Материалдар / «Қиын» оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қиын» оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қиын» оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
374
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қиын» оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңғырту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу- заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке, қоғам өмірінде, тұрмыста, көпшілік орында өзін ұстауынан, басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс-тұрыс, іс-қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді, яғни маңындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:а) адамгершілік сананы қалыптастыру: ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту: б) адамгершілік мінез-құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Көпті жамандаған көмусіз қалар», «Көппен көрген ұлы той», «Көпті сөкпе, кенді төкпе» мақал-мәтелдер адамгершілікті, бірлікті, ел тілегін ойлауды дәріптейді. Көпшіл болу- атадан балаға ғасырлар бйы өсиет етіліп келе жатқан нұсқа. Ол халықтың ұғымында азаматтықтың, адамдықтың басты белгісі. Жалпы, бастауыш буында қай сабақта болмасын «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу үшін этнопедагогика құндылықтарын пайдаланудың мүмкіндіктері мол. Біз этнопедагогика құндылықтары арқылы бастауыш сыныптағы «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеуде мынадай адамгершілік сапаларды қалыптастыруды жөн көрдік: ақыл-ой, сана, еңбек, Отанына, халқына, жалпы адамзатқа, табиғатқа сүйіспеншілік, елжандылық, ар-ождан, ізеттілік, ата-анаға, өзінің жақын туыстарына мейірімділік, бауырымдылық, кеңпейілділік. Осы аталған бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптасатын ең құнды қасиеттерді тәрбиелеуде бәріне тілек болатын ізгілендіру негізі.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!