Материалдар / Қиын оқушылармен жүргізілетін психологиялық тренинг

Қиын оқушылармен жүргізілетін психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық сауалнама "Өзін-өзі бағалау әдістемесі бойынша балалардың өзін бағалау Мақсаты: Бұл сауалнама зерттелушінің психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қобалжу, фрустрация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.Нұсқаулық: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2022
7872
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психикалық күйін өзін-өзі бағалау әдісі


Мақсаты: Бұл сауалнама зерттелушінің психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қобалжу, фрустрация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Нұсқаулық: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0.

Құрметті жас дос! Төмендегі сауалнамаға жауап беруіңізді сұраймыз. Сауалнамада сіздің өз-өзіңізге деген көзқарасыңыз туралы сұрақтар қойылады. Сауалнамадағы сұрақтардың "жақсы" немесе "жаман" жауабы жоқ.

Егер тұжырым сізге сәйкес болса, 2 санын шеңбермен қоршаңыз, егер толық сәйкес болмаса 1 санын тіпті сәйкес болмаса – 0 санын белгілеңіз.

  1. Көп жағдайларда мен өзіме сенімсізбін

  2. Кейде шешімін табуға болатын жағдайлар негізсіз сияқты болып көрінеді.

  3. Көп жағдайларда нақты шешімдерді өзім қабылдаймын

  4. Әдеттерімді өзгерту қиын.

  5. Болмайтын нәрселер үшін жиі қызарамын

  6. Сәтсіздіктер мені қатты ренжітеді, ерік-жігерімді әлсіретеді.

  7. Кей-кездері әңгіме барысында серіктестімнің әңгімесіне кедергі келтіремін

  8. Менің бір істен екінші іске ауысым қиын

  9. Түнде ұйықтап жатып жиі оянамын

  10. Ірі сәтсіздіктерде, тек өзімді кінәлі сезінемін

  11. Мені ренжіту оңай

  12. Өмірімдегі өзгерістерге өте сақпын

  13. Уайымға жеңіл түсемін

  14. Бақытсыздық пен сәтсіздіктер мені ешнәрсеге үйретпейді

  15. Менің басқаларға жиі ескерту жасауыма тура келеді

  16. Пікірталас барысында мені қайта сендіру қиын

  17. Менің қиялдағы сәтсіздіктердің өзі мазасыздандырады.

  18. Пайдасы жоқ деп есептей отырып, күресуден жиі бас тартамын

  19. Айналамдағылар алдында беделді болғым келеді

  20. Кейде ойлауға тұрмайтын ойлар көп мазалайды

  21. Мен өмірдегі қиындықтардан қорқамын

  22. Кейде өзімді қорғаусыз сезінемін

  23. Кез-келген істе азға қанағаттанбаймын

  24. Мен айналамдағылармен қарым-қатынасқа жеңіл түсемін

  25. Мен өз кемшіліктерімді жиі талдап отырамын

  26. Кейде ғана көңілді жағдайда боламын

  27. Ашу үстінде өз-өзімді ұстау мен үшін өте қиын

  28. Өмірімдегі күтпеген өзгерістерді қатты уайымдаймын

  29. Мені сендіру өте оңай

  30. Қиын жағдайларда абыржып қаламын

  31. Бағынғаннан гөрі басқаруды қалаймын

  32. Кейде еш нәрседен қайтпайтынымды көрсетемін

  33. Мені денсаулық жағдайым мазалайды

  34. Кейде қиын сәттерде өзімді балаша ұстаймын

  35. Менің ым-ишарам тіке, дөрекі

  36. Мен еш нәрсеге қарамастан тәуекелге барамын

  37. Күткенді ұнатпаймын және қиналамын

  38. Менің ойымша, мен ешашан өз кемшіліктерімді түзей алмаймын

  39. Мен кекшілмін

  40. Мені жоспардағы кейбір өзгерістердің өзі ренжітеді.

1

Қобалжу шкаласы

1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, 33, 37

2

Фрустрация шкаласы

2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 34, 38

3

Агрессия шкаласы

3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31, 35, 39

4

Ригидтік шкаласы

4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40



Жекедаралық қобалжу – индивидтің үрейді уайымдауға бейімділігі.

Фрустрация – шынайы немесе қиялдағы кедергілер салдарынан пайда болатын, мақсатқа жетуге кедергі болатын психикалық күй.

Агрессия – жоғары психологиялық белсенділік, басқа адамдарға қатысты күш көрсете оытырып лидерлікке ұмтылу.

Ригидтілік – жоспарланған істі өзгертуге қиындық.

Нәтижелерді өңдеу барысында кілтпен сәйкес келген 1 және 2 жауаптар саны анықталады. Кілтпен сәйкес келген 2 жауабы үшін 2 ұпай беріледі, 1 жауабы үшін – 1 ұпай беріледі. Содан кейін әр шкала бойынша қосынды шығарылады. Әрбір шкала бойынша орташа ұпай – 10. Одан жоғары болуы тұлға құрылымында сол қасиеттің басымдылығын көрсетеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ