"Қимылды ойындар және оның түрлері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қимылды ойындар және оның түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қимылды ойындар және оның түрлері.


Ойын мектепке дейінгі балалар үшін қызықты шаруа бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады. Ойын бала үшін- нағыз өмір. Мектепке дейінгі сәбилер әлі ойнай білмейді. Нақ сондықтанда тәрбиеші ойынды ұйымдастыра жүріп, оларды ойнауға үйретеді. Қимылды ойындар алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың қозғалысын жүгіру,секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу т.б. жаттықтыру, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Алуан түрлі қимылдар ірі және майда бұлшық еттердің белсенді әрекеттенуін талап етеді, зат алмасуды, қан айналысының, тыныс алудың жақсы болуына, яғни организмнің тіршілік әрекетінің артуына көмектеседі. Қимылды ойындар баланың нервтік, психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды сапаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді.Бұл ойындарда баланың еркі, тапқырлығы, батылдығы, шапшаңдығы дамиды. Ойындағы бірлескен әрекеттер балаларды жақындастырады, қиыншылықты жеңу және табысқа жету оларды қуанышқа бөлейді. Ережелі қимылды ойындардың қайнар көзі халықтық ойындар болып табылады. Оларға түпкі ойдың айқындығы, мазмұндылық, қарапайымдылық тән келеді. Ойын балалардың жас ерекшелігіне олардың қайсыбір қимылды орындау ойын ережелерін сақтау мүмкіндіктеріне қарай іріктеледі. Қимылды ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады. Олар ойынның барысын, іс-әрекеттердің жүйелігін, ойнаушылардың өзара қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды.

Бір жастан-бір жарым жасқа дейінгі бөбектер үшін: жүру. Тегіс, кедір-бұдыр, төмпешік жерлермен жүру мен жүгіруге көшу. Көлемі әртүрлі ойыншықтарды қолымен құшақтап ұстап жүру.

Еңбектеу мен өрмелеу- өз беттерімен еңбектеуге жағдай жасау; еңбектеп келе жатып, тік тұрып жүріп керу; ойыншық атқа, машинаға, мотоциклге мініп, қайта түсу.

Домалату және лақтыру- екі қолмен допты тік тұрып, еңкейіп домалату, лақтыру; екі қолмен кезек-кезек доп, шар т.б. ұсақ заттарды алысқа лақтыру; домалап келе жатқан допты ұстау; жердегі допты аяқпен тебу.

Бір жарым жастан- екі жасқа дейінгі балалардың қимылын жетілдіру:

Жүру, тепе-теңдікті сақтау. Тез жүруге жүгіруге көшу, қолын сермеп, адымдып жүру, көлемді жұмсақ ойыншықтарды көтеріп жүру.

Еңбектеу мен өрмелеу. Биіктігі 30-50 см орындықтың үстіне шығып, қайта түсу. Баспалдақпен шығып, қайта түсу. Велосипедке рулінен ұстап міну және түсу.

Домалату және лақтыру. Арнаулы жерге дейін допты екі қолымен кезек-кезек домалату, допты бір-біріне домалатып, немесе лақтырып, оны ұстау, соңынан жүгіріп барып, допты алып келу.

Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Екі қолын жоғары көтеріп, қайта түсіру. Қолдарын алға созып, «мінекей» деп көрсетіп, «жоқ» артына жасыру, саусақтарын қолының басын қимылдату. Қолының ұшымен жерде шашылып жатқан ұсақ ойыншықтарды теріп алып, қорапқа жинау.

Ойындар: « Ұста-ұста », «Қуып жет», «Допша секір», «Допты әкел» , «Ойыншық қайда?»,«Аюша жүреміз»,«Кім алысқа лақтырады?» бұл жаттығу ойындарын балалар тұрып және отырып жасайды. Тәрбиеші ойынның шартын айтып және өзі көрсетіп тұрады.

Екіден үшке дейінгі балалардың қимылын дамытуға жағдай жасау, қимылды ойындар өткізу маңызды.Бұл кездегі қимылдың жетекші түрі баланың өз бетінше иеркін жүруі, жүгіруі болып табылады.Аяқ-қолдың қимыл үйлесуін дамыту үшін ойыншықтардың жиынтығы болуы керек. Олар балалар бір жерден екінші жерге көтеріп, көшіре алатындай жұмсақ, ірі ойыншықтар, доптар шелектер, дорбалар; жіп байлап жүргізе алатындай машиналар, дөңгелегі бар, ірі ойыншықтар болуы керек.

Қимылды ойындар кезінде балалар басынан кешіретін таң қалу,қуану,эмоциялары қимылды жақсы игеруге көмектеседі. Мысалы: «Жасырынбақ» ойыны кезінде балалар тығып қойған ойыншықтарды іздегенде алуан түрлі қимылдар жасайды. Қабырғаға ілінген сөреге қарау үшін аяғының ұшымен тұрады, еңкейеді, манеждің, орындықтың астына қарайды.

Балалардың жалпы дамуында музыканың сүймелдеуімен ойналатын қимылды ойындардың маңызы ерекше. Онда бір тұрып аяғын ұру, жүрелеп отыру т.б. Музыка үнімен баланың ырғақ қимыл үйлесімдерін тәрбиелеуге көмектеседі. Сәби топтарда тәрбиеші ойынның мазмұны мен ережесін ойынның барысында,ал ересек топтарда ойын басталар алдында түсіндіреді. Қимылды ойындарды топта және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді.

Серуен кезінде қимылды ойындар кіші топтарды 8-10 минут, ал үлкен топтарда ойынның ұзақтығы 15-20 минутқа созылады. Ойынды егер балалар қалап тұрса, 2-3 рет қайталатып, ойнауға болады.Балалар ойынды игерген соң оны өздігінен ойнай алады.Бұл үшін олардың ойынға деген ықыласын дамытып, серуен кезінде демалыс сағаттарында ұйымдастырып отыру керек.

Қимылды ойындарды негізінен 5 топқа бөлуге болады.

  1. Жүріп және жүгіріп ойнайтын ойындар : «Мүйізді ешкі келе жатыр», «Шіркейлер» , «Жасырынбақ» , «Тауық пен жабайы мысық», «Самолеттер», «Ұста-ұста».

  2. Секіріп ойнайтын ойындар: «Алтын өт», «Допша секір», «Допты әкел», «Аю жүреді» , «Мысық пен торғайлар».

  3. Еңбектеп және өрмелеп ойнайтын ойындар: «Бақшада», «Ойыншыққа еңбектеп жет», «Қақпадан өт» , «Сызықты басып кетпе».

  4. Лақтыру және ұстап алу ойындары: «Төрт кезек» , «Кім мерген?», «Алысқа лақтыр» , «Допты лақтыр», «Дөңгеленген доп».

  5. Кеңістікті бағдарлауға үйрететін ойындар: «Мысық пен тышқан», «Ақ қоян», «Қоңырау қайда?» , «Өз жолаушаңды тап», «Орныңды тап» т.б.

Сонымен ойын балаларды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту құралы

болып табылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2019
5741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі