МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы әскери дайындық курсының ҚМЖ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласы Білім басқармасы «№167 жалпы білім беретін мектеп» КММ


«БЕКІТЕМІН»

167 ЖББМ мектеп

директоры Налибаева Г.А.

_____”___________ 2024 жыл

АӘТД курсы бойынша 10-сыныптарға сабақ өткізуге арналған қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Тақырыбы: Білім алушылардың алғашқы әскери және технологиялық дайындықтарының мақсаты, міндеттері және мазмұны.

Бөлім:


Кіріспе сабақ

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Кенжебеков Б.К.

Күні:


Сынып: 10ә;

10а;

10б;

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Білім алушылардың алғашқы әскери және технологиялық дайындықтарының мақсаты, міндеттері және мазмұны.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Оқушыларға ҚР Конституциясындағы мемлекеттін қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі қағидаларды түсіндіру, ҚР ҚК құрамы мен мақсаты туралы түсінігін дамыту.

Сабақтың мақсаты

Мемлекетті қорғау туралы сұрақтар үшін ҚР Конституциясы бойынша білімдерін қолдануды; біздің мемлекетімізде бар әскер түрлері мен тектерін ажырата білуді үйрету

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 мин.

Взвод командирінен мәлімет қабылдау

Бөлімше командирлері взвод командиріне мәлімет беріп болған соң взвод командирі оқытушыға взвод бойынша мәлімет береді



Саптық жарғы

30 мин.

Сабақты ұйымдастыру және өткізу бойынша оқулықтағы материалдар мен электрондық қосымшаларды қолдана отырып оқушыларға бағыттаушы тапсырма беру және оқушылардың жауаптарын тыңдап, қаншалықты тақырыпты меңгергеніне қарай жауаптарын толықтырады

Тапсырманы орындап нені түсінгенін қысқаша баяндап береді. Топтық (бөлімше бойынша) жұмыс жасап, өз білгендерімен тапсырманы толықтырады.

Қазақстан тәуелсіздікке ие болған күннен бастап мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдауда. Осыған байланысты оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру және де бәрінен бұрын қазақстандықтардың мемлекет қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, оларды әскери іске үйрету зор маңызға ие болуда. Жеткіншек ұрпақта Отанға шексіз берілгендікті, Қазақстан Республикасын қорғауға дайындықты қалыптастыру аса маңызды міндеттердің бірі, оны шешуге Алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘжТД) пәні бағытталған.

АӘжТД пәнінде Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметке даярлау жүйесінің бір бөлігі болып табылатындығын ескерген маңызды. Осыған орай оқытушы орындайтын міндеттердің бірі оқушыларда Қазақстан Қарулы Күштеріндегі әскери қызметке сенімділік пен саналы дайындық сезімін қалыптастыру болып табылады. АӘжТД пәні басқа да оқу пәндері сияқты мынадай функцияларды:

білім берушілік (оқушыларды әскери істегі білім, дағдылар мен шеберліктер жүйесімен қаруландыру);

тәрбиелік (Қазақстан азаматының дүниеге ғылыми көзқарасын, белсенді әлеуметтік позициясын қалыптастыру);

дамытушылық (шығармашылықпен ойлауды қалыптастыру), сондай-ақ психологиялық дайындықты жүзеге асыру үшін тағайындалған.

АӘжТД пәнін зерделеу теориялық, сондай-ақ практикалық сабақтарда да жүргізіледі. Теориялық сабақтар көбінесе дидактикалық материалды, оқытудың техникалық құралдары мен инновациялық әдістерін пайдаланумен, әңгімелеу және әңгімелесу нысанында өткізіледі.

Практикалық сабақтар қарулар мен әскери-техникалық мүлікті, жеке қорғану құралдарын, аспаптар мен басқа да жабдықтарды пайдаланумен, зерделенген материалды бекітуге бағытталған.

АӘжТД пәнінің 10-сыныптағы оқушыларға (жасөспірімдерге) арналған ТОЖ 30 сағат көлеміндегі оқу-далалық (лагерьлік) жиындарды көздейтінін атап өтеміз. АӘжТД пәнінің оқу-далалық сабақтарға арналған оқытудың қолданылатын әдістері бойынша мыналарды:

оқушыларда бірқатар физикалық және психологиялық қасиеттерін дамыту үшін нақты мүмкіндіктерді;

әскери өмір жағдайларына жылдамдатылған бейімделу үшін қажетті әскери білім мен дағдылар жүйесімен қаруландыруды көздейді.

АӘжТД оқу пәні күрделі болып табылады, оқытушыдан толып жатқан оңды қасиеттерді, мысалы, әскери іс, жалпы және әскери педагогика, әскери және оқушы психологиясы бойынша терең, жан-жақты білімді, сондай-ақ әдістемелік жоғары шеберлікті талап етеді. Сондай-ақ оқытушының оңды қасиеттері әскери іс бойынша өздігінен білім алу үшін де қажет. Қазіргі уақытта елдің саяси басшылығы республикада өмірге қабілетті және басқарылатын жүйесі бар оңтайлы, жауынгерлік қабілетті құралымдар, бөлімдер мен бөлімшелерді құрғандығын білу қажет.

Кіріспе сабақта, сондай-ақ оқушыларға сабақтарға дайындық, киім нысаны мен оқу процесіне қажет болатын аспаптар туралы әңгімелеу де маңыздыАӘТД сабағында оқушылардың бойында үнемі ұлттық рухты көтеру мәселелерін осы пәнге жетекшілік етткеннен бастап мазалап жүрген болатын, Тәрбие көзі тал бесіктен, сондықтан да бала ерте оқытқан білім қашан оөз жемісін бермек.

Қазіргі жаҺандану үрдістері бүкіл әлемнің бағыт- бағдарын өзгертуде. Кез-келген оқу процесі белгілі бір мақсатқа бағытталып сол мақсатты орындауда бірнеше міндеттер атқарылады. Шынында да оқушылардың бойындағы ұлттық рухты көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың бойындағы бар қасиеттерді дамыту ол біздің қолымызда. Оқушы болсын студент болсын ол алдында жүрген үлгі тұтар оқытушыларына қарап бой сүйеп өседі.

Түрлі инновациялық технологияларға негізделген ұлттық тәрбиемен ұштастырылған оқыту тәрбие жұмысында мен оқушылардың рухани жағынан дамығанын үнемі көздеп отырамын.Бұл жөнінде  менің ұстанымдарым бабалар сөзіне сүйену. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену. Оқушының бойындағы қасиеттер сөзге мән бере бастағанда ғана ояна бастайды. Жай ған қарапайым сөзбен оқушыларға қазіргі таңда әсерлі ету өте қиын. Сондықтан да олардың ерік- жігеріне жасына сәйкес ұлттық нақышта безендірілген түрлі тапсырмалар деңгейін үнемі күшейтуді міндеттеп отырмын.

Тақырыпты өздігінен меңгеруімен қатар оқушы өзін-өзі және топтық бағалауды жүргізеді

Саптық алаң АӘТД оқулығы, видеоресурстар

10 мин

Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма береді

Тақырып бойынша сұрақтар қояды. Тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.


АӘТД оқулығы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!