жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қиял ғажайып-әлемі
|
Күні |
20.01.2018 |
||||||||
|
Кабинет |
213 каб. |
||||||||
|
Сыныбы |
7 “Ә” |
||||||||
|
Пәні |
Қазақ тілі |
||||||||
|
Пән мұғалімі |
Мырзакулов Сейилбек Шакизадаевич |
||||||||
|
Тақырыбы |
Құрмалас сөйлем.Құрмалас сөйлемнің түрлері. |
||||||||
|
Мақсаты |
Білу: Жай сөйлемдерді еске түсіру. Құрмалас сөйлем туралы білу, түрлерін ажырата білу. Түсіну: Жай және құрмалас сөйлемдерді ажырата білу, сұрақ қою арқылы дәлелдеу. Қолдану: Құрмалас сөйлем туралы түсініктерін пайдалана отырып оқулықтан жаттығулар орындау. Мақал-мәтелдерді оқып жатқа жазу. Құрмалас сөйлемдерді табу. Талдау: Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлем болатындай етіп сөйлем құрастыру. Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы құрмалас сөйлемдерден не білгенін жөнінде топтастыру. Күрделі тапсырмалар беру, оқушыларды ойландыру. Бағалау: Жай және құрмалас сөйлемдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату. |
||||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Білу: Құрмалас сөйлем туралы біледі, түрлерін ажырата біледі. Түсіну:Жай және құрмалас сөйлемдерді ажырата біледі, сұрақ қою арқылы дәлелдейді. Қолдану: Құрмалас сөйлем туралы түсініктерін пайдалана отырып оқулықтан жаттығулар орындайды. Мақал-мәтелдерді оқып жатқа жазады. Құрмалас сөйлемдерді табады. Талдау: Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлем болатындай етіп сөйлем құрастырады. Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы құрмалас сөйлемдерден не білгенін жөнінде топтастыра алады. Күрделі тапсырмалар беру арқылы оқушылар ойланады. Бағалау: Жай және құрмалас сөйлемдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады. |
||||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||
|
Сабақтың құрылымы |
І. Ақпарат блогы. ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы. ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. V. Күтілетін нәтиже блогы. |
||||||||
|
Оқыту әдісі |
«АКТ» «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық». |
||||||||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі |
Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. |
||||||||
|
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы |
Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып баға беру. |
||||||||
|
Танымдық тапсырмалар |
Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі. |
||||||||
|
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру |
Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін , суреттерді пайдаланып сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. |
||||||||
|
Оқушыда дағды қалыптастыру |
Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу |
||||||||
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер |
Жай, құрмалас сөйлемдер |
||||||||
|
Ақпарат көздері |
Интернет желісі, Оқулық. |
||||||||
|
Сабақты бағалау |
Оқушының оқу іс-әрекеті деңгейіне байланысты бағаланады. |
||||||||
|
Психологиялық дайындық |
«Жүректен жүрекке» А4 жүрек пішіндес қағаз таратылады. (қызыл, көк, сары) Сол жүректерді таңдап алады, әркімнің арқасына жабыстырады, әр адам сәттілік тілеп, тілек жазады,сол бойынша топқа бөлінеді. |
||||||||
|
Топқа бөлу |
І
І І |
||||||||
|
І. Ақпарат блогы. 6 минут |
Тақырып жоспары: 1.Құрмалас сөйлем 2.Құрмалас сөйлем түрлері. 3.Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
|
||||||||
|
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. 6 минут
|
І.Білу.Түсіну. «Динамикалық әдіс» топ болып шеңбер құрып, бір-біріне құрмалас сөйлем туралы не білгенін, түсінгенін айтады. 1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2.Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? 3.Құрмалас сөйлемнің жасалуы қандай? 4.Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен ерекшелігі қандай? ІІ. Қолдану.Талдау. 1.Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып мысал келтіру. 2. Мақал-мәтелдерден құрмалас сөйлемдерді табу. 3.Венн диаграмма бойынша жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату. ІІІ. Жинақтау. «Ротация» әдісі арқылы әр топ жаңа тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарды бір-біріне қойып талқылайды, жинақтайды. |
||||||||
|
ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы. 18 минут
|
І деңгей. Жаңа тақырып бойынша семантикалық картамен жұмыс жүргізу. ІІ деңгей. Жай және құрмалас сөйлемдер туралы тест сұрақтарына жауап беру. ІІІ деңгей. Құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып, «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында эссе жазу. |
||||||||
|
ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. 6 минут
|
І топ. Қандай мамандық иесі болсаң да, ұстаз қызметпен айналысар ма едің? ІІ топ. Ұстаздық қызметті суреттеп жаз. ІІІ топ. Ұстаздық қызмет атқарсаң, уақытыңды босқа кеткен уақыт деуге бола ма? |
||||||||
|
V. Күтілетін нәтиже блогы. |
Сабақты өздігінен бағалау. Сыныптың сабақты оқу қарқыны мен күтілетін нәтижеге қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жазу. |
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген