында оқушының назары эрбір қозғалысты бақылауға ,-бағытталады. Нәтижесінде, ол өзінің санасын қозғалысты орындауға жәрдемдесетін жағдайларды бағалауға бағыттай алмайды. Артық күш жүмсау және тез шаршайтын жағдайда да жүмыс атқарылады.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл
оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін
туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін
молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар
күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында
адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен
ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың
қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар
тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте
құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер,
ата-аналар, ересек адамдар арасында
жетілдіреді.
Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады.
Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде мынадай жағдайларда қолданылады.
- қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде;
- дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жүргізілетін жаттығу сабақтарында;
- қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда;
- бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде.
Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т.б.).
Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жетілдіруге жақындататын жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар біртұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.
Үйрету әдісін анықтағанда, оқушы өз қозғалыстарын бақылауды көп жағдайда көру арқылы жүзеге асыратынын есте үстау керек. Қозғапыс кезінде пайда болатын бұлшық етгер сезінуінің өзі толық маімнасында талдау жасай алмайды (салыстыру, айыру, бағалау). ('ондықтан бір жағынан, көру жэне есту бағдары үшін әдістемелік тәсілдерді, екінші жағынан, бұлшық еттердің сезінуі мен талдау қабілеттілігін әрқашан дамыту қажет.
Қозғалыс міндеттерін шешу әдістері әлі түрақты емес және салыстыру жолымен оны шешу үшін жеке қозғалыстарды түтас қимылға біріктіру үшін баланың көп ізденуі керек.
Қорытынды: Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқа ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс – әрекеті жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет.[3]
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Төтенай Дене тәрбиесі. – Астана.: Фолиант, 2017ж
2.Е.Уанбаев Дене тәрбиесінің әдістемесі. - Өскемен 2010ж;
3.С.Тайжанов с.Қасымбекова Дене тәрбиесі әдістемелік нұсқау.- Алматы.: Мектеп, 2004.
3

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген