400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қиын оқушымен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қиын оқушымен қалай жұмыс жасалу керек,әдістемелік нұсқаулықтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәртібі қиын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру түрлері.

Мақсаты:1.Оқушылармен жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз , ата - ана қарым - қатынасын нығайту.2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу.

Барысы:

Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге

оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.

Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.

Сонымен қоса , білім деңгейі төмен , тәртібі нашар , сабақтан көп қалатын , ұстаздардың талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын , ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым - қатысына байланысты екені анықталды.

Кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып , бала ашуланшақ , өмірге ызалы , тұйық қалыпқа түседі.

Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп , уайымға шалдығады , кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді.

«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады:

> Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.

> Отбасында , мектеп тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруды сыртқы кері әсерлерден , әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

«Қиын» оқушылардың өскен ортасының , отбасының жай - күйін талдағанда , кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер бертіні анықталып отыр. Әдетте , ата - аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақатануы да теріс әсер етеді (ата -

аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі , балаларына теріс үлгі көрсетіп , келеңсіз өмір сүретін , ұзақ іс сапарда болатын ата-аналар).

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата – аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы , яғни , баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады. Отбасындағы орта қандай болса , бала сондай болып өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді. Әсердің күші мен тереңдігі балалардың жасында , осы кезге дейінгі тәжірибесіне , мінезіне , тәрбиесіне ,тәрбиелілігіне ,сезімталдығына тәуелді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата –ана не істеу керек?

-Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.

• Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау.

-Танымдық қызығын арттыру.

• Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды үнемі бақылауды ұмытпау.

-Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ бірден үлгілі мінез - құлықты талап етпеу.

• Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу.

Мінез -құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау.

• Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну.

• Баламен әдепті сөйлесу.

• Балаға сену керек , әрине , бұл ең маңызды.

«Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - әке мен шешенің қарым -қатынасы» - деп В.А.Сухомлинский айтқандай , « Ата – ана - өз баласының тәрбиесі үшін ел , халық алдында жауапкер».

Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша « қиын » оқушылардың тууына итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік , таршылық.Қазір материалдың байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөпірімдер арасында « анау да керек , мынау да керек » деген көрсеқызарлықтың әсерінен , «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ » деген оймен баланың көзқарасының өзгеріне әкеп соғуы мүмкін.

Жасөспірім бойындағы жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік – педагогикалық , психологиялық әдістерді қолданып , тәрбиені ерікті , зорлықсыз түрде іске асыру керек. Ата – аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы жолды ұстанады. Жасөспірімдердің жеке басын сыйламау , адам қатарына санамау) , негіссіз жазалау , көп сөз , қорқыту , ұру – жасөспірімнің қатыгез , қатал , ашықтан - ашық отбасы талабын орындамай , өз білгенің істеуге бейім болып өсуіне әкеліп соқтырады. Ымырашылдық жол – бұл , керісінше , баланың барлық талабын ойланбай орындау , жазаламау. Мұнда қолданылатын әдіс , негізінен , әңгіме , сол арқылы баланың барлық іс - әрекеттерін жақтау , балаға жалыну , өтіну болады. Ондай жеткіншек бойында өзімшілдік , дарашылдық , жеке басты ойлау , қоғамдық мүддеден гөрі өз басының мүддессін бірінші орынға қою , өзгелердің ойымен санаспау , өз ісін атқаруда өзгеге талап қою әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Үнемі ескерту естіп , үлкендер тарапынан кеміту қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз , тұйық , өзіне – өзі көңілі толмайтын , көңгіш , келеңсіз болып қалыптасады. Қиын жасөспіріммен жұмыс істегенде , сынып жетекшісі мен мұғалімдер оны жеке тұлға ретінде танып, біліп қана қоймай , мынадай үш кезеңді ескеруі , оның дамуын көре білуі қажет:

- Бұрынғысы;

- Қазіргісі;

- Болашағы;

Оқушының мінез – құлқыының ерекшеліктерін анықтау барысында төмендегілерге көңіл бөлгенміз жөн:

- Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;

- Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерін , бақылау жұмыстары , шығармалары , т.б.);

- Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтарын жөнінде әңгімелесу;

- Достарымен , ата – анасымен әңгіме жүргізу;

Жазалау мен көтермелеу әдістерін қатар қолдану – педогогтің негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс – тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып , мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған әдіс – тәсілдер оқу – тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп , қиын оқушы мен педагог қарым – қатынас жақсартатыны сөзсіз.











Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі













Баяндама





Тақырыбы:"Тәртібі қиын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру түрлері"

Орындаған:педогог-психолог Төлеубаева Ш.Б.





















2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі