400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Сабақтың тақырыбы: Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері. 2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаяу әскердің ұрыстық машинасындағы мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуымен таныстыру. 3. Уақыты: 45 минут. 4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі. 5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат. 6. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут. - Қарауыл дегеніміз не? - Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер? - Қарауыл құрамына кімдер кіреді? - Сақшы дегеніміз не? б) Негізгі бөлім – 22 минут. Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері. в) Қорытынды бөлім – 10 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар: - жаяу әскердің ұры
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.         Сабақтың тақырыбы: Бөлімшені  ұйымдастыру, штаттық  қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

2.         Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаяу әскердің ұрыстық машинасындағы мотоатқыш  

       бөлімшесінің ұйымдастырылуымен таныстыру.

3.         Уақыты: 45 минут.

4.         Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

5.         Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.

6.         Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

    ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  10 минут.

-   Қарауыл дегеніміз не?

-       Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?

-       Қарауыл құрамына кімдер кіреді?

-       Сақшы дегеніміз не?

    б) Негізгі бөлім – 22 минут.   Бөлімшені  ұйымдастыру, штаттық  қарулану және ұрыстық  техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

    в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

         Сұрақтар мен тапсырмалар:

-       жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.

-       жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.

  мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы  жайлы айтыңдар.

 

ТД. Т-1.         ҰРЫСТЫҚ  ӘРЕКЕТ  НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ   МОТОАТҚЫШ  БӨЛІМШЕСІНІҢ  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.

    Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:

-       бөлімше командирі - К;

-       көздеуші – оператор - КО;

 -  механик – жүргізуші - МЖ;

 -  пулеметші - П;

-       гранататқыш - ГА;

-   гранататқыштың көмекшісі - ГК;

 -  аға атқыш - АА;

 -  атқыш - А.

        ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.

    Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.

    Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

      БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы:    

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.07.2025
117
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі