жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ.8-сынып. Ішек сөлінің ас қорытудағы маңызы
Күні:
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы :Ішек сөлінің асқа әсері. Зертханалық жұмыс 13
Сабақтың мақсаты:1. Асқорыту бездерін ажырату 2.Асқорыту ферменттері, сілекей бездері, қарын және ішек сөлдерінің әсерін білу 3.Оқушыларды өз бетінше білімді меңгеруге бағыттау, қабілеттерін шыңдау
Күтілетін нәтиже : Асқорыту бездерін ажыратады, асқорыту ферменттері, сілекей бездері, қарын және ішек сөлдерінің әсерін біледі, оқушыларды өз бетінше білімді меңгеріп, білімді өз бетінше талқылайды
Бағалау критерийлері: Критерий бойынша бағалау
Әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл, «Суретпен жұмыс», «Роунд-робин», «Тірек схема» «Өрмекшінің торы»
|
Уақыт |
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс - әрекеті |
Оқушының іс -әрекеті |
Бағалау |
|||||||||||||||||||||
|
5 мин |
Кіріспе |
Ұйымдастыру кезеңі а)Психологиялық ахуал қалыптастыру ә)Сұақтарды пайдаланып топқа бөлу б)Бағалау критерийлерімен таныстыру және тарату с)Сабақ мақсатымен танысады |
а)Алғашқы жаңалықтарын бөліседі ә) Топқа бөлінеді |
Ауызша мадақтау |
|||||||||||||||||||||
|
Таныстырылым |
Білу Қызығушылығын ояту мақсатында «Өрмекшінің торы» тәсілімен үй тапсырмасын сұрау тексеру. 1. Ауыз қуысында ас қандай өзгерістерге ұшырайды? 2. Аш ішекте ас қандай заттардың әсерінен ыдырайды? 3. Бүрлер қандай мүшелерде болады? 4. Қарын сөлі қайдан бөлінеді? 5. Асқазан мен аш ішекте астың қорытылуының қандай ерекшеліктері бар? 6. Аш ішектің сілемейлі қабықшасының ерекшеліктері қандай? 7. Астың толық қорытылуы қай мүшеде аяқталады? 8. Нәруыздар, крахмал,майлар қандай заттарға ыдырайды, қай мүшеде жүзеге асады? Түсіну Жаңа сабақ Түртіп алу стратегиясы бойынша жұмыс жүргізу
Ішектердің жұмысы туралы не білеміз? Ас асқазанда неше сағат қорытылады? Ішекте диффузия құбылысы жүреді ме? Оқушының ойын тыңдау Жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау, жоспарлау 1-топ. Ішекте астың қорытылуы 2-топ Асқорыту мүшелерінің аурулары 3-топ Тамақтану гигиенасы |
Оқушылар сұрақтар жазып, сұрақтарға жылдам жауап береді Ашық сұрақ деңгейінен жабық сұрақ деңгейіне көшеді
Өз ойларын эссе арқылы тиянақтайды
Оқушылар кітаппен жұмыс жасайды, талдайды, постер қорғайды |
Стикермен бағалау
|
||||||||||||||||||||||
|
20мин |
Негізгі бөлім
|
Қолдану Тапсырма беру «ДЖИГСО» әдісі бойынша тақырыпты оқушылар әр топта орын ауыстыра отырып, толықтырады. Қарын сөлі – қарынның ішкі кілегейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінеді. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей қарын сөлі бөлінеді. Бөлінетін қарын сөлінің мөлшері тағамның құрамына, қою-сұйықтығына байланысты. Асқазанның кілегейлі қабығындағы безді жасушалар құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты 3 топқа бөлінеді. Бездердің бір тобынан – ферменттер, екіншісінен – тұз қышқылы, үшіншісінен – кілегейлі зат – муцин бөлінеді. Қарын сөлі түссіз, әрі қышқылды ортада белсенді әсер етеді. Қарын сөлінің құрамы: 97–98% су, 1% органикалық заттар (ферменттер), 0,5% минералдық тұздар, 0,7% тұз қышқылы. Асқазанның бұлшықеттерінің үнемі жиырылып босаңсуының арқасында тағам қарын сөлімен әбден араласады. Қарын сөлімен араласқан тағамды жентек (химус) деп атайды. Тамақ ауыз қуысына түскен кезде-ақ қарын сөлі шартсыз рефлекс арқылы көп бөліне бастайды. Мұны И.П. Павлов тәбет сөлі деп атаған. Қарын сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі
Ойлан, жұптас, бөліс? Ішекте астың қорытылуы, сіңуі? Талдау Кестемен жұмыс
Суретпен жұмыс
«Мағынасын аш» . «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» , «апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас» Жинақтау «Кластер» «Асқорыту ферменті» 2. «Роунд-робин» тәсілімен жаңа тақырыпты пысықтау
|
Алған түсініктерін қолдана отырып, тапсырманы орындайды, тақырыптың негізгі мазмұнына тоқталады
Оқушылар ойлана отырып тиісті сөздерді пайдаланып тақырыпты толықтырады
Оқушылар өз білгендерін айта отырып, бір-бірін толықтырады Органикалық қосылыстарға сипаттама береді
Негізгі терминдерді дәптерлеріне жазады Кестеге талдау жасайды
Негізгі терминдерге түсіндіру жұмысын жүргізеді
Талдау жасап, сәйкес сандарды жазады
Суретте берілген сандардың не екендігін тауып, түсіндіру жұмысын жасайды
|
Ауызша мадақтау
Формативті бағалау
Жетектеу, қолпаштау
Жетектеу, қолпаштау |
|||||||||||||||||||||
|
5мин |
Қорытынды |
Үй тапсырмасын беру Жинақтаған балдары бойынша суммативті баға қою К ері байланыс жасау Келесі сабаққа ұсыныс пікірлерім? |
Оқушылар күнделіктеріне жазып қояды.
Кері байланыс жасайды |
Формативті бағаны суммативті бағаға айналдыру
|
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: ________
Не сәтті өтті
_______________________________________________________________________________________________._______________________________________________________________________________________________
Не сәтсіз өтті_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_Нені жақсарта аласыз?
_______________________________________________________________________________________________.________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген