«Қиын оқушылардың оқу мотивациясын арттыруда ЖИ Pika.art негізінде жасалған анимацияның рөлі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қиын оқушылардың оқу мотивациясын арттыруда ЖИ Pika.art негізінде жасалған анимацияның рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогикалық идеяға ұсынуға болатын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей







«Қиын оқушылардың оқу мотивациясын арттыруда ЖИ Pika.art негізінде жасалған анимацияның рөлі»







Бағыты: «Психолог сандықшасы»

Қызметі: Әлеуметтік педагог

Білім беру ұйымының мекен жайы: Ізтілеуов №18

Телефон нөмері: 32289

Автордың мекен жайы: Бисенов №39

Телефон нөмірі: 87081344160

E-mail: 59mukhtarova59 @mail.ru






















АННОТАЦИЯ

Педагогикалық идея жасанды интеллектке негізделген Piko.art цифрлық жүйесін пайдалану арқылы қиын оқушыларға арналған анимациялық материалдарды әзірлеу мүмкіндіктері қарастырылады.

Ұсынылып отырған идеяның мақсаты оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру, мінез-құлық ерекшеліктерін түзетуге және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.

Piko.art платформасы арқылы жасалған анимациялар оқушылардың даралық сипаттарын ескере отырып бейімделеді және тәрбиелік, мотивациялық мазмұнмен толықтырылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, цифрлық анимациялық тәсілдер педагогикалық тәжірибені жаңғыртуға, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және білім беру процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Идеяның басты ерекшелігі – анимациялар тек қана оқу материалдарын көрнекі түрде жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар тәрбиелік мәнге ие болуы. Мәселен, мінез-құлқында қиындықтары бар оқушыларға мотивациялық бағыттағы қысқа анимациялар ұсынылып, олардың оқу үлгеріміне, тәртібіне және эмоционалдық жағдайына оң әсер ететіні байқалды.

Қазіргі таңда мектептегі «қиын оқушылардың» оқу мотивациясының төмендігі, тәртіп бұзушылықтары және әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі қиындықтар өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осындай жағдайда педагогикалық тәжірибеге жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект жүйелерін енгізу оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыруға ықпал етеді.

Идеяның маңыздылығы:

  • Педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттырады.

  • Қиын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу арқылы, әлеуетін дамыту.

  • Анимациялық материалдардың көмегімен оқушылардың қызығушылығын ашу.

Идея тек қана педагогикалық тәжірибені жаңғыртып қоймай, сонымен қатар білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге негізгелген.





АННОТАЦИЯ

В данном педагогическом идее рассматриваются возможности разработки анимационных материалов для трудных школьников с использованием цифровой системы Piko.art, основанной на искусственном интеллекте.

Основная цель предлагаемой идеи – повышение учебно-познавательной активности учащихся, коррекция особенностей их поведения и содействие социальной адаптации. Анимации, созданные на платформе Piko.art, адаптируются с учётом индивидуальных характеристик школьников и дополняются воспитательным и мотивационным содержанием.

Результаты исследования показывают, что использование цифровых анимационных методов позволяет модернизировать педагогическую практику, раскрывать творческий потенциал учащихся и повышать эффективность образовательного процесса.

Ключевая особенность идеи заключается в том, что анимации не только наглядно передают учебный материал, но и обладают воспитательной ценностью. Например, для учащихся с проблемами в поведении предлагаются короткие мотивационные анимации, которые положительно влияют на их успеваемость, дисциплину и эмоциональное состояние.

В настоящее время одной из актуальных проблем школы является низкая учебная мотивация «трудных» учеников, нарушения дисциплины и трудности социальной адаптации. В такой ситуации внедрение в педагогическую практику новых информационно-коммуникационных технологий, включая системы искусственного интеллекта, способствует повышению качества обучения и воспитания.

Значимость идеи:

  • Повышение эффективности педагогической деятельности;

  • Развитие потенциала трудных школьников через раскрытие их творческих способностей;

  • Формирование интереса учащихся посредством использования анимационных материалов;

  • Улучшение качества образования и содействие всестороннему развитию личности.

Таким образом, предлагаемая идея направлена не только на обновление педагогической практики, но и на достижение нового качественного уровня в образовательном процессе.


«Қиын оқушылардың оқу мотивациясын арттыруда ЖИ Pika.art негізінде жасалған анимацияның рөлі»



Тезис:

  • Білім беру жүйесінде «қиын оқушылардың» оқу мотивациясын арттыру.

  • Оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін түзету және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.

  • Жасанды интеллект Piko.art көмегімен балалар сюжет ойлап тауып, анимацияланған видеолар жасайды.

  • Идеяның жүзеге асырылуы: сюжетті құру, анимацияларға мәтін жазу, әртүрлі мақсатта білім саласында қолдану.

  • ЖИ көмегімен балалардың әлеуетін дамыту және түрлі жарыстарға қатыстырып өзіне сенімділігін арттыру.

Білім беру жүйесінде «қиын оқушылардың» оқу мотивациясын арттыру, мінез-құлық ерекшеліктерін түзету және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету – өзекті мәселе болып табылады. Мұндай оқушылардың оқу үлгерімінің төмендігі, тәртіп бұзушылықтары және әлеуметтік ортаға бейімделудегі қиындықтары олардың жеке әлеуетін толық ашуға кедергі келтіреді. Қиын оқушылардың мотивациясын арттырудың тиімді жолдарының бірі – заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектке негізделген жүйелерді қолдану.

Ұсынылып отырған жұмыс жасанды интеллектке негізделген Piko.art цифрлық жүйесін пайдалану арқылы анимациялық материалдар әзірлеу мүмкіндіктерін қарастырады. Идея бойынша оқушылар сюжетті өздері ойлап тауып, оған мәтін жазу арқылы анимация құрастыруға мүмкіндік алады. Анимациялар мотивациялық мазмұнды қамтып, оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін түзетуге және әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.

Мақсаты:

Білім беру жүйесінде қиын оқушылардың мотивациясын арттыруға бағытталған инновациялық әдістерді қолдану.

Міндеті:

  • Оқушыларды анимация жасау процесіне тарту арқылы командалық жұмыс пен өзіне сенімділікті арттыру;

  • Қиын оқушылардың қызығушылықтарын анықтау және ерекшеліктерін ескеру және Pika.art платформасы арқылы қысқа мотивациялық және тәрбиелік анимациялар әзірлеу;

  • Дайын өнімдерді сабақтарда, тәрбие сағаттарында пайдалану арқылы эмоционалдық байланыс орнату.

Күтілетін нәтиже:

  • Қиын оқушылардың оқу мен тәрбиеге деген ынтасы артады;

  • Олардың өзі-өзі көрсету, шығармашылық қабілеті дамиды;

  • Pika.art арқылы жасалған анимациялар оқу процесін түрлендіреді.

Негізгі идея: Жасанды интеллектке негізделген цифрлық жүйені пайдалану негізінде оқушылардың өз сюжеттерін құру арқылы анимациялық материалдар әзірлеуіне ықпал ету.

Қадамдар:

Сюжет құру:

  • Оқушылар өздерін қызықтырған немесе бастан кешкен оқиғаға негіздеп сюжет құрастырады

  • Педагогтың сүйемелдеуіне негізделеді

Мәтін жазу:

  • Сюжеттің құрылымына сәйкес шағын мәтіндер жазу.

  • Бұл қадам оқушылардың дұрыс жазуына, сауаттылықтарын арттыруға әсер етеді

Білім саласында қолдану:

  • Дайын анимацияларды әртүрлі мақсаттағы жарыстарға немесе психологиялық сағаттарға пайдалану.

  • Бұл олардың жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтиже:

  • ЖИ көмегімен мотивация беретін анимациялық материалдардың сұраныста болуы

  • Қиын оқушылардың әлеуметтік бейімделуі және өзіне сенімділіктерінің артуы

  • Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру


Бұл идеяға тоқталу себебім, мектептегі тәжірибем барысында, оқу процесінде «қиын оқушылардың» бар екендігі анықталды. Н.Г.Лускановтың 10 ұрақтан тұратын оқушылардың оқу мотивациясын анықтауға арналған сауалнамасы алынды. Сол сауалнама нәтижесінде мектепішілк есепке тұратын оқушының оқуға деген мотивациясының төмен екендігі анықталды. Ол оқушымен жеке сұхбат жүргізілді. Сұқбат барысында оқушының сабаққа аса құлқы жоқ екенін байқадым. Бірақ, комикстерге және анимацияға қызығушылығы бар екенін білдім.

Picture 8

Идея қиын оқушылардың қабілеттерін ашуға және қызығушылықтарын арттыруға негізделген. Олардың әрқайсысы өздерінің жеке тұлғалық ерекшеліктерімен қоғамның маңызды бір бөлігі болып табылады. Бірақ, олар өз қабілеттерін қай бағыттан ашу керек екендігін әлі толық түсінбеген. Сондықтан, анимация әлемі – балалардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және олардың цифрлық әлем арқылы қабілеттерін ашуға бағытталған.


Идеяның бірегейлігі – заманауи технологияларды, атап айтқанда жасанды интеллектті пайдалану. Осы технологияның көмегімен балалар сюжет құру арқылы қиялдарын дамытып, анимациялар жасайды. Әр бала өзінің кейіпкерін құрастырып, оны ерекше бір әлемде өмір сүруге бейімдейді. Бұл тек шығармашылық жұмыс емес, сонымен қатар, олардың ішкі әлемін көрсетудің бір тәсілі. Идеяның мақсаты тек шығармашылық қабілеттерді дамыту ғана емес, сонымен қатар балалардың өзін-өзі тануына, олардың өзіне деген сенімін арттыруға, қоғамға бейімделуіне ықпал ету.

Асхат есімді оқушының қабілетін ашу үшін бірге жасаған алғашқы анимациямызды ІІБ ұйымдастырған «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбындағы жарысқа қатыстырып облыстан ІІ орын иеленді. Оқушыға жүлделі сыйлық табысталды. Осы сәттен бастап баланың қызығушылығы артты. Оқу жылының аяғында басқа анимациялық жұмыспен осы жарысқа тағы мәрте қатысып алғысхатпен марапатталды. Мектебіміздің соңғы қоңырау кешінде «Жыл үздігі» атанды. Оқушының өзіне деген сенімділігі артып, басқа да қырларын ашуға талпыныс пайда болды.

Picture 3 Picture 4 Shape2

Бұл идея – оқушылардың эмоциялық интеллектісін, шығармашылық қабілетін және жауапкершілігін дамытады. Сонымен қатар, бұл әдіс педагогқа қиын оқушымен жаңа деңгейде байланыс орнатуға мүмкіндік береді.


Мектеп бойынша қиын балалар туралы деректер:

Біздің мектепте жалпы 8 қиын оқушы бар.

Оның ішінде:

7 сыныптан 3 оқушы, 8 сыныптан 2 оқушы, 9 сыныптан 3 оқушы бар.

Идеяның әсері:

  • 2024 жылы идея аясында Асхат есімді оқушы жарыстан жүлдері орын алып «Жыл үздігін» иемденді.

  • Идеяға қатысқан оқушының өзіне сенімділігі артып қызығушылықтарын тапты.

  • Осы идея аясында анимациялық жұмыстар әзірлеуге оқушылардан ұсыныс түсе бастады.


Pika.art арқылы анимация жасау – қиын оқушыларға өзін танытудың, сезімін білдірудің және қоғамда өз орнын табудың заманауи әдісі. Бұл идея мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жаңа деңгейге шығарып, оқушыны «қиын» категориясынан «шығармашыл тұлға» деңгейіне көтеруге ықпал етеді. Бір оқушыға жәрдем беремін деп басталған істен өзін таппай жүрген, анимацияға қызығушылығы бар балалар осы іспен айналысқысы келетін білдірді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі