Материалдар / Қиял арманға жетелейді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қиял арманға жетелейді

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныптың «Қиял арманға жетелейді» ашық сабағының жоспары пән мұғалімдеріне қосымша ретінде өз сабақтарына қолдануға болады деп санаймын. Себебі өзім 3 деңгейлік курстан алған білімім бойынша сабақ жоспарымды әдістемелік тәсілдердің 8жіктемесі бойынша жасадым. Осы сабақтың рухани-адамгершілігін ашу мақсатында сабақты тақырыппен байланыстырып дұрыс әрекет құндылығын таңдап алдым.Дұрыс әрекет құндылығын ашатын мейірімділік, шыдамдылық , ынтымақтастық қасиеттері кіретіндіктен сабақтың жоспары талапқа сай құрылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: оқушыларға еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, еш елге, еш мемлекетке тәуелсіз, Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғым екенін түсіндіру. Тәрбиелік мәні: оқушыларды Отанды сүюге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтуға, құрметтеуге, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: төрде еліміздің туы, «Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан» тәрбие сағатының жазылған сөздері, слайдтар, кітаптардан көрме.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Кіріспе сөз: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата- бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Демократиялық жаңару жолына батыл түскен еліміз әлемдік өркениетке ұмтылып, бүгінде халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайы жақсарған, экономикасы өркендеп дамыған іргелі елге айналды. Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - деп бүгінгі 3 «В» сыныбының «Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатын ҚР-ның гимінімен бастаймыз.

Көрініс: ( Есіктен немересі жүгіріп кіріп келеді)

Немересі: Апа, апа далада керемет болып жатыр? Аспанда жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр! Жүріңіз көрейік!

Апасы: Е..., е...., жарығым, бұл нышан «Тәуелсіздік» мейрамына арналған керемет қой! Биыл еліміздің «Тәуелсіздік» алғанына 20 жыл толып отыр. Еліміз күннен күнге көркейіп, дамып келеді, балам!

Немересі: Апа , сіз не ойлап кеттіңіз?

Апасы: Ә, балам, апаң не ойлайды дейсің? Сенің болашағыңды, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір туралы ойлаймын.

Немересі: Апа, өткен өмір деген не?

Апасы: Ә, балам өткен өмір -ол ата-бабаларымыздың өмір тарихы.

Немересі: Ал, ол қандай болған?

Атасы: Ендеше, тыңда балам!

1-оқушы 11 ғасырда қазақ хандығын құрдық. Алайда қазақ хандығы бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

2-оқушы Ел жайлауға көшіп, қаннен қаперсіз жатқан елімзге жоңғар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты жылатты. Дүрліккен жұрт қашып, Алакөлге аяңдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.

3-оқушы Қаратаудың бауырында қалың қазақ бас қосты. Елді аман алып қалу үшін, данышпан Төлеби, Қазбек би, Әйтеке би батырларды батырлыққа, елді бірлікке шақырды. Хазақ халқы бірігіп, жеңіске жетті.

4-оқушы 1923-33 жылдарда ашаршылықтан қалың халық опат болып, көптеген ақын, қоғам қайраткерлердің өмірлерінің түбіне жетті.

5-оқушы 1941-1945 жылдарында Ұлы Отан соғысында ел үшін жанын қиған қазақ батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Б. Момышұлы, Талғат Бегалдинов фашизмнен бүкіл адамзатты, адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетіп, жеңіске жетті.

6-оқушы 1996 жылғы «желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ. Иә, Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін, ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Қаншама қан төгілді.

7-оқушы 1986 жылы 16 желтоқсанда орталық алаңға жастар мен студенттер Үкімет басына Колбиннің келуіне қарсы екендіктерін білдіріп, елдің тәуелсіздігін алу үшін шеруге шықты.

Апасы: Ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған еркіндік пен бостандық таңы 1991 жылы16 желтоқсанда атты. Бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Немересі: Апа, «Тәуелсіздік» деген не?

Апасы: Тәуелсіздік не екенін тыңда балам!

1-оқушы:

Тәуелсіздік –он бір әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп алдан.

2-оқушы

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғып, біл! Он бір әріп- не мағына береді? Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.

(Оқушылар «Тәуелсіздік» деген әріптерімен ортаға шығады.)

3-оқушы Т-әріпі –білдіреді теңдікті

4-оқушы ә-әріпі – әдептілік, әлдікті

5-оқушы у-әріпі – уайымсыз уақытты

6- оқушы е-әріпі – егемендік елдікті

7-оқушы л-әріпі – дейді лағып, лепірме

8-оқушы с-әріпі - сенімділік секілді ең

9-оқушы і-әріпі – ілтипат пен ізет қой

10-оқушы з-әріпі- зиялық тілек қой

11-оқушы д-әріпі –шақырады достыққа

12-оқушы і-әріпі- ілкімді боп сақтыққа

13-оқушы к-әріпі- дейді күн боп көктегі

Апасы: Міне, балам, тәуелсіздік - сенің еркіндігің, бостандығың, бақытың, болашағың.

Хор: «Қазағым менің»

2-оқушы Туған ел- Қазақстан арайлы. Бүгін саған әлем түгел қарайды. Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.

3-оқушы Арайлы азаттықтың нұрын құшқан, Шолпандай жарқыраған күншығыстан. Тәуелсіз Қазақстан – туған елім, Досы көп, бата алмайды бір де дұшпан.

Немересі: Тәуелсіздік ел атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?

Апасы: Тәуелсіздік ел атануымызға Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаметжанова сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың арқасында еліміз жеңіске жетті.

Апасы: Балам, Тәуелсіз мемлектімізді басқаратын елбасы кім?

Сен оны білесің бе?

Немересі: Білемін апа, Ол –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

4-оқушы Ел - халқымның Елбасына айналып, Шықтың қайта төр басына сайланып, Тәуекел деп абыройға сүйенген, Қазағыма жетер дейсің қай халық.



5-оқушы

Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар. Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұран, тіліміз, теңгеміз бар. Тәуелсіздіктің жарық күні мәңгі ата берсін.


Апасы: 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен елтаңбасын, әнұранын бекітті.

  1. -оқушы Әнұраным –жанұраным, Айтар әнім -сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады. Республикам Әнұраны!


2-оқушы Қаны да, жаны да қазақтың, Егемен еркіндік –ғажап күн. Жүзінен білінген, Сарайлар төрінде ілінген, Елтаңба - егемен елдің белгісі.

Елтаңба - өжеттік, өрліктің белгісі. Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі. Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі. Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі. Елтаңба - егемен елдің белгісі.

3-оқушы Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан, күн, қыран –сәні бар. Көк байрақ –ашық көк кеңісім, Алтын күн- белгісі жеңістің. Алтын күн көтерген ел құсы- Халқымның батырлық белгісі!

8-оқушы Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек баладағы ең кіші. Рәміздерім -Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Хор: « Қазақстан»

Апасы: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» мерекесі күні болып аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.


8- оқушы Қазақ тілді - ана тіл деп атаудың себебі- Анасындай қастерлесін дегені. Өз анасындай сыйлайтұғын әр адам, Өз тілін де құрмет тұтып келеді.


9-оқушы Тілім барда қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар, Кең даладай жиналмаған шалғайы Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдаған.


Апасы: Міне, балам әрбір Қазақстанның азаматы өз Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бұлжытпай тану керек. Еліміздің тәуелсіздік белгісін қадірлеу, мақтаныш тұту біздің міндетіміз!

10- Оқушы Қазақстан, кең байтақ өлкем менің, Талай кезең артта қап өркендедің. Отан сүйер ұланның бауырында, Дарқан елім, кең жерім көркей менің!


11-оқушы Туған елдің жырын жырлап ғарыштан, Қазағыммен бүкіл әлем танысқан. Келешегі кең өрісті, кемелді. Жайна мәңгі – Қазақстан -Гүлстан



12-оқушы

Жақсы арманның жалғасы, Мұнанда биік самғашы, Тәуелсіз Қазақстаным! Қанат қақ биік талмашы.


13-оқушы Біз жас ұлан –Отан өркені, Үміт артқан болашағы ертеңі, Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені


1оқушы Қазақстан – елім менің, Отаным.

2оқушы Қазақстан – еркін елім, еңселі.

3оқушы Қазақстан кірлетпейік атағын.

4оқушы Қазақстан - Ата Заңым бүгінгі. 5оқушы Қазақстан – болсын мәңгі ғұмырлы.

6оқушы Қазақстан – жері қазақ елімнің.

7оқушы бәрі Қазақстан – әнім әсем шырқалар.


Хор «Тәуелсіз Қазақстан»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!