Материалдар / Қиял мен шындық бірлігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қиял мен шындық бірлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2018
1582
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін _________

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6-бөлім. Қиял әлемі

Мектеп: 101 мектеп -лицей


Күні: 25.05.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтмұратова А

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар: 21

Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы:

Қиял мен шындық бірлігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5.Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

5.ӘТН4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаты

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтап,

сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сын есімдердің көркемдік ерекшелігін тану.

Бағалау критерийі

1. Негізгі ойды анықтай алады.

2. Әңгіме құрастыра алады.

3. Сын есімдерді таба алады.

Құндылықтарға

баулу

«Мәңгілік Ел» идеясының негізінде оқушыларды өзара сыйластық пен қарым-қатынасқа баулу, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, өнерді қастерлеуге, құрметтеуге, маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Өткен сыныптардан, теледидардан сурет өнері жайлы түсініктері қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут














3 минут







1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесемін.

2. Сабаққа қатысуын қадағалаймын.

3. Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу және сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы оқушыларға жұмбақ жасырамын.

Мына суреттің ішінен құсты тауып көріңіз.

Суретті жұмбақтың дұрыс жауабын тапқан жағдайда «Сиқырлы қобдиша» ашылады. Ішінде оқушыларды шағын топтарға біріктіруге арналған сөздер болады.

1-топ. Қиял

2-топ. Арман

3-топ. Шындық


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақтар беріледі:

  1. Сын есімнің қандай түрлері бар?

  2. Дара және күрделі сын есімдерге мысал келтіріңіз.

  3. Сапалық сын есім дегеніміз не?

  4. Қатыстық сын есімдер қалай жасалады?

  5. Сын есімдер қандай жолдармен жасалады?

ҚБ.Жауаптардың нақтылығына қарай жұлдызшалардың көлемі бойынша бағалау.



Picture 4


Сабақтың ортасы

3 минут












1 минут




3 минут
















1 минут



8 минут















1 минут





6 минут



















3 минут



1 минут



1 минут

С. Тыңдалым алды тапсырма. «Суреттер сыры» әдісі.

Оқушыларды тыңдалымға дайындау мақсатында төмендегі сұрақтарды қойып, оқушы пікірін тыңдаймын.

  1. Мына сурет қандай тәсілмен жасалған деп ойлайсыңдар?

  2. Мұнда суретшінің қиялы қалай көрінген?

  3. Бұл жұмыстың авторы кім?

  4. «Сурет салу – алтын уақытты жоғалту» деген пікірмен келісесің бе?


Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді.

  • Өз пікірлерін айтады.


ҚБ «Қол шапалақтау» әдісі

(Сыныптастардың бірін-бірі бағалауы)


Ж. Тыңдалым кезі тапсырмасы. «Бен Хейннің өнер туындысы» мәтінін тыңдайды.

Тапсырма: тыңдалым мәтінін мұқият тыңдаңыз, мәтін мазмұны бойынша негізгі ойды және тірек сөздерді «Сөз бұлты» сызбасына жазып отырыңыз.




Дескриптор:

Тыңдалым мәтінін мұқият тыңдайды.

Негізгі ойды және тірек сөздерді жазады.


ҚБ. «Мадақтау» әдісі арқылы бағалаймын.



Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Интервью» әдісі арқылы оқушыларға нақты мазмұнды тексеруге бағытталған сұрақтар қоямын.

  • Тыңдалым не туралы?

  • Суретші Бен Хейн қиял мен шындықтың араласқан әлемін қалай жасап шығарды?

  • Бен қашан алғашқы картинасын жасап шығарды?

  • Суретшінің коллекциясында шамамен қанша картина бар? Қандай тақырыпты қамтыған?

  • Ол өнерін кім үшін жасайды және неге?.


Дескриптор:

Тыңдалым материалы бойынша сұрақтарға жауап береді.


ҚБ.Өзін-өзі бағалау. Оқушылар дұрыс жауаппен салыстырып, өзін-өзі бағалайды.




ТЖ. Жазылым тапсырмасы.

"Суреттер сөйлейді" әдісі бойынша сараланған топтық тапсырма беремін.


1-топ. Суретке мұқият қарап, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін кірістіріп, шағын әңгіме жазыңыздар: теңіз жағасы, балық аулау, терең ой, ға жайып көрініс, үлкен олжа.


2-топ. «Өнер және табиғат» тақырыбында Бен Хейн негізін салған жаңа өнер түрі туралы әңгіме жазыңыздар.

Сөйлемдеріңде сын есімдерді қолданыңыздар.


3-топ. Өз қиялдарыңызбен мысықтың суретін салып көріңіздер.


Дескриптор:

  • Әңгіме жазады.

  • Шамасына қарай сурет салады.


«Ортадағы қаламсап» әдісі бойынша балаларға оқытамын.


ҚБ. Жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалаймын.


Кері байланыс: «Қызық,қиын,құнды.»










«Графикалық органайзер»





































preview-image




Сабақтың соңы


2 минут







1 минут




1 минут









1 минут

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекітемін.


Мақсаты: Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге алтын балық түссе, сол оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар жаңа сабақ бойынша оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.


Бағалау: «Жақсылық тамшысы» әдісі арқылы сұраққа жауап берген әрбір оқушыға ауызша баға беріп, ойымды білдіремін.

Кері байланыс: : «Тазалық» әдісі

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)



Үйге тапсырма:

Қазақ суретшілері жайлы не білемін? (ізденіп келу)







Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Пәнаралық байланыс

Оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып,саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аудардым.

  Сыныппен, топтық, жеке жұмыс кезінде оқушылармен диалог жүргізу арқылы саралау жүзеге асады..

Жеке жұмыс кезінде “Сөз бұлты” сызбасы арқылы, “Суреттер сөйлейді” әдісіндегі берілген картиналар арқылы оқушыға жеке қолдау көрсету бойынша саралау жүргізіледі.

Қарым-қатынас формалары бойынша саралау барысында оқушылардың көбісі берілген тапсырманы орындап шығады.

Ресурс немесе мәтін бойынша саралау ке-зеңінде оқушыларға сұрақ қойып, соған сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.



«Сиқырлы қобдиша»,« «Серпілген сауал»», «Суреттер сыры», «Сөз бұлты». «Интервью», «Суреттер сөйлейді», «Ортадағы қаламсап», «Алтын балыққа арналған аквариум» әдіс-тәсілдері.

Бағалау түрлері: «Жұлдызшалардың көлемі бойынша», «Жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы», «Қол шапалақтау»,

«Жақсылық тамшысы», «Өзін-өзі бағалау».

Бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті.

Оқуды жақсарту үшін АКТ қолданылады, сұрақтар көрсету үшін интербелсенді тақта қолданамын.




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесеоқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?





1: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!