Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қимылды ойындар картотекасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қимыл-қозғалыс ойыны
Картотека
№1 “Кептерді қуып
жет”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген
қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұжымда ойнай
алуға тәрбиелеу.
Ойынның шарты:
Ойынды 15-20 бала ойнайды.
Жерге шеңбер сызылады. Ортаға тәрбиеші таңдаған бала-мысық тұрады,
ал қалған балалар шеңберді айнала кептерлер болып тұрады, мысық
ұйықтайды. Кептерлер шеңберді айналып жүріп, дәндерді шоқиды, мысық
оянып кептерлерді қуады. Қай кептерді ұстап алса, сол бала айыппұл
ретінде өлең –тақпақ айтады.
Картотека
№2“Түсті
автокөліктер”
Мақсаты:
Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту,
балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы
көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға
баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жол
ережесін білуге және сақтауға тәрбиелеу.
Ойынның
шарты:
Балалар алаңның бір жағында тұрады, екінші жағында автокөліктер
тұрады. Балалар жолда ойнап жүреді. Автокөліктер келе жатқан кезде
балалар орындарына бару керек. Орнына жете алмаған бала ойыннан
шығады.
Картотека №3
Мақсаты: балаларды жылдамдыққа, мықты болуға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян-ау, ақ-қоян
Орныңнан тұрсаңшы,
Шашыңды тарасаңшы,
Бетіңді жусаңшы
Әй-әй көйлек кисеңші,
Біреудің қолын үзсеңші-дегенде қоян болған бала тақпақта айтылған қимылдың барлығын жасап бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.
Картотека № 4
«Қасқырлар мен лақтар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын шарты: Аралары 10-15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ.
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп-деген сөздерден кейін дүрсілдей жүгіріп «өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2-3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырларға ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.
Картотека № 5 “Жапалақтар
”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға
деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық
еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. Күн мен түн мерзімдерін ажырата алуға
тәрбиелеу.
Ойынның
шарты: Балалар екі топқа бөлінеді.
Жапалақтар күндіз ұйықтайды, ал түнде керісінше оянады. Тышқандар
күндіз жапалақтар ұйықтағанда үйлеріне жету керек. Тәрбиеші түн
болды дегенде жапалақтар үйіне жете алмаған тышқандарды
қуады.
Картотека №6 «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: балаларды табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
Ойын шарты: Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «Күн» деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық балалар бастарын жасырып тығылады.
Картотека №7«Күн мен түн»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке үйрету.
Ойын шарты: балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойыншаекі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деген белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп ойын осылайша алма кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.
Картотека №8«Аңшылар»
Мақсаты: жылдамдыққа, нысанаға дәлдеп тигізе білуге үйрету.
Ойын шартты:Ойыншылар екі топқа бөлінеді. ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы үйректер-шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы-аңшылар-шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі.
Картотека № 9 «Қоян»
Мақсаты: балалардың ептілігі мен жылдамдықтарын дамыту.
Ойын шарты: Тәрбиеші қоян мен аңшы таңдайды. Қалған балалар сыңарларға бөлініп, қол ұстасып бір-біріне қарап тұрады. Белгі берген кезде қоян аңшыдан қаша бастайды. Қоян аңшыдан тығылу үшін кез келген қол ұстасып тұрған балалардың ішіне кіріп кете алады. Қай сыңарының ішіне кіреді, сол сыңары қоян болады.
Картотека
№10
“Пойыз”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына
тәрбиелеу.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға поезд болып
ойнайық, мен паравоз боламын, ал сендер вагонсыңдар, пуп-пуп-пуп.
Паравоз белгі бергенде поезд ақырындайды, содан кейін қатты, яғни
тез жүреді.
Картотека №11 «Торғайлар мен автомобиль»
Мақсаты: балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады. Тәрбиеші торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.
Картотека №12
«Аттар»
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын
дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын
арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
«Ер қанаты –ат »деген ұғымды қалыптастыру. Жарыса ойнауға, ұлттық
дәстүрді тәрбиелеу.
Ойын
шарты:
Балалар алаңда екі топқа бөлінеді. Үлкен шеңбер сызып, ортасында
жалауша болады. Осы жалаушаны екі топ жарысып, белгіленген жерге
жеткізу керек. Қай топ бірінші жеткізеді сол топ жеңіске
жетеді.
Картотека №13 «Құстар мен
мысық»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына
тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар құстар болып ұшып жүреді. Бір
бала мысық болады. Мысық ұйықтап жатады. Құстар мысықтың жанына
келеді. Мысық оянып құстарды қуады.
Картотека №14 «Құстардың ұшып
келуі»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына
тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар (құстар) қанаттарын жайып,
алаңның барлық жеріне ұшады. “Боран” деген белгі бойынша құстар
ағаштарға тығылады. Тәрбиеші “Боран тынышталды” деген кезде
ағаштардан түседі де ұша береді.
Картотека №15 «Қарғалар»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына
тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар “қарғалар” болып жемдерін
жеп жүреді. Тәрбиеші белгі бергенде яғни “боран”(жел) деген белгі
бойынша “қарғалар” ағаштарға тығылады. “Боран тынышталды” деген
кезде “қарғалар” жерден жемдерін жеп
жүреді.
Картотека №16«Көжектер»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына
тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір
бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді.
Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді
түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана
береді.
Картотека №17 «Қоймадағы
тышқандар»
Мақсаты:
Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту,
балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы
көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу,
ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Ұжымда
ойнауға тәрбиелеу.
Ойын
шарты:
Алаңның ортасына 8-10 см ара қашықтықта екі бірдей сызық сызылады.
Алаңның шеттерінде 1-2 адым қашықтықта мысықтың үйі
сызылады. Ойыншылар мысықты таңдап алады. Қалғандары тышқандар
болады. Тышқандар қоймадығы дәндерді жинауға келе жатады. Ал мысық
осы кезде оларды ұстауға тырысады. Ұстап алған тышқанды “мысық”
үйіне апарады.
К-№18
«Кім көп тас жинайды?
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. Жылдам қимылдауға
тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар шашылып қалған тастарды
арнайы ыдысқа жинайды. Тасты ең көп жинаған бала жеңіске
жетеді.
Картотека №19 «Қоймадағы тышқандар»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. Ұжымда ойнауға
тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Алаңның ортасына 8-10 см ара
қашықтықта екі бірдей сызық сызылады. Алаңның шеттерінде 1-2 адым
қашықтықта мысықтың үйі
сызылады. Ойыншылар мысықты таңдап алады. Қалғандары тышқандар
болады. Тышқандар қоймадығы дәндерді жинауға келе жатады. Ал мысық
осы кезде оларды ұстауға тырысады. Ұстап алған тышқанды “мысық”
үйіне апарады.
Картотека №20 «Көбелектер
бақалар»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке,
шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру.
Ойын
шарты:
Батпақтың шекарасы төртбұрышты етіп белгіленеді. Мұнда бақалар өмір
сүреді. Гүлдерге көбелектер ұшып келіп қонады. Ұлдар бақа сияқты
секіреді, қыздар көбелектер сияқты
ұшады.
Картотека №21 «Көңілді қошақандар»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін
жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген
қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты
өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты:
Алаңда ұзын сызық
сызылады. Бұл сызық көпір. Көпірдің арғы жағында қошақандардың үйі
болады. Қошақандар әуенмен билеп жүреді , әуен тоқтағанда жарыса
отырып, көпірден өтіп үйлеріне тез жетулері
керек.
Картотека №22
«Тауықтар мен
балапандар»
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын
арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Ана мен бала
арасындағы сүйіспеншілікке, адалдыққа, мейірімге, сыйластыққа
тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалардың жартысы тауықтар , ал
қалғандары балапандар болады. Балапандары аулада серуендеп, ойнап
жүреді де, аналарынан тығылып қалады. Аналары балапандарын іздейді.