400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қимыл-қозғалыс ойындары"

Материал туралы қысқаша түсінік
дене жаттығуларын қалпына келтіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастарылған оқу қызметінің конспектісі



Күні: 11.06.2020ж

Білім беру саласы:Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Біздің шаңырақ»

Мақсаты: Туыстық атаулар,отбасы,жанұя туралы ұғымдарын кеңейту.Жұптық жұмыс арқылы бірін-бірі тыңдауға ,тіл табысуға бейімдеу.Қарапайым зерттеу іс-әрекеті арқылы баланың ойларын жеткізуге ынталандыру.Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету,өзара сыйластыққа татулыққа тәрбиелеу.

А ОҚ барысы Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз.

Салем,салем салем.

Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендер күлкілеріңмен,мейірімді жүздеріңмен менің жүрегімді жылытасыздар.

-Балалар сіздер отбасы,жанұя деген сөздерді қалай түсінесіздер? Айта қойыңыздаршы?

-Менің ойымша отбасы атамыз,әжеміз, әкеміз,анамыз, ағаларымыз,әпкелеріміз,бауырларымыз.

-Ендеше балалар біздің қазақ халқы бұрынғы заманнан осы атап айтқан отбасы мүшелерін үлкен алып ағаштармен байланыстырған.Бүгін ойын сбақ барысында тапсырмаларды орындай отырып,ол ағаштың қалай аталатынын білетін боламыз,келістік пе?

Балалар мына ағаш мықты болып өсу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?Оны анықтау үшін алдарыңыздағы конвертті ашып ағаштың өсуіне қажетті заттардың пирамидасын құрып көрсетіңдерші.Балалар жұптасып пирамида құрайды.

Жеке –жеке тақтаға пирамиданы ретімен орналастырады,талдау жасайды.

Өсімдік жақсы өсу үшін-топырақ,адамның еңбегі,су,ауа,күн.

Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Ал балалар мына алып ағаштың мына бөлігі қалай аталады?

-Діңі

Қазақ халқы аталарымызды,әжелерімізді осы ағаштың діңіне теңейді екен.Ата-әжелеріміз ақыл үйретеді,жақсы тәлім тәрбие береді.Осы атамыз бен әжемізден әкеміз ,анмыз жақсы тәрбие алса-оларды ағаштың бұтағына теңеген екен.Ал,балаларды –жапырақтарға теңеген.Әкелеріміз бен аналарымыз жақсы тәрбие алып ұрпағына жалғастырып отырады.

Балалар, қараңыздаршы деп балалардың назарын шаңыраққа аударту.Енді мына жердегі таспаларды алып әрқайсың өз отбасыңды сипаттайтын сөздермен таспаларыңызды мына шаңыраққа орналастырыңыздаршы.Балалар таспаларымыз әртүрлі,себебі біздің отбасымыз да әртүрлі.

Менің отбасым –тату,мейірімді,еңбекқор,тәртіпті деп таспаларды орналастырады.Қараңыздаршы шаңырағымыз жақсы тілектер айтқасын әдемі болып көтерілді.

Жарайсыңдар балалар!

Балабақша біздің екінші үйіміз.Біздер күннің көп бөлігін осы балабақшада өткіземіз.Сол себепті біздерде бөбекжайда таату болуымыз қажет.

-Енді балалар алдарыңыздағы шыбықтарға қараңыздаршы.Оларды майыстырып көріңіздерші.

-Міне көрдіңіздерме жамандық жасаса,жалғыз адам жамандыққа төтеп бере алмайды.Ал біріккен шыбықты сындырып көрейікші сынды ма?

-Жоқ .Себебі біздер отбасында бәріміз біріксек ешқандай жамандық жоламайды.Қандай жағдай болмасын төтеп бере аламыз.Отбасымыз ұйымшыл,мейірімді,тәртіпті болуы қажет.

Сіздер ата-наларыңызға қалай көмектесесіздер?

-Балалардың жауабы.

Ал балалар не сурет көріп тұрсыздар?

-Бәйтеректің суретін.

-Қайда орналасқан?

-Нұр Сұлтан қаласында орналасқан.

-Балалар біздің отбасылық ағашымызда осы бәйтерек атауымен аталады.

«Бәйтерек отбасылық ағашы»

Тақпақ.

Отбасы мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем бар,анам бар.

Бір туған ағам бар

Бір туған әпкем бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін еремін

Қортындылау.

Балалар бүгін біздер кімдер туралы әңгімелестік?

Не ұнады?

Қиналған жерлерің болды ма?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі