400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Қиын бала қайдан шығады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі кездесетін қиыншылықтар жайлы ата-аналармен түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қиын бала қайдаи шығады?


Тәрбие, тәрбие десек те, кешегі дүние есігін «іңгәлап» ашқан сәбиімізден, бап тілді баламыздан өсе келе тілазар, тентек, еркетотай, сондай-ақ жасық, қыңыр, ұстаздар тілімен айтқанда «қиын бала» қайдан шығады деп таң қаламыз? Бұл мәселе жөнінде өмірде кездесіп жүрген жәйттердеп мысалдар келтіре отырып ой толғауды жөн көрдік.

Баланың қылығы, әдеті, іс-әрекеті әр үйелменнің айнасьшдай. Бала көргенін қайталайды, яғни. үйдегі тәрбие баланың әдетіне өз таңбасын салып отырады, Мысалы, баланың тоңмойын, қыңырлығы үйелмендегі тым қаталдық мейірімсіздіктің ізі болса, тәкаппарлық мінез баланы шектен тыс еркелетіп, шолжаңдатудың нәтижееі емей немене? Оған ата-ана тарапынан бақылаусыздық қосылгаида баланың тәртіпсіз, «қиын» атануы оп-оңай. Еркелетудің де жөні бар. Кейбір ата-ана немеремнің алды, кенжем немесе тұла бойы тұңғышым еді» деп. баланың айтқанының бэрін орыидап, тектеи тыс еркелетіп жібереді. Шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімнің айтқанына көнбейді, ата-анасының өзін тындамайды, еңбекке мойыны жар бермейді, тігіті сабаққа да онша құлқы соқпайды. Ондай бала тек ез ойының ғана іске асуьш қөздеп, біртіндеп өзімшіл, ерқөкірек болып: өседі. Мұндай жақсы көрудің өзі баланың дұрыс тәрбиеленуіне зиянын келтіреді. Бұл кейін баланы да, тәрбиелеген ата-анасьін да әртүрлі әбігерге салады, Рақила деген қыз бала ата-ананын ең кенжесі, еркесі де сол. Әсіресе, шешесі оның айтканының бәріне сөнеді. Тіпті «аспандағы айдан бір жапырақ үзіп бер» десе де, соған жанын салар-ау деп ойлайсың. Үй ішіндегі. басқа адамдардан да Рақиланың талабын орьіндауып талап етеді:. Күз айы. Далаға шық түсіп, таңертеңгі ауа әжептәуір салқындап қалған кез. Соған қарамастан. Рақила мектепке жалаң форма көйлекпен келді.

  • Рақилаш, үстіңе тым болмаса тоқыма жемпіріңді кисең етті, - дегеи шешесінің сөзіи құлағына ілген де жоқ.

  • Иә, саған, тоңбаймын, - деп мұрнын щүйіріп кете барды. Содан мектептеи бет-аузы көгеріп, қалтырап келді. Келісімен ыстык тамақ ішіп, бойы жіпсіді. Артынша далаға ойнауға щықты.

  • Теріңді бас, киініп шық.

  • Неғылады?

  • Суық тиеді, ауырасың.

  • Иә, саған, ауырмаймын, - деп ерісесі ерегесіп ез бетімен кетеді.

Түн жарымында ыстыгы 39 градуска көтеріліп қатты ауырған Ракилаға үй-

іші түнімен әбігерге түсіп, дәрі берді. Ертеңгілікте ыстығы басылып, басы

жазылып, орнынан тұрып ойнап жүре берді.

■ Түнде дене қызуың болды, бір-екі күн жат, далада ойнама дегенді де тыңдамады. Бірақ сол күннен бастап жұтынғанда тамағы ауыратын болыпты, ерке қыз оны ешкімге айтпады. Осыдан жарты жылдан соң Рақиланың ауруы асқынып, айлап ауруханаға жатуға тура келді. Акыры анасының алақанына салып аялаған еркесі аурушаң болды. Мінеки, шектен тыс баланың ырқына

жүрудің берген пайдасы. Анасы өз қылығына кейін өкінді-ай келіп, бірақ не пайда?

Кейбір ата-ана баланы әлі жас қой, есі кіргенде өзі жөнделіп алады ғой деп тәрбиені кейінге қалдырады. Сөйтіп жүріп баланы еркіне жіберіп, уысынан шығарып алғанын байқамай қалады. Мұндай жағдайда ата-ана бала өзіне-өзі келіп. тәрбие ырқына көнбей бара жатқанда ғана өкінеді.

Барлап қарасақ, тіпті жөргектегі сәбидің өзіне де тәрбне керек е ен. Уактысымен тамақтандырып, уықтысымен ұйықтатылған нәресте сол мерзімге дағдыланады да, мезгілсіз жыламайтын болады. Ал, керісінше үнемі көтеріп жүрсе бала қолдан тастамай көтеруді талап етіп шырылдайтынды шығарады. Сыздықбай деген кісі жалғыз баласы Сұрағанды мектепке барғанша ерке. шолжаң етіп тәрбиеледі. «Ерке» бала бастауыш мектепті бітіргенше еркелігін қоймады, мұғалімдердің айтқан ақыл-кеңестерін «балажан әке» ескермеді. «Қайтер дейсің, ержеткен соң түзелер» деп 12-13 жасар баланы «сәби» ретінде ұстады, Ақырында сол Сұраған жетінші сыныпты да бітірмей, оқуды тастап кетті. 18-19 жасқа келгенше үй шаруашылығына да, қоғамдық еңбекке де араласпады. Әкесі еңбек жасынан асқанша ол берекелі жұмыс істек іді, колхоздың «жалқау» мүшесі болып, қарт әкенің азғана дәулетін шашумен болды. Ақыры ішімдікке салынып қатардан шықты, ата-анаға қасірет әкелді. «Тәйт» деген тыю естімей, бетімен кеткен бала көбінесе өзімшіл өркөкірек, үлкенді ата-ананы сыйламайтын тілазар, әлі келгенді жәбірлеуге бейім тұратын содыр, жан қинап еңбек ету орнына оңай олжа табуды артық көретін арамтамак болып өсетіні жөнінде өмірде кездесіп жүрген осындай мысалдар аз емес.

Бұл айтылғандардан есте «баланы еркелетпеу керек» деген ұғым тумайды. Баланы жақсы көру, еркелету де әкелік, аналық мейірімге тән табиғи мінез. Бірак еркелету деген баланың ыңғайымен жүру, қисық-қыңырына көне беру деген сөз емес. Жақсы тәрбиенің әліппесі - баланы әрбір шалыс, ағат қадамнан оң жолға, өнегелі жолға бұрып отыру болса керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі