ҚМЖ 10 ЖМБ сынып 2 тоқсан Идеал газ күйінің теңдеуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ 10 ЖМБ сынып 2 тоқсан Идеал газ күйінің теңдеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып Жаратылыстану математика бағытына арналған 2 тоқсан ҚМЖсы барлық талаптарға сай ұсынылған (құндылық және функционалдық тапсырма берілген)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

Газ заңдары

Сабақтың тақырыбы

Идеал газ күйінің теңдеуі

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 10 «а»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін түрлендіріп, есептер шығаруда қолданады.

Құндылықтарға баулу



Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,  қарым қатынас жасау, көзқарастарына құрметпен қарау .Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау,іздену қабілеттерін арттыру.

Мәңгілік ел идеясын дамытуға тәрбиелеу

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

3 минут



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, қал- жағдайларын сұрау, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату;

«Фигуралар» әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлу

1-топ: Жұлдызша

2-топ: Үшбұрыш

3-топ: Шеңбер

Оқушылар қағазға жасырылған фигураларды таңдап топтарға бөлініп отырады


Қиынды фигуралар

5 минут

Алдынғы сабақта газдардың молекула кинетикалық теориясының негізгі теңдеуімен танысқан.

«Жылдам сұрақ» әдісі арқылы өткенге шолу тапсырмасы орындалады.

1.Идеал газ деп қандай газды айтамыз?

2. Идеал газ деп қандай қасиеттері бар?

3. МКТ негізгі теңдеуі қалай жазылады?

4. МКТ негізгі қағидаларын атаңыз.

5. Молекулалардың қозғалысы қандай параметрлерге тәуелді?





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, алдыңғы білімдерін еске түсіреді.

Дескриптор

  1. Идеал газға анықтама береді.

  2. Идеал газдың қасиеттерін сипаттайды.

  3. МКТ негізгі теңдеуін жазады.

  4. МКТ негізгі қағидаларын тұжырымдайды.

  5. Молекулалардың қозғалысы тәуелді болатын параметрлерді атайды.


Қалыптастырушы бағалау:

Білім алушылар тапсырма жауаптары бойынша өзін-өзі бағалайды.

Сұрақтар жазылған слайд

Сабақтың ортасы:

30 минут








Бірге ойлаймыз” әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушылар топта ақылдаса отырып, құрылымдалған тапсырманы орындайды.



























«Достармен кездесу уақыты» әдісі (жұптық жұмыс)

Білім алушыларға ой бөлісіп жұптасып бір- біріне көмек көрсетуіне жетілмеген түсінбеген жерлерін бірлесе талқылап түсінуіне мүмкіндік беретін осы әдісті қолданамын

Бұл әдісте білім алушылардың жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар беріледі. Есептер шығарып ойлау дағдыларын дамытуда талдап нәтижеге жеткізуді жоспарлаудамын.


Оқушылар топта ақылдаса отырып берілген тапсырманы орындайды.

Тақтаға жазады.




















Білім алушылар бір- бірімен ой бөлісіп жұптаса жұмыс жасайды




Дескриптор:

-Есептердің шартын дұрыс құрастырады;

-Шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келдіреді;

-МКТ формуласынан белгісіз шаманы табу формуласын қорытып шығарады;

-МКТ формуласын қолданып есептеулер жүргізеді;

«Топтық кері байланыс» Топпен жасаған жұмыстарын қарсы топтар бағалайды.


ҚБ:Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады.









Дескриптор:

-Есептердің шартын дұрыс құрастырады;

-Шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіреді;

-МКТ формуласын қолданып,есептеулер жүргізеді;

-Идеал газдардың молекула саны бойынша өсу ретімен орнадастырады:

ҚБ: Екі жұлдыз,бір тілек.

Ресурс1





























Ресурс2
















Сабақты қорытындылау

4 мин

Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жеке тапсырма орындайды.


Білім алушылар тапсырманы орындап,тапсырманы дәптерге жазады.

-Есептің шартын дұрыс құрастырады;

-Шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіреді;

-МКТ формуласын қолданып,есептеулер жүргізеді;

-Идеал газдың қысымын есептейді;

ҚБ:оқушы өзін-өзі бағалайды

Ресурс3

Сабақтың соңы:

  1. мин

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Рефлексия

«Блоб ағашы»


§33

Бұл сабаққа дейін ___бұтағында болдым деп ойлаймын.............





Ресурс1

Тапсырма1

Түшкіру– адам ағзасында орын алатын күрделі қорғаныстық рефлекторлық жағдай. Ол -мұрынның қуысындағы үшкіл нервтің ұшындағы рецепторларды тітіркендіруге байланысты қозады. Адам түшкірген кезде ауаға 100 000-ға жуық микроб 160 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықпен ұшып шығады. Бала көлемі 48 болатын бөлмеде түшкірген кезде ауаға 86 400 микроб ұшып шықты. Егер бөлме температурасы 25ᵒС, ал әр микробтың массасы 5,52* г. k=1,38* Дж/К екенін ескеріп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.



1.Бөлмедегі микробтардың шоғырын есептеңіз.

.....................................................................................................................................


2. Бір микробтың массасы 5,52* г екенін ескеріп, әр микробтың ауада таралу жылдымдығын есептеңіз.

.....................................................................................................................................


3. Бөлмеде таралатын микробтардың жалпы массасын анықтаңыз.

.....................................................................................................................................


4. Бөлмеде таралған микробтардың зат мөлшерін анықтаңыз.

.....................................................................................................................................


5.Бала түшкірген кездегі микробтар жалпы бөлменің барлық нүктесіне таралатының ескеріп, бөлме

қабырғаларына түсіретін қысымын есептеңіз.

....................................................................................................................

Ресурс2

Тапсырма 2

Айдын зертханадан оттек, гелий және азот салынған ыдыстарды апара жатып, бір қолындағы бояу салынған ыдысты байқаусызда, оттектің, гелийдің және азоттың қасиеттері жазылған кестеге төгіп алуы салдарынан, кестедегі кейбір сан мәндері көрінбей қалды.Бұл сан мәндері зерттеу жұмысы үшін өте маңызды мәліметтер еді. Осы газдардың қасиеттерін есептеу арқылы кестедегі мәндерді толтыруға көмек беріңіз.Қалыпты жағдайдағы әр газдың 1 молі шамамен 224 дм3 көлемді алады деп болжаймыз. Қалыпты жағдайда р = 1013 гПa, T = 273 K.


Оттек

Азот

Гелий

Shape2 Shape1

n=


m=160г

Shape3 n=


mShape4 =

Shape6 Shape5

n=

Shape7

m= г

Shape8

V=


VShape9 =


V= 22,4



1.Белгісіз шамаларды анықтау арқылы,кестедегі бос орындарды толтырыңыз.

а) концентрацияны есептеңіз.

б) массаны табыңыз.

в)көлемді есептеңіз.


2. Газдарды ең аз молекула санынан ең көп молекула санына дейін өсу ретімен орналастыруға көмек беріңіз.


________________________________________________________________________________________________________

3. Егер бірдей көлемдегі 3 ыдыс N молекуладан тұратын әртүрлі газдармен: гелий,азот және оттекпен толтырылған. Әр ыдыстағы газ қысымы әртүрлі. Газ молекулалары әр ыдыста бірдей орташа квадраттық жылдамдықпен қозғалады дей отырып, ең жоғары қысым болатын ыдысты көрсетіңіз.________________________________________________________










Ресурс3

Тапсырма3

1. Көрсетілген цилиндрде, температурасы 5,0 °С ауа бар. Поршеннің көлденең қимасының ауданы 1,6 10-3 м2 . Поршенге 400 Н күш түсіру арқылы оны қозғалтпай ұстап тұруға болады. Сығылғын ауаның көлемі 2,4 10-4 м3. Ауаның мольдік массасы 29 г/моль.






1. Цилиндр ішіндегі ауа массасын есептеңіз.

_________________________________________________________________________________
2. Цилиндр ішіндегі ауаның зат мөлшерін анықтаңыз.

_________________________________________
3. Цилиндр ішіндегі ауаның тығыздығын.

_________________________________________________________________________________

4.Сығылған ауаның қысымын есептеңіз.

p=________________________________________________________________________________


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2024
99
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі