Жер
шарын жаулаған жауыз індеттің жағдайына
байланысты әлемнің барлық елдері білім
берудің жаңа форматына көшті. Бұл
жағдайды білім саласының дәстүрлі
деңгейден жаңа деңгейге көтерілу кезеңі
деп те атасақ болады. Себебі мектептің
жүрегі саналар ұстаздар өзінің жаңа
қырларын ашып, қабілеттерін шыңдауға
шын септігі тиіп жатқандығы жалған
емес. Жалпыға жаңаша лек әкеліп, жаңалыққа
толы болған бұл білім беру форматы
қашықтықтан оқыту деп аталады.
Күллі
әлем көш түзеген
тұста
алып
атырапты
алып
жатқан
Қазақстан
Республикасы
да керуеннен
қалып
қоймады.
Біздің ел де білім
берудің
жаңа
түріне
ауысты.
Білім беру саласында
бұрыннан
жүрген
ардагер
ұстаздар
мен жаңа
буын
жас
мамандардың
бұл
өзгеріске
толықтай
дайын
болмағандығын
да жасыра
алмаймыз.
Дегенмен
кешегіге
көз
жүгірткен
де
елдің
басына
қандай
да болсын
қиындық
түсе
қалса,
бас қосып, біріге
кететін
және
сол
бірлігінің
арқасында
бар қиындықты
бірге
еңсерген
елдің
ерен
ерлері,
яғни
біздің
ұлағатты
ұстаздарымыз
бұл
тығырықтан
да біріге
отырып,
жол
тауып
келеді.
Сабақ
өтудің
дәстүрлі,
баршаға
белгілі
қырық
минуттық
үлгісі
қалып,
енді
сол
қырық
минутта
айтылатын
бар ақпарды
барынша
ықшамдап,
ең
негізгісі
мен өзектісін
өз
үйінде
отырып
білім
алып
жатқан
оқушыға
оңай
жолымен
жеткізудің
де жолын
тауып
келе
жатқан
мұғалімдеріміздің
бұл
әрекеттері
бар қошеметке
расында
да лайықты.
Осы
орайда
айта
кететін
қашықтықтан
оқытудың
тағы
бір
қыры
кешегідей
күніге
мектепке
барып,
керегін
білім
ордасынан
бірге
алып
келіп
жүрген
жас
білімгерлерге
қазіргі
жағдайға
байланысты
бар ахуалдан
хабардар
болып,
басы-қасында
болуға
біздің
ата-аналарымыз
да бар күш-жігерін
жұмсауда.
Кешегі
мектепте
алған
білімін
бір
еске
түсіріп
және
ең
бастысы
баласының
жиырма
төрт
сағат
жанында
болу бақытына
ие
болған
ата-аналарымыздың
бұл
әрекеттері
де бағалауға
тұрарлық.
Қорыта
айтарым
тек біздің ел тұрмақ, бар әлемде
бұрын-соңды
болмаған
өзгеріс
бола қалса да, өз
жұмысын
ешқашан
да тоқтатпайтын, әуелі, Алла, сосын Адам
баласы
алдында
арқалаған
ауыр
да абыройлы
міндетін
қашан
да қалтқысыз
орындауға
бар біздің
ұлағатты
ұстаздар
ұжымының
қазіргідей
жағдайға
қарамастан,
өз
міндетін
әрмен
қарай
орындап
келе
жатқандығының
жемісі
осы алған
білімін
біздің
білімгерлер
болашақта
ел мүддесіне
бір
кәдеге
жарата
алатындығы
деп
білемін.