жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қимыл-қозғалыс ойындары мен эстафеталардың бала денсаулығын шынықтырудағы маңызы.
«Заман талабы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық XVII педагогикалық оқуларына қатысуға
Өтінім қағаз
|
1.Автордың толық аты – жөні, тегі |
Кулмашева Камал Амиржановна |
|
2. Жұмыс орны |
Жамбыл атындағы орта мектебі |
|
3. Қызметі |
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
|
4. Ғылыми дәрежесі, лауазымы |
- |
|
5. Жұмыстың бағыты |
Дене шынықтыру |
|
6. Мақаланың атауы |
Дене тәрбиесі сабағында бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін қимыл – қозғалыс ойындары мен эстафеталардың бала денсаулығын шынықтырудағы маңызы |
|
7. Байланыс телефондары |
ж/т: 87123424 699 ұ/т: 8702 472 96 87 |
|
8. Электрондық почтасы E – mail: |
k.kulmasheva@mail.ru |
Аңдау хат
Мұғалім «Дене тәрбиесі сабағында бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін қимыл – қозғалыс ойындары мен эстафеталардың бала денсаулығын шынықтырудағы маңызы» тақырыбындағы баяндамасында оқушыларды белсенділікке, ерік – жігерін еркін билеуге, батылдыққа, табандылықпен шешім қабылдай білуге негізделген қабілеттерін жетілдірудің түрлі әдіс – тәсілдеріне тоқталған.
Annotation
.
On the physical education lessons conducted by the teacher of primary
classes the mobile games of children and the importance of health in its
relay activity of children, will and free content, class, abilities to make
decisions based on a variety of strongly improving the methods and ways.
Жамбыл орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Кулмашева Камалдың педагогикалық оқуға жазған жұмысына
Пікір
Камал Амиржановна осы мектепте 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өз жұмысын тиянақты орындайды. Дене шынықтыру сабағында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру тақырыбындағы баяндамасында оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдана білген. Камал Амиржанқызының алдына қойған мақсаты: жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына байланысты жұмыс түрлерін саралай отырып әдіс – тәсілдерді таңдай білген. Тиімді педагогикалық іс - әрекетті қолданудың жолдарын ортаға салуға тырысады.
Бірлестік жетекшісі: М.Жумагалиев
Жоспар
І.Кіріспе.
ІІ.Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
1.Қимыл қозғалыс ойындары мен эстафеталардың алатын орны мен маңызы
2. Ойындармен эстафеталарды өткізу.
ІІІ Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҚИМЫЛ – ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ МЕН ЭСТАФЕТАЛАРДЫҢ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ШЫНЫҚТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Кулмашева Камал Амиржановна - Жамбыл атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Индер ауданы Есбол селосы
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл ,
Үшеуімен болады бақытты өмір»
Ақын М.Жұмабаев
Дене шынықтыру сабағы өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және оқушылардың жан –жақты дамуына, күшті де, қуатты болып өсуіне, өмірге,еңбекке және Отанды қорғауға даярлауға қызмет етеді. Жалпы білім беретін мектептегі дене шынықтыру сабағының міндетті оқушылардың денсаулығын нығайту, табиғи күш- қуатын арттыру, дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы, қабілеті мен мүмкіндіктерін және сол мүмкіндіктерді білу және сол мүмкіндіктерге орай өз бетінше қимыл –қозғалыс жаттығуларын орындап,өзін-өзі үнемі дұрыс ұстап, көңілді де сергек жүруге баулу.
Мектептегі дене шынықтыру салауатты өмір салтына бейімделуіне бірден -бір үлесін қосатын пән болып табылады.Бұл бағыт өскелең ұрпақтың нашақорлыққа,маскүнемділікке, шылым шегуге әуестенбеуі үшін оларды өмір мен өлім арасындағы проблемаларға әкелмеуі үшін жасақталған.
Дене шынықтыру сабағындағы әр түрлі ойындар оқушыларды тек татулықпен бірлікке ғана шақырып қана қоймай,сана сезімін, өмірдегі әр түрлі жағдайлардан оңай шығып кетуіне көмектеседі.Ал, оқушы жеке бір спорттың түрімен айналысса, ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, мінез- құлқын дұрыстап, жасаған қабілеттерін сараптап,оны қайталамауға үйренеді.
Дене шынықтырумен және спортпен айналысу оқушыны адал,ар намысы жоғары ішкі де, сыртқы жан дүниесі бай болуына әсер етеді. Олар отансүйгіш ел үшін қандай жағдайда да өзіне-өзі берік болады.
Мұндай қасиеттре қазіргі егемен Қазақсатнның жас ұрпақтарына өте қажет.Ерте жастан дене шынықтырумен айналысу адамның дүниесіне ғана емес, оның сана сезіміне, ішкі жан дүниесіне қатты әсер етеді. Қазіргі кезде мектептегі дене шынықтыру пәніне мемлекет тарапынан, қоғамдық және жеке адамдар тарапынан көп қолдау қажет. [1,28 бет]
Дене тәрбиесінің негізгі көздейтін мақсаты- балалардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар, ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық ,т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау.
Дене шынықтыру адамның жасына, мамандығына қарамайды,күнделікті ертеңгілік жаттығуларды орындау денсаулықты сақтауға, дене қимылының әсем және ықшамды болуына әсер етеді.
Спортпен шұғылданған адамның бұлшық еті шымыр, тұлғасы сымбатты, ауру-сырқаудан аулақ болады. Сондықтанда халқымыз: «Тәні саудың, жаны сау», –деп айтқан.
Дене шынықтыру сабағында оқушылардың ақыл-ойының жақсы дамуны тікелей әсер ететіндігін байқадым. Мысалы, «Жүзден жүирік –мыңнан тұлпар» атты эстафеталық сайыс сабағында оқушылардың белсене қатыса отырып, ойынның кезінде оқушылар ойлау арқылы шапшандылық, жылдамдық көрсетті. Сондықтан дене шынықтыру сабағында адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың бойында бұғып жатқан ізгілік қасиеттерін шыңдап, ақыл-ойын, парасат – паймын дамыту,ойын өріске шығару болып табылады.
Дене тәрбиесі сабағында мұғалімнің ең басты қаруы – қарапайымдылық.
Оқушының бойындағы жауапкершілікті арттыра түсу үшін ұстаз оған сенім артуы тиіс.Оқушының өз бетінше шешім қабылдауына жағдай туғызған жөн. Бірақ, мұғалім әрбір оқушыны бақылап жүріп, оларға дер кезінде қажетті тәрбие беріп отыру керек.
Дене тәрбиесі деген сөз дене мәдинеті деген ұғымды білдіреді. Демек, біздің міндетіміз мәдинетті, еңбекқор адамды тәрбиелеу. Мәдинетті адам еңбектің қадірін жақсы біледі және өзінің де еңбегі жемісті болады.
Дене шынықтыру сабағы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге септігін тигізеді. [2,12 бет]
Дене шынықтыру және спорт сөздері бір мағынада жиі қолданылады.Дегенмен спорт дене шынықтырудың бір ғана бөлігі. Спорт деп жарыстарға дайындалу және қатысумен байланысты жүргізілетін дене шынықтыру жаттығулары аталады. Спортпен жие шұғылданатындар ең жоғарысы рекорд деп аталатын белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Спорт денсаулықты нығайтып,күш-жігерді шынықтырып, қиындыққа төтеп бере алуды тәрбиелейді.
Енді біз әр адамға қажетті дене тәрбиесі адам ағзасына және денсаулығына көп көмегі бар екенін білеміз. Спортпен шұғылданған адам өз өмірін ұзартады екен .Дене шынықтыру әр адамның ағзасының қан айналу және жүрек соғысының жақсаруныа пайдасы мол екендігін түсіндік. Әр сабақтын өз мән мағынасмен өтуі және де қимыл-қозғалыстың денеге деген әсері күшті екенін білдік.
І.Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
Бүгінгі жас ұрпақты ең жас кезінен дене күштері мен рухани күштері сайма-сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді мемлекетімз аса маңызды міндеттердің бірі деп санайды.
Жалпы дене тәрбиесі бүгінгі күннің негізгі мәселелері емес, бұрыннан әр қоғамда өзінің ерекше орнын алып, сол қоғамға, заман талабына сай жұмыс атқарып келген. Дене тәрбиесі мәнін, мағынасын білу,оны дұрыс өткізу, дене жаттығуларын тиімді қолдану мәселелерін терең түсінудің өте үлкен рөлі бар.Дене тәрбиесі ол –мәденеттілік. Ол оқушының сыртқы келбетін, мінез құлқын, өзін қоғамдық орындарда дұрыс ұстауын, бір-бірлерімен, адамдармен қарым - қатынастарын реттейді, тәрбиелейді.
Біз осы уақытқа дейін білім - күш деп келдік. Шын мәнінде нағыз күш- қайрат тәрбиеде. Адам алған тәлім-тәрбиесінің құлы. Сол алған тәрбиедегі мақсатына жету үшін барлық күш-жігерін жұмасайды. Білім - бар болғаны кілт қана. Адам баласы тәрбиенің бағыттаған мақсатына жету үшін құпия есіктерді білім кілті арқылы ашып, ілгері үздіксіз жылжиды.Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғырлым жылдамдайды.Ендеше тәрбие бар жерде- мақсаты бар, мақсаты бар жерде –білім басты қажеттілік болмақ.
12 жылдық оқу үрдісіне көшу кезеңіне, оған дайындыққа Қазақстанның ғылым және білім министрлігі басшылығымен көптеген ғылыми экспериментельдық жұмыстар жүргізілді. Ол жұмыстар жалғасуда, әлі де ғалымдарға, мамандарға, мұғалімдерге көптеген іздену жұмыстарын жүргізуге тура келеді. [3,140 бет]
Ерте кездің өзінде адамдар балаларын жас кездерінен арнайы дене жаттығулары, ойын түрлері арқылы қоғамдық, тұрмыс және әскери әрекеттерге дайындаған. Адам күнделікті еңбек, соғыс құралдарын қолдану кезінде өнеркәсіптік, еңбектік, жекпе-жек әрекеттерге әзір болу үшін, алын ала соған ұқсас қимыл-қозғалыстарды орындау арқылы дайындалуға болатыны сезген, түсінген. Қазіргі кезде де дене жаттығулары тікелей өнеркәсіпке әсер етпесе де, жұмысшылардың қимыл ептілігін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру арқылы еңбек әрекеттеріне жағымды әсер етеді.
Ғалымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зеріттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерінің игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады. Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының тарихына да қатынасы болса керек.
Сабаққа арнап дене жаттығуларын іріктеп алу негізінден жасалған жұмыс жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың жеке басының денсаулық жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін балалар игерген қимыл дағдыларын, әрбір баланың жеке басының типологиялық ерекшелігін, жыл мезгілін, сабақ өткізу үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ балалардың бұрынғы әрекеттерін есепке алуды да ескеретін перспективалық және календарлық жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және нақты дене жаттықтырулары іріктеліп алынады. Кезекті сабақтың жоспарын талдап жасауға бұрын өткен сабақтың, әсіресе соңғы сабақтың тиянақты талдауы алғы шарт болады. Балалардың сабақ кезіндегі зейіні, белсенділігі олардың эмоциялық жағдайы әр түрлі жастағы топтарда қимыл материалдарының іріктеп алынуына , тәрбиешінің қолданылатын тәсілдері мен сабақ кезінде балаларды ұйымдастырудың әртүрлі әдістері арқылы қимыл әрекеттерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу процесінде қимылға бір мезгілде тартылса, оларды тұрақты зейінділік, эмоциялық жағымды күй, тапсырмаға толық дәрежелі реакция байқалады. [4,38 бет]
Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды және қиымл қозғалыс ойындарын ұштастыру мүмкін. Жоғарыда қарастырылған бала организмінің жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескертетін, сабақ құрылымы сабақтың көрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастығы топта өткізіледі, әсіресе 1-4 сынып кішкентайлар тобында өткізу тиімді болады. Олар шартты формада баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізі қимылдар мен денені жалпы дамытатын жаттығғулардан құралады, ал ересектер тобында сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен тұратын тұтастай мазмұндық ойын жағдайының динамикасы мен жасқа байланысты мүмкіндігін ескертетін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жөнінен әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарына да құрылуы мүмкін, олардағы қимыл материалдарының жүйелілігі мен сипаты нақ жоғарыдағыдай құрылымын көздейді (мысалы, «Өзіңе серік тап», «Ең ынтымақ кімнің тобы?» , «Тап та үндеме» ойындары). Бұл типтегі сабақ қимыл қозғалыс ойындарының өзара байланысты жүйелілігін және басшылықтың шығармашылық әдістемесін талап етеді.
ІІ. Қимыл қозғалыс ойындары мен эстафеталардың орны мен маңызы
Дене тәрбисі сабағында спорттық –ойындық тәсілді пайдалану жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.
Ойын- өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен педагогикалық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан құралы. Арнайы ұымдастырылған түрлі ойындар жеткіншектер мен жасөспірімдерді еңбекке баулуға жәрдемдеседі.
Қимыл-әрекетке негізделген ойындар дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі болып табылады.Ол ешқашан өзінің маңызын жоймайды, тек оның мазмұны мен өткізу тәсілдері ғана өзгеруі мүмкін.
Дене тәрбиесінің педагогикалық іс- тәжірибесінде екі және оданда да көп командалар қатысатын эстафеталық ойындар мен жарыстарға ерекше көңіл бөлінеді.
Көпшілік ойындар ұжымдық сипат алады,ойыншылар бір-біріне көмектесіп, команда жеңісі мен ортақ мақсатқа жету жолындағы өзінің жауапкершілігін және қолдаушылардың көмегін сезінеді.Мұның тәрбиелік мәні де аса зор. [5,58 бет]
Дене мүшелерінің икемділігін, жылдамдығын, қуат-күшін арттырып, іс-қимылдың өзара үйлесімжілігін жетілдіруде,тапқырлық пен зеректікке үйретуде эстафеталық жарыстар мен түрлі ойындардың маңызы арта түседі.Бойыңдағы бар қуат-күшіңді,әрекетіңді,техникалық әдіс тәсілдерді қолдана отырып,жылдам қимылдауға машықтану, яғни шапшаңдық техникасын игеру жаттығудың түпкі мақсаты болып табылады.
Эстафеталық жаттығуды игерудің өзі оны спорттық жарыстардың деңгейіне көтереді.Көптеген ойындар мен эстафеталар жаттығушылардың қимыл-қозғалысының икемділігін арттыра отырып, үйренген машықтарын тұрмыста,оқу барысында,еңбек саласында, қажет болса әскери жаттығу жағдайында тікелей қолдануға мүмкіндік береді.
Эстафеталық ойындар қызықты да тартымды болып келгенімен, белгіленген ережелер мен талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілуі керек.Бұл оқушыларды тәртіпке,өз әрекеті мен көңіл күйін басқара білуге үйретеді, ерік-жігерін жетілдіруге жәрдемдеседі.
Эстафеталық ойындарды әр түрлі деңгейде өткізген қолайлы. Бұл оқушылардың жас мөлшеріне сәйкес ойын ережелерін өзгертуге, түрлі эстафеталарды сабақ барысында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі сабағындағы спорттық жаттығулар мен ойындар, оны ұйымдастыру, эстафеталық, комадалық сайыстар – жеке адам мен ұжым арасында тығыз байланыс орнатудың нәтежелі жемісі.Жеңістің нәтижесі ойыншылардың өзара түсіністігі мен жауапкершілігіне тікелей тәуелді екендігіне көз жеткізген дұрыс.Баланың сабаққа деген қызығушылығын ояту, ішкі қуат мүмкіндіктерін ашып,дамыту, сол қасиеттерді емін-еркін жетілдіретіндей тәрбие тәсілін табу, жеке басының ұжым, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндіру және өзгені де, өзін де сыйлата білу – мектептегі педагогикалық тәрбиенің алтын қазығы.
Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық», «Тәні саудың - жаны сау» дейді дана халқымыз. Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі - сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту. Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», - деген. [6,65 бет]
Қимыл-қозғалыс ойындары оқушыларға ептілік, дәлділікті, шапшаңдылықты, шыдамдылықты дамытуға көмектеседі.Ойын барысында тапқырлық, ептілік танытпай болмайды сонымен қатар, тез бйімделе және дұрыс шешімін таба білу керек.Қимыл-қозғалыс ойындары балаларға бірін-бірі жақсы танып білуге мүмкіндік береді,адалдыққа, өзара көмек беруге, шыдамдылыққа тәрбиелейді.
«Күшті болғың келсе-жүгір,сұлу болғың келсе-жүгір,ақылды болғың келсе-жүгір» Осы бір нақылдың шындығын қазіргі кездегі көптеген ғылыми зерттеулер дәлелдеп отыр.Бұл сөздерде адам ағзасының дамуы мен қалыптасуында, сонда-ақ ағзада жүретін психикалық, физиологилық процестердегі қимылдың маңызы айқындалады.
Ойын - бұл қоғамды тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайларда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Әр сабақтың алдына өзім қойған міндет-мақсатына орай оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, оның ішкі құрлысы да белгілі, оқушыға әрдайым жаңалық білдіруге, жаңа матиралды жеке түсіндіріп,саналы түрде меңгеруге, оны пысықтап, бекітуге бағыт көрсетемін.
Жас жеткеншік үшін сабақ барысында көп нәрсені айта беру балаларды жалықтыратын жағдай екенін біліп, осы орайда ойын үлгілерін пайдалана отырып сабақты жүргізу педагог қауымы үшін өте тиімді.
В.Л.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялдаусыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді.
Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы дамиды.Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімділік, тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады.Сондай әрекеттердің бір саласы – ойын әрекеті.Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдылық және тәрбиелік маңызы осы заманға тәлім-тәрбиелік психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Оын әрекетерінде баланаң денесі мен ақыл-ойы дамып,өзін қоршаған ортаны тани біледі.
Ойын баланың алдымен өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады.Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес , - деп В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, қай заманда да, қай халықтың өмірінде болсын өмір қажетінен туындайтын ойын- бала үшін іс-әрекетке, еңбекке, қимыл-қозғалысқа бастаушы болумен қатар, дүниені танып білу, түсіну, ұғынудың кілті.
Халық даналығында Ойын білмеген, ойлау білмейді, ойында озған өмірде де озады – деген аталы сөздің сырына жүгінсек, баланың ойынға деген қарым-қатынасы,мінез-құлқы көріністері олар өсіп есейген өмірінде де жалғаса береді. [7,48 бет]
ІІІ. Ойындармен эстафеталарды өткізу.
Ойынды қызықты,түсінікті және қысқаша баяндай отырып, оқытушы дайындық барысында-ақ қосымша нұсқаулар беруі керек. Мысалы,белгілі бір қате әрекет немесе теріс әдіс-тәсіл қолданылған кезде ескерту жасауына болады. «Шынықсаң шымыр боларсың» эстафеталық сайыс сабағын өткізген кезде, оқушыларды екі командаға бөлдім. Бір команданың ойыншысы белгілі бір ережені бұзған кезде, сол жіберілген қатенің нәтижесінде «қарсы жақтың» командасы қандай жетістікке жеткенінді (ұпай алып, тактикалық басымдылыққа қол жеткізіп т.б) көрнекті түрде байқалды.Алаңдағы орының алмастырудың жай-жапсарын ойын барысында бір ойыншыны екінші ойыншы алмастырған немесе командалар орын ауыстырған кезде таныстырса, уақыт та үнемделеді әрі ойыншылар тез түсінеді.Кей жағдайда ойынды алдын ала түсіндірмей-ақ, сабақ барысында бірнеше ойыншыны ректеп алып,оларға сол ойынның техникалық және тактикалық айла тәсілдерін көрсетумен қатар сабақ кезінде ойындарды қолдана отырып, командалық жарыс ұйымдастырдым.
Эстафетаның тартымды өтуі оның ұйымдастырылу шеберлігіне тікелей байланысты.Эстафета кезіндегі әрбір жаттығу мен қимыл-әрекеттің реті және соны жүзеге асыра алатын қабілетті оқушылар іріктеліп алынуы тиіс,әйтпесе эстафета өзінің тәрбиелік мәнін жояды. Эстафета - жеңімпазды анықтайтын жарыс.Сондықтанда ойын ережелерінің сақталуына көңіл бөліп,мүмкіндігінше тәртіптің бұзылуына жол бермеу қажет.
Мысал келтірейік.Жүгіруден өткізілетін аралық эстафета кезінде оған қатысқан оқушылардың біразы белгі берілместен,өзгелерден бұрын жарыс жолына шықты делік. Жарысты тоқтатудың мүмкіндегі болмады. Ойын ережесін бұзған команда мүшелері мәреге бірінші келіп, жеңіске жетті. Бұл екінші команда мүшелерінің орынды ренішін туғызды. Осындай кемшіліктерді қалай жоюға болады. Берілген тапсырманың өзі міндетті түрде ойын ережесін сақтауға жағдай жасауы тиіс. Оған әр түрлі тәсілдермен қол жеткізуге болады.
Спорттық жарыстарға қатысуға дайындайтын күрделі іс-қимылдарды талап ететін ойындардағы әрбір іс-әрекет мұқият ойластырылып,нақтыланады. Түбінде игерілуге тиісті толып жатқан ережелерді тұтас орындауды талап етпей,оларды біртіндеп енгізген жөн.Ең алдымен сол ойынның жеңілдетілген нұсқасын үйретіп, содан соң қосымша ережелерді және ойынның жалғасы мен жаңа әдістерін оқушыға бірте-бірте таныстыру қажет. [3,98 бет]
Ойынды ұйымдастыру шараларын оқушылар сапта тұрғанда немесе жеке-жеке түсіндіруге болады. Даярлық уақыты неғұрлым қысқа болса,оқу барысы соғұрлым белсенді өтіп, оған қатысушылардың қызығушылығы артады.
Кейбір ойындарда жетекші ойыншыны мұғалімнің өзі немесе ойыншылар сайлауы мүмкін немесе оны жеребе арқылыда анықтауға болады.Жетекші ойншыны капитан өз міндетін дұрыс атқара алатындай дәрежеде болса ғана тағайындаған дұрыс.Ойынның жақсы өтуі оның ептілігі мен іс әрекетінің шапшаңдығына байланысты.Кейде ынталандыру үшін алдыңғы ойында өзін жақсы көрсете білген ойыншыны немесе тәрбиелік мақсат үшін сынаққа ықылассыз қатысқан оқушыны жетекші етіп тағайындауға да болады.
Алайда, өздерінің міндетін дұрыс атқара алмағандарды жолдастарының алдында ұятқа немесе күлкіге қалдырудан сақ болған жөн. Жетекшінің белсенді іс-қимылын қажет етпейтін ойындарда бар.Ондай жағдайда бұл міндетті болбыр,әлжуаз ойыншыға жүктеген де теріс емес.
Ойынның уақыты шектелмеген жағдайда сабақ кездерінен тыс кездерде ойын жүргізушіні жеребе арқылы сайлауға болады. Мысалы, алдын ала шартты пунктке тез теуіп не ойнап апарған немесе допты бірінші болып нысанаға жеткізген немесе бәрінен де алысқа секірген бала ойын жүргізуші болады деп шарт қойған дұрыс.
Ойыншылардың командаға дұрыс бөлінуі ойынның тартымды өтуіне ықпал жасайды.Ойыншылардың саны мен қабілет-күштері тең болмаса, онда күшті команадаға қарағанда нашар жасақталған команда мүшелерінің ойынға деген қызығушылығы бәсеңдейді. Командаға бөлудің мынадай әдістерін қолданған тиімді.
1.Ойынға тұрақты қатысып жүрген қабілетті оқушыларды бір сапқа тұрғызып,оларға «бір-екі» деп санату керек. «Бір» дегендері – бірінші, «екі» дегендері – екінші команданың мүшесі болады. Бұл көп уақыт алмайды әрі команданың күші мен саптағы ойыншылардың бойы шамамен тең болуын қамтамасыз етеді. Бірақ мұнда жеке ойыншылардың бір командада ойнағысы келген тілектері орындалмауы мүмкін. Сонымен қатар осы әдіспен үштен көп команда құрған кезде олардың күші тең болмай шығуы да мүмкін.
2.Алдымен команда капитандары тағайындалады (команданың санына қарай).Олар команда құрамының жартысын өздері іріктеп алады,ал қалған мүшелері бірінші әдіс бойынша бөлінеді.
Бұл әдіс командалардың күш жағынан дәл бөлінуін қамтамасыз етеді және ойыншылардың ынта-ықласын күшейтеді (мұнда әрбір ойыншы өзінің бірінші болып іріктеліп алынуын қалайды).
3. Ойыншыларды командаға мұғалімнің өзі бөледі.Әрбір ойыншынң күші мен қабілеті жетекшіге мәлім болғанда ғана бұл әдіс өте жақсы нәтеже береді.Алайда, бір комадада болғысы келген ойыншылар бір-біріне қарсы ойнайтын болса,онда олардың ойнға деген қызығушылығы төмендейді.Сонымен қатар ұтылған команда кейде өзінің сәтсіздікке ұшырауының себебін мұғалім бөліп берген ойыншылардың дұрыс іріктеп алынбауынан іздеуге тырысатынын да естен шығармаған жөн.
Ұпайларды санау, нәтижесін шығару, сондай-ақ ойын алаңын өлшеп белгілеу, заттарды бөліп үлестіру, ойын құралдарын орныныа қойып, оның жүргізушісін топтық ойындарда тағайындауда ойыншыларды командаға бөлмей тұрып командалық ойындарда белгілеген дұрыс.
Әдетте, көмекшілерді жолдастарының арасында беделді, төрелік ету ісінде мұғалімге мүлтіксіз көмектесе алатын ойыншыларды белгілейді.Сонымен бірге көмекшілікке дене шынықтыру пәніне ынтасын арттыру үшін басқа ойыншыларды да кезекпен белгілеп отырған жөн. Алаңды өлшеп белгілеуге, құралдарды орын-орындарына қоюға, заттарды таратып беруге көп уақыт жібермей, ұйымшылдықпен өткізу керек.Оқушылардың ширақ қимылдауы үшін ойынға қажетті жекелеген тапсырмаларды жарыс түрінде өткізуге де болады. Командаға бөлініп өткізілетін ойындарда жеткіншектердің ойынды бастау құқын дұрыс белгілеп, алаңның өздеріне ыңғайлы жағын таңдап алуына мүмкіндік жасау керек. [4,23 бет]
Сабақтың тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың» эстафеталық сайыс.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылар бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру;
2.Спорттағы достық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
3.Оқушылардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: командалық жарыс. Әдісі: ойын Өтетін орны: спорт зал
І.Ұйымдастыру
Командалар ортаға шақырылады.
-
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
-
Жарыс кезеңдерімен таныстыру.
-
Жарыс кезеңдері.
-
Қорытынды
-
Марапаттау
1-кезең. «Шегірткелер»
Әр топтың ойыншысы бір аяқты бүгіп, оны бір қолмен ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді.
2-кезең. «Қасықпен су тасу»
Әр топтың ойыншысы ыдыстағы суды қарсы жақтағы бос ыдысқа қасықпен тасып тауысуы қажет.
3-кезең. «Күштілер жарысы»
Екі-екіден бірін-бірі арқалай жүгіріп жарысу.
4-кезең. «Доппен жүру»
Баскетбол добын ұрып алу жүру.
5-кезең. «Секіртпе»
Әр команда бірінші тұрған ойыншы қолындағы секіртпемен секіріп, қайта келу керек.
6-кезең. «Кім жылдам»
Екі оқушы шеңбердің ішіне жүгіріп келуі қажет.
7-кезең. «Алма жинау»
Ойын бастаушының белгісімен әр командадағы бірінші ойыншы жүгіріп барып, шеңбердің ішіндегі алманы алып тізбектің соңына келіп тұрады. Осылай ойын шеңбердің ішіндегі алма біткенше созылады.
ІІ. Жеңімпаздарды марапаттау.
Жарысқа қатысқан командаларды марапаттау үшін әділқазыларға қорытынды сөз кезегі беріледі. (командаларға мақтау қағаздары, сыйлықтар табыс етіледі.
Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар» эстафеталық сайыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың денсаулығын,қимыл-қозғалысын, ептілігін, икемділігін дамыту.
Оқушыларды жолдастыққа, сенімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Командалық жарыс.
Сабақ әдісі: Эстафеталық сайыс
Құрметті қонақттар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер бүгінгі өткізгелі отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жарысына қош келдіңіздер!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! – дей келе ортаға қатысушы командыларды шақырамыз.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.
Командылар атымен таныс
болайық –топ командасы Барыс, -топ командасы Қайрат.
Жарыс кезеңдері мен таныс болайық.
1. Сәлемдесу.
2 « Доппен жарыс»
3 «Кім озар?»
4 «Секіртпемен секіру»
5 «Бақша салу және жинау» ойыны
6 Қасықтағы шарик
7 «Мерген» Айып сызығынан допты себетке лақтыру
8 «Кім мықты?»
9 Қаппен секіру.
10. Кім жылдам?
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!
1. Сәлемдесу. Яғни командылар ортаға би билейді. Қай команды жақсы би көрсетсе сол команды көп ұпай жинайды.5- ұпайдан жоғары беріледі.
2. Доппен жарыс.
Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.
3. Кім озар? . Кедергілер арасымен футбол добын аяқпен алып жүру.
4. Секіртпемен секіру
1-ші белгіге дейін секіртпемен секіре барып, секіртпені тастап, допты ыршытып алып жүру және қайта оралу. I -10 ұпай, II — 9 ұпай, III — 8 ұпай, IV — 7 ұпай.
5. Бақша салу және жинау ойыны
Яғни кубиктеріміз картоп болып есептеледі.Сол картопты бірінші ойыншы егип келеді,екінші ойыншы жинап келеді.осылайша ойыншылар біткенше жалғаса береді.
6. Қасықтағы шарик.
Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.
7. Мерген.
Айып сызығынан допты себетке лақтыру Яғни үлкендер баскебол добын лақтырады, кішкентайлар жарысып қайтады.
8. Кім мықты? Кедергі арасымен жүгіріп барып шардың үстіне отырып, шарды жару.
9. Қаппен секіру. Көрсетілген мәреге дейін қаппен секіріп барып,қайту.
10 Кім жылдам?
Кедергілер арасымен барып шарды жарып қайту.
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасына берер алдында ортада гимнастикалық биді тамашалайық. (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Уа,
халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да — дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.
Ойын жетекшісінің шартты белгісі бойынша ысқырық, жалауды сілтеу жарыс басталады.Жетекші ойынды ұқыпты түрде басынан аяғына дейін бақылап, ойын тәртіп бұзылмай дұрыс өткізілуіне жауап береді.Ойынға қатысушыларды спорт ойындарының шартымен таныстыру барысында айқайлауға, шулауға, ысқыруға, орынсыз күліп, мазақтауға, ойыншылардың бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынады.
Қандай да жағдай болмасын мұғалім қатардағы ойыншылардың, ойын жүргізушілердің, команда капитандарының, тұтас команда мен ұжымның іс-қимылдарына дер кезінде баға беріп отыруы қажет.Ойын кезінде мұғалім ойыншыларға кедергі жасамайтын және олардың барлық қимыл-әрекетін бақылай алатын жерден орын алады. Ол жеке ойыншыларға түсінік беру, қателерін түзету,ойынға өзгерістер енгізу мақсатымен ойын жүріп жатқан алаңның ішінде емін-еркін жүре алады. Қимыл-қозғалысы көп ойындар бойынша жарыс өткізгенде жетекші көбінесе алаңның сыртында жүргені қолайлы.
Ойын жүргізушіні немесе әр ойыншы өзіне серік таңдағанда ер балалар мен қыздар тобы бірінен-бірі бөлектеніп қалмауын үнемі бақылап отыруы керек.Ойын барысында ұтып не ұтылып жатқанойыншыны немесе команда құрамындағы ойыншыны немесе командадан екінші командаға ауыстыруға болмайды.
Жеңіл-желпі дөрекі іс-қимылы мен қылығы үшін оқушыны ойын аяқталмай тұрып ойыннан шығарып жіберген дұрыс. Бұл шара сол ойыншының ойын тәртібі мен ережесін қасақана әдейі бірінші рет бұзғанда немесе аса өрескел мінез-қылығына тыйым салу қажет болған жағдайда ғана қолданылады.
Ойын жүргізушіні капитанды ауыстырып отырған дұрыс. Өйткені, жетекшіойыншыны іс-қимыл,ақыл-ой жүктемесі көп түсетін ойындар тез шаршатады, жалықтырады және ол өзін өзгелерге де көрсететіндей мүмкіндік жасалғаны жөн.
Күрделі қозғалысты қажет ететін ойынға төрелік етуге оқушылардың өзін тартудың тәрбиелік мәні зор. Олар өз іс-әрекеттеріне баға беруге дағдыланады Әділ төрелік оыйншылардың алдына қойылған міндетті мейлінше дұрыс,қатесіз, ойын ережесін бұзбай, дәл орындауды негізге алады.Сөйтіп қимыл-қозғалыс ойыны спорт жарысы деңгейінде өтеді.
Әрбір команданың жетістіктері мен ойын нәтижелері, әдетте, ойынның барысында жарияланып отырады.Бір команда екінші команданы қателік жасауға, қарсы жақтың ойыншыларын қолайсыз іс-қимыл жасауға мәжбүр етіп, дөрекі әркеттер көрсеткенде де ойын нәтижесі (ұпай,балл арқылы) барлық ойыншыларға дер кезінде хабарланып отыруы керек. Бұл ойынның қызу әрі қарқынды өтуіне көмектеседі.
Дегенмен, педагогикалық тәрбие тұрғысынан алғанда, кейде нашар ойнаған команданың сағын сындырмас үшін ойын әбден аяқталғанша оның нәтижесін жариялауды кідірте тұрудың да еш әбестігі жоқ.Ойын соңынан оның нәтижесіне қысқаша талдау жасап,кімнің жақсы ойнағанын және қандай қате жібергенін атап өтіп,тиісті қорытынды жасаған дұрыс.
Командаға бөлінбей-ақ жүзеге асырылатын жекелеген ойыншылардың және бүкіл ұжымның іс-қимылына педагогикалық тұрғыдан баға берудің де тәрбиелік мәні бар. Командалық ойындардың нәтижесі олардың жинаған ұпайына қарай анықталады. [5,56 бет]
Сондай-ақ ойын туралы ойыншылардың пікірі мен ескертулерін ескеріп, жолдастарының ойын кезегіндегі мінез-құлқын талдаудағы маңызы зор.Төрешінің шешіміне көңілі толмаған жекелеген ойыншылардың (егер оған дәлелі жеткілікті болса) жетекшіге өз пікірін білдіруге құқы бар.
Бала ойынмен өседі. Халқымыз баланың мінез – құлқының қалыптасуына түрлі ойындардың елеулі мәні бар екенін жақсы аңғарған.Ойында баланың ортамен қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі. Мінез – құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынның түрі де, мазмұны да әр алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке, мергендікке тағы басқаға баулынады. Ұл бала табиғатынан қимыл – қозғалысқа құмар. Ойын балалық шақтың басты ерекшелігі. Мысалы, «Базар – қаланың ажары, ойын – баланың базары», «Баланың ойынын бұзба,өнегең болса – ойын қозға», «Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі» дегендей ойынның тәрбиелік мәні ерекше. Ал мына бір мақал – мәтелде «Көне болмай – жаңа болмас, бала болмай – дана болмас», «Қыз – қуыршақ, ұл – құлыншақ» деуі де халық даналығының ұрпағына деген сый, құрметіндей. «Ойнай білмеген, ойлау да білмейді» деген мақал – мәтелдерде баланың ойынға аса құмар келетіні, ұл мен қыздың ойыны да түрліше болатыны, ойын арқылы баланың сана – сезімі, кәсіп таңдауы, ақыл – ойы жетілетінін аңғартады.
Қимыл – қозғалыс ойындары тәртіптілікке, адалдыққа үйретсе, асық санынан жаңылмау зерделікке үйретеді. Қолы қалт етпей, дәл көздеу – мергендікке, ұстамдылыққа баулиды. [6,28 бет]
Дені сау, шымыр оқушы ғана жақсы оқып, тәрбие алады. Оның көңіл – күйі сергек алғыр болады. Оқушы бойындағы қабілетті дер кезінде танып, одан әрі дамыту - әр мұғалімнің міндеті болса, шахматшыға сай қабілеттерді танып білу, одан әрі жетілдіру, шыдамдылыққа, байыптылыққа, ептілікке, математикалық амалдарды ұтымды пайдалануға баулу басты мақсатымыз.
Дене шынықтыруға арналған жаттығулар ерте заманда пайда болды. Бүгінгі таңда әртүрлі жарыстар бар сыныптың мектептің, қаланың, облыстын біріншілігі.
Сондықтан мен дене шынықтыру пәнінін мұғалім ретәнде өзімнін оқушыларымды аудандық жарыстарға көбірек қатысқанын қалаймын. Сол бағытта оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, бастауыш сынып және ортаңғы сыныптын жарысқа қатысып оқушылардың жетістікке жеткенін мақтан тұтамын.
2015 жылы үшінші тоқсанда мектепшілік мұғалімдер арасында «Спорт –біздің серігіміз» атты спорттық жарыс отті. Жарыстын мақсатында мұғалімдердің спортқа деген қызығушылығын оятып, спорт денсаулыққа пайдалы екенін жеткізу.
2015 ж 6 сыныптын ұл балдары мини-футболға қатысып келіп жақсы көрсеткіш көрсетті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А. Құлназаров, С. Тайжанов «Дене тәрбиесі» оқыту әдістемесі – 6 сынып Алматы «Атамұра»: 2008
2.«Валеология» республикалық әдістемелік журналы №2 2011 жыл
3. В.И.Лях, Л.Н. Девяткина, Т.А.Ботагариев, Е.И.Коптина, А.В.Таймазов, М.В.Салов Дене тәрбиесі – жалпы білім беретін мектептердің 10 – 12 жасар оқушыларының өздік жұмысына арналған оқу құралы: Астана,2013
4. В.И.Лях, Л.Н. Девяткина, Т.А.Ботагариев, Е.И.Коптина, А.В.Таймазов, М.В.Салов Дене тәрбиесі – жалпы білім беретін мектептердің 6 – 9 жасар оқушыларының өздік жұмысына арналған оқу құралы: Астана,2013
5. Төтеннай Б, Қасымбекова С – Дене шынықтыру – 4 сынып - Оқыту әдістемесі: Алматы «Атамұра»: 2000
6. .«Валеология» республикалық әдістемелік журналы №4 2011 жыл
7. Мектептегі дене шынықтыру. №4. 2008 жыл
17

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген