Сабақтың тақырыбы: ҚК-нің басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚРҚК-нің Жалпы әскери жарғылары туралы түсінік беру және әскери атақ пен айыру белгілерін түсіндіру.
1. Уақыты: 45 минут.
2. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.
3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.
4. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
- Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы
айтыңдар.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қандай әскери – оқу орындарын білесіңдер?
б) Негізгі бөлім – 22 мин. ҚК-нің басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?
- ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.
- әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.
- әскери жарғылар дегеніміз не?
- әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?
- әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.
ӘЖ.
Т-1. ҚК-нің басқа
әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы
әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери
ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы.
Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру
белгілері.
ҚР ҚК-нің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады.
Әскери жарғылардың ережелерін ҚР ҚК-ндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелердің, әскери құрылымдарының орындауы міндетті.
Әскери жарғыларға Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы, Саптық жарғы жатады. Жарғыларда әскери қызмет пен әскери тәртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері баяндалады. «ҚР Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 07 қаңтардағы Заңына сәйкес 2007 жылдың 05 шілдесінде №364 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарлығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бекітілді.
Ішкі қызмет жарғысы әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттерін, бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым – қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез – құлқын анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орналастырылады, күн тәртібі белгіленеді, әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, әскери қызметшілердің сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады. Сондай – ақ тәуліктік күзетпен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған.
Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мәні, оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқы баяндалады. Сондай – ақ әскери қызметшілерден келіп түскен арыз – шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.
Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысында гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен өткізілетін шараларды өткізу тәртібі айқындалады.
Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай – ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.
ҚР ҚК-де сонымен қатар ұрыстық жарғылар да болады. Ол жарғыларда сарбаздың ұрыстағы іс - әрекет тәсілдері мен міндеттері оны жүргізудің негізгі принциптері, әскерлерді басқару тәсілдері мазмұндалады. Ұрыстық жарғылар қазіргі кездегі әскери өнердің негізін, жеңіске жету ғылымын ұсынады.
Жарғылар әскери қызметшілер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік – жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті қалыптастырады. Сондықтан жарғы талаптарын барлық әскери қызметшілер қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлім аумағынан тыс жерлерде болмасын - орындауға міндетті.
Әскери қызметші ҚРК, заңдарын қатаң сақтауға, әскери жарғылардың талаптарын орындауға; Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР қорғауға, әскери борышын орындауға, өз Отанының патриоты болуға, әскери қызметшілердің арасындағы достықты нығайтуға, командирлерге сөзсіз бағынуға, және оларды ұрыста қорғауға, қасық қанын аямай жолдастарына көмектесуге, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға, берілген қаруды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери қызметшілердің ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
Әскери қызметші жеке басының және қызмет бабындағы мәселелер бойынша өзінің тікелей бастығына, ал оның әрекетсіздігі жағдайында одан жоғары бастыққа жүгінуге тиіс.
Әскери қызметші жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, лауазымды тұлғалар мен басқа органдардың және қоғамдық бірлестіктердің заңсыз іс - әрекеттеріне мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдарына арыздана алады.
Әскери жарғыларда армия дамуының көп қырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталады. Оларда әскери қызметшілерге қойылатын талаптар қысқаша анық түрде мазмұндалады.
Біздің жарғыларымыздың басты талабы - әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделген.
Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалған. Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір – бірімен қарым – қатынас жасаудағы сыпайгершілігін, қайырымдылығын қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен
ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір – біріне «сіз» деп тіл қатулары тиіс.
Әскери жарғылардың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады. Ішкі қызмет жарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты – бастық және бағынушы, басқаларға қарым – қатынасына қарай – үлкен және кіші болуы мүмкін. Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруге тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын тыңдауға тиіс. Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: «Командирдің бұйрығы барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында орындалуы тиіс».
Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.
ҚРҚК-нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:
- ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
- әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
- өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
- командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
- әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
- өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
- әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;
- әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
- қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.
ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.
|
|
Әскери атақтар әскерлік |
Әскери атақтар кемелік |
|
Жауынгер мен матростар |
Қатардағы жауынгер Ефрейтор |
Матрос Аға матрос |
|
Сержанттар (старшиналар) |
Кіші сержант Сержант Аға сержант Үшінші дәрежелі сержант Екінші дәрежелі сержант Бірінші дәрежелі сержант Штаб - сержант Шебер – сержант |
Екінші сатылы старшина Бірінші сатылы старшина Бас старшина Үшінші сыныпты старшина Екінші сыныпты старшина Бірінші сыныпты старшина Штаб – старшина Шебер - старшина |
|
Кіші офицерлер |
Лейтенант Аға лейтенант Капитан |
Лейтенант Аға лейтенант Капитан - лейтенант |
|
Аға офицерлер |
Майор Подполковник Полковник |
Үшінші дәрежелі капитан Екінші дәрежелі капитан Бірінші дәрежелі капитан |
|
Жоғары
офицерлер |
Генерал – майор Генерал – лейтенант Генерал – полковник Армия генералы |
Контр адмирал Вице адмирал Адмирал |
Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.
Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.
БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚК-нің басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары.

шағым қалдыра аласыз