жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚМЖ 11 сынып қазақ тілі Атамұра
Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ
Бөлім: |
1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Тіл –тарихтың айнасы |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу; 11.4.5.1 - мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу ; |
|
Сабақтың мақсаты |
Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтай алады, мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басталуы 6 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру Берілген сөйлемдерді оқып, өздерің қалаған бір пікірдің төңірегінде ой бөлісіңдер. 1.Тарих дегеніміз – өткеннің сабағы ғана емес, ол –болашақтың көрінісі. 2.Тарих жолы қашанда тайғақ. 3.Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы. 4.Халықтың тілінде оның тарихының іздері айқын көрінеді. 5.Тіл- әрі тарих, әрі мәдениет көрсеткіші |
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы - Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар: - Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; - Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; - Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; - Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді». Берілген сөйлемдерді оқып, өздері қалаған бір пікірдің төңірегінде ой бөліседі. |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет! |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
Сабақтың ортасы 20 минут 8 минут |
1.Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, мәтіннің мазмұнына болжам жаса. Қандай мәселе сөз болуы мүмкін? Толық тыңдап болғаннан кейін, өз болжамыңды салыстыр. 2. Суреттерде берілген әліпби нұсқаларының қазақ тарихымен қандай байланысы бар? Өз пікіріңді сабақ тақырыбымен ұштастырып тұжырымда.
4-тапсырма Берiлген мақалдар мен нақыл сөздерді оқып, мағынасын таратып айт. Олардың қайсысы мазмұны жағынан бір-бірімен үндеседі? Ойыңды дәлелде. Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндір.1) Тiл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 2) Жақсы сөз – жарым ырыс. 3) Сөз жүйесiн тапса, мал иесiн табады. 4) Жанды жаралайтын да сөз, емдейтiн де сөз. 5) Шешеннiң сөзi ортақ, шебердің бізі ортақ. 6) Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. 7) Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі «Тіл» сөзіне қатысты қатысты мынандай сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Қайда? Сіз «тіл», «мәдениет», «тарих» атауларына қатысты сөздерді бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңдер? 2. Қалай? Тіл қалай тарих және мәдениет көрсеткіші болып табылады? Мысал келтіріңдер. 3. Қандай? Тілдің жойылуы немесе өркендеуі қандай себептерге байланысты? |
Берілген сұрақтар тапсырмалар бойынша оқушы мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселеге қатысты болжам жасайды. Әліпби нұсқаларының қазақ тарихымен байланысын өз пікірлерімен жеткізеді. Берiлген мақалдар мен нақыл сөздерді оқып, мағынасын таратып айтады. Олардың қайсысы мазмұны жағынан бір-бірімен үндесетінін өз ойымен дәлелдейді. «Тіл» сөзіне қатысты қатысты мынандай сұрақтарға жауап беріңдер: |
Дескриптор Білім алушы - мазмұны бойынша өз болжамын айтады; - мәтін тыңдау барысында өз болжамын салыстырады; -қазақ әліпбиіне қатысты өз көзқарасын жеткізеді; -сұрақтарға жауап береді; -сыни тұрғыдан өз ойларын тұжырымдап, баға береді. |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
Сабақтың аяқталуы 2 минут |
Үйге тапсырма: 8-тапсырма |
|
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
4 минут |
Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, жауабыңды түсіндір.1-сұрақ: Не
пайдалы?
|
|
|
|
Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 2-сабақ
Бөлім: |
1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы |
Тіл –тарихтың айнасы. Қазақ жазуының тарихы |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау 11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу; |
|
Сабақтың мақсаты |
Таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін көрсетіп, жанрлық ерекшеліктерін талдай алады. Мәтінге сай тезис жазады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басталуы 6 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру Тілге қатысты қандай нақыл сөздерді білесіңдер? Мағынасын ашып, айтып беріңдер. |
Сұрақтарға жауап береді |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет! |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
||||||||||
Сабақтың ортасы 20 минут 8 минут |
1. Тезиске қойылатын талаптармен таныс. Тезис – баяндаманың, лекцияның, ғылыми мақаланың, хабарламаның қысқаша тұжырымдалған негізгі қағидалары. Тезис – ғылыми жұмыстың алғашқы бастамасы, сондайақ, аннотация, реферат, мақала авторының екінші мәтіні болуы да мүмкін. Тезис өз баяндамаңыздың қысқартылған нұсқасы болады. Екінші тезис нұсқасы өзге автордың бірінші нұсқасының негізінде жазылуы мүмкін. Көтеріліп отырған тақырып тезисте қысқартылып, логикалық жүйелілікпен ұсынылады. Әр азат жолды құрайтын әр тезис әрбір шағын тақырыптан мәлімет беріп отыру керек. Егер жоспар тек қарастырылатын сұрақты ғана қарайтын болса, ал тезис осы сұрақтарды шешудің жолдарын қарастырады. Тезис төмендегідей қатаң нормативтік мазмұндық-композициялық құрылымнан тұрады: 1. кіріспе бөлімі, онда мақсаты, міндеті қарастырылады; 2. негізгі тезис мазмұны; 3. қорытынды тезис. Тезис мазмұнының нақты логикалық бөлінуі екі түрлі: формальдық және сызбалық. Тезистердің өзара формальдық логикалық байланысы келесі тәсілдермен жүзеге асады: - әр тезистің алдында қыстырма сөздің қолданылуы (біріншіден, екіншіден); - мәселеге қатысты көзқарасты білдіретін фразалардың қолданылуы (ішкі факторсыртқы фактор); - классификациялық фразалардың қолданылуы (іс-әрекет етістіктері, жағдайды танытатын етістіктер). Тезис келесі сөздік қолданыстардан басталуы мүмкін: - Барлығымызға белгілі, бұл... - Ерекше атап көрсету керек, ... - Алайда... - Мамандар өз міндеттерін шешуде... Тезистегі негізгі ақпарат келесі лексикалық бірліктермен байланысуы мүмкін: - Сұрақ қояды... - Есептейді... - Салыстырады... - Мысал келтіреді... - Санамалап көрсетеді... - Мінездеме береді... - Атап көрсетеді... Тезис ғылыми жанрдың нормаларына негізделген оның бір түрі болып табылады. Сондықтан тезистерде өзге жанрлардың араласуы стильдік қана емес, коммуникативтік тұрғыдан да өрескел қателік болып табылады. Сондай-ақ типтік қателердің бірі болып саналатыны – тезисті реферат, аннотация, жоба, жоспар сияқты түрлі жанрлармен шатастырып, араластырып жіберу. Мұндай араластырып жіберу автордың ғылыми-сөйлеу мәдениетінің жоқтығын байқатады. Тезисте сөйлеу мәнерінің біркелкілігі мен стильдік тазалық талап етіледі, эмоционалды-экспрессивті анықтамалар, метафоралар және басқа стильдің кірігуі болмау керек. 9-тапсырма (оқулықтан) 1)Мәтінді түсініп оқып, көне түркі жазуы мен қазіргі қазақ тілі заңдылықтарын салыстыр.2) Төменде берілген сұрақтарға жауап бер. 1. Мәтін қай стильде жазылған? 2. Мәтіннің стилін қандай тілдік ерекшеліктер арқылы дәлелдейсің? 3. Мәтіннің құрылымы қандай? Талдап жаз. 4. Мәтін қалай рәсімделген? Дәлелде.5. Мәтіннің жанрын анықта және мәтіннен дәлел келтіре отырып, 3-4 сөйлеммен жаз. 3)Мәтін мазмұны бойынша тезис жаз.
2)Тезистің жанрлық ерекшелігіне талдау жаса.
12-тапсырма (оқулықтан) Белгілі ғалымдардың көне түркі жазуына қатысты айтқан сөздерін тауып жаз. Олардың мәтін мазмұнымен байланысын анықта. Тапсырма 1) Мәтінді оқып, негізгі ойды тезис түрінде жаз. Римдік Марк Туллий Цицерон ғылымды тастай түйілген жұдырыққа ұқсатса, шешендік өнерді саусақтары сала-сала болып жазылған ашық алақанға балайды. Ғұлама тастай түйілген жұдырық бейнесі арқылы ғылыми ойдың бұлтартпас дәлелдігін, нақтылығын баса көрсетсе, ашық алақан арқылы шешендік өнерге тән жүйелілік пен бейнелілікке назар аударады. Сөйте отырып, ол шешендік өнердің мәні мен мағынасы ғылымға негізделетінін көрсетеді. Бұл – Цицерон сөз өнеріне тән басты қасиеттер қатарына ойдың тереңдігін, бұлтартпас дәлелдігі мен нақтылығын да қосып отыр деген сөз.
2) Ғылыми стильге тән белгіні көрсет. Бейнелі сөз орамдарының жиі қолданылуы сөздердің ауыспалы мағынада жұмсалуы айтылатын ойдың дәл, анық берілуі эмоционалды-экспресивті сөздердің көп кездесуі
|
Көне түркі жазуы мен қазіргі қазақ тілі заңдылықтарын салыстырады. Мәтін мазмұны бойынша тезис жазады.Ғылыми стильге тән белгіні көрсетеді.
Мәтінді түсініп оқып, көне түркі жазуы мен қазіргі қазақ тілі заңдылықтарын салыстырады. Берілген сұрақтарға жауап береді. Мәтін мазмұны бойынша тезис жазады.
Мәтінді оқып, негізгі ойды тезис түрінде жазады. Ғылыми стильге тән белгіні көрсетеді.
|
Дескриптор Білім алушы
- тезистің кіріспе бөлімін анықтайды; - негізгі бөлімін ажыратады; - қорытынды бөлімін табады; - тезисте қолданылған тілдік қолданыстарға мысалдар келтіреді; - тезистегі ақпараттардың байланысу тәсілін анықтайды.
Дескриптор Білім алушы -Ғылыми стильге тән белгіні дұрыс көрсетеді. -Мәтінге сай тұжырымдама келтіреді. -Берілген мәтінге өзіндік ойын келтіріп дәлелдей алады. -Ғылыми тұрғыдан талдап жаза алады. -Сауатты, таза жазады
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
||||||||||
Сабақтың аяқталуы 2 минут |
Үйге тапсырма: 16-тапсырма |
|
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
||||||||||
4 минут |
Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, жауабыңды түсіндір.«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мен сабақта ......... қиналдым, себебі ...................... Маған сабақта ........ ұнады, себебі ................. Маған ........................оңай болды, себебі .............. Мен бүгін ........ әсерде болдым, себебі ............
|
Оқушылар ««Аяқталмаған сөйлем» » әдісі арқылы нені білгенін,маңызды ақпарат не болғанын және қиын тудырған тапсырманы параққа жазып береді.
|
|
|
Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 3-сабақ
Бөлім: |
1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
«Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.1.3.1 - мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру ; 11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу; 11.4.5.1 - мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу; |
|
Сабақтың мақсаты |
Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыра алады. Мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру 1) «Мәңгілік ел» деген сөздің мағынасын қалай
түсінесің? Оның көне түркі ескерткіштерімен қандай байланысы
бар? |
Сұрақтарға жауап береді |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 25 минут |
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.Тезис- шығарманың, баяндаманың, сөздің қысқаша желісі, негізгі ойы, пікірі. 7-тапсырма (оқулықтан) Тыңдалым мәтіні 1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз. 2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Тыңдалым мәтіні бойынша екі тезис жаз. Тыныс белгілерінің қойылуына мән бер.1. Атқа міну мәдениеті Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті. Тапсырма Жазба жұмысы (Диктант) 17 ғасырдың соңы, 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У.Ремезов болды, ол «Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама» деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғасырдың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д.Бухгольцтың, С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң және басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар Ертiс өзенiнің алабын Зайсан көліне дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.Бекович-Черкасскийдiң ғылыми экспедициясы Арал теңізін және Каспий теңізінiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ, қазақ халқы туралы кейбiр этнограф мәлiметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейiн (1731), оны ғылыми тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым кең түрде және жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 жылы құрылған Ресей ғылым академиясы Қазақстан өлкесiн географиялық, геологиялық және этнографиялық тұрғыда зерттеу үшiн 1733 жылдың өзiнде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейiн Баты Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келiп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711-1755), И.Г.Гмелин (1709-1755), И.И.Лепехин, П.С.Паллас, И.П.Фальк, П.И.Рычковтар басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.ККирилов, П.И. Рычков, В.Н.Татищев (1686-1750) сияқты белгiлi орыс ғалымдары жетекшiлiк жасады. |
|
Дескриптор Білім алушы Дескриптор Білім алушы -көтерілген мәселені талдайды, -негізгі ойды анықтайды, -өз ойын ғаламдық мәселелермен байланыстыра жеткізеді, -екі сұрақ дайындайды, -өз пікірін жеткізеді, -тезис жазады. Жұмысты бағалау Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. (9-10 балл) Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. (7-8 балл) Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. (4-6 балл) Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. (1-4 балл)
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
||||||||||
Сабақтың аяқталуы 1 минут |
Үйге тапсырма: 13-тапсырма |
|
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
||||||||||
4 минут |
Кері байланыс «Сөйлемді аяқта»
|
Рефлексия барысында сабақтың қызықты тұстарын айта отырып, нені меңгергенін сараптайды. Қиналған түстарын, меңгере алмаған тұстарын жеткізеді.
|
|
|
Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 4-сабақ
Бөлім: |
1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1 |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау ; 11.3.5.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу; |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін көрсетіп, жанрлық ерекшеліктерін талдай алады. тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыс ұсына алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өз ойын мысалдар келтіре отырып дәлелдей алады. Кейбір оқушылар орындай алады: қорытындылап, тұжырым жасай алады, сауатты және таза жаза алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басталуы 4 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру Не себепті Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны болып саналады? |
Сұрақтарға жауап береді |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет! |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
Сабақтың ортасы 15 минут 20 минут |
8-тапсырма 14-бет Мәтінді мұқият оқимыз. Не туралы айтылғанын қысқаша баяндап, аннотация жазамыз. Аннотация жазуға нұсқаулық Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады. Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады. Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді ұстаныңыз: Аңдатпа көлемі 100 сөзден тұрады. Ғылыми мақаланың көлем шағын болады. Мақалаңызды беретін журналдың талабына сай сөйлеммен (7-8 сөйлем) немесе сөзбен (100 сөз), не белгі (500 белгі) санымен берілуі мүмкін. Аңдатпаның құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады. Мысалы: талданады, болжау айтылады, кірістіріледі деп қорытындылайды, анықталады, бекітіледі, мысалдар беріледі, атап өтеді, нәтижелер баяндалады, атап көрсетіледі, қолданылады, зерттеледі, сыналады, жүйеленеді, қорытындыланады, талқыланады, бекітіледі, анықталады(бағыттар), суреттеледі, тәжірибе бекітіледі, бағаланады, көрсетіледі, ұсынылады, аталады, келтіріледі, сипатталады және т.б. Аңдатпа мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын қамтиды. Мұнда тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, зерттеу пәні мен нысанының сипаттамасын, оның мақсаты мен оған жетудегі автордың нәтижелерін қысқаша баяндайсыз. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы 1- тапсырма Оқылым Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз XVII ғасырдың соңы, XVIII ғасырдың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У.Ремезов болды, ол «Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама» деген еңбек жазып қалдырды. XVIII ғасырдың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д.Бухгольцтың, С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң және басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар Ертiс өзенiнің алабын Зайсан көліне дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.Бекович-Черкасскийдiң ғылыми экспедициясы Арал теңізін және Каспий теңізінiң аумағын картаға түсiрдi, сондай -ақ, қазақ халқы туралы кейбiр этнограф мәлiметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейiн (1731), оны ғылыми тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым кең түрде және жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 жылы құрылған Ресей ғылым академиясы Қазақстан өлкесiн географиялық, геологиялық және этнографиялық тұрғыда зерттеу үшiн 1733 жылдың өзiнде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейiн Баты Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келiп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711-1755), И.Г.Гмелин (1709-1755), И.И.Лепехин, П.С.Паллас, И.П.Фальк, П.И.Рычковтар басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.ККирилов, П.И. Рычков, В.Н.Татищев (1686-1750) сияқты белгiлi орыс ғалымдары жетекшiлiк жасады. 1. Мәтін қай стильде жазылған? A. ауызекі сөйлеу стилінде B. көркем әдебиет стилінде C. ғылыми стильде D. ресми іс қағаздар стилінде 2. Мәтіннің стилін қандай тілдік ерекшеліктер арқылы дәлелдейсіз? 3. Мәтіннің құрылымы қандай? Талдап жазыңыз. 4. Мәтін қалай рәсімделген? Дәлелдеңіз. 5. Мәтіннің жанрын анықтаңыз және мәтіннен дәлел келтіре отырып, 3-4 сөйлеммен жазыңыз. 2- тапсырма Жазылым Төменде берілген тақырыпта 60-70 сөзден тұратын естелік жазыңыз. Жазылымыңызда көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданыңыз. Бүгінгі жетістігім елім үшін |
Көне түркі жазуы мен қазіргі қазақ тілі заңдылықтарын салыстырады. Мәтін мазмұны бойынша тезис жазады.Ғылыми стильге тән белгіні көрсетеді. Берілген тақырыпта 60-70 сөзден тұратын естелік жазады. Жазылымда көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады. |
Дескриптор Білім алушы -мәтіннің мазмұнын баяндайды, -мәтін мазмұнына сүйеніп аннотация жазады, -құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды. Берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -Дұрыс нұсқасын белгілейді; -Мәтіннің стилін тілдік ерекшеліктер арқылы дәлелдейді -Мәтін құрылымын көрсетеді; -Бөлімдерге талдайды. Мәтіннің рәсімделуін көрсетеді; -Дәлелдер келтіреді; -Мәтіннің жанрын анықтайды; -1-2 дәлел келтіреді -Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс (естелік) жазады -Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады -Жазба жұмысының құрылымын сақтайды |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
Сабақтың аяқталуы 2 минут |
Үйге тапсырма: 16-тапсырма |
|
|
|
4 минут |
|
|
|
|
Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 5-сабақ
Бөлім: |
1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Таңғажайып ашылым |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу; 11.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; |
|
Сабақтың мақсаты |
Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтай алады. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басталуы 7 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал тудыру кубигі 1.Амандас 2. Құшақтас 3.Тілек айт 4.Мақта 5.Күлкі сыйла 6.Би қимылдарын бірге қайтала Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру «Аквариум» әдісі бойынша сұрақтарға жауап бер.1.Әлемде нақты бір елдерге берілген қандай имидждік атауларды білесің? (мысалы «Күншығыс елі» деген сияқты) 2. «Ұлы Дала» атауының мағынасын қалай түсінесің? 3.Ұлы Жібек жолы туралы не білесің? 4.Ұлы Жібек жолының қазақ елі үшін қандай маңызы болды? 5.Неліктен «Ұлы Даланың жеті қырының» бірі ретінде Ұлы Жібек жолы алынған?
|
Психологиялық ахуал тудыру кубигі арқылы кубиктердегі Тапсырмаларды бірге қайталап, оқушылар өз бойларына жағымды ахуал қалыптастырады 1.Амандас 2. Құшақтас
3.Тілек айт 4.Мақта
5.Күлкі сыйла 6.Би қимылдарын бірге қайтала Сұрақтарға жауап береді |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет! |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
||||
Сабақтың ортасы 5 минут 27 минут |
2-тапсырмаТөмендегі суреттерге қара. Олардың қайсысы бүгінгі сабақ тақырыбына қатысты болуы мүмкін? Болжам жасап, ойыңды дәлелде.
4-тапсырмаМәтінді мұқият тыңда. Мәтін мазмұнын өз болжамыңмен салыстыр.6. Ұлы Жібек жолы Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді. Тілдік бағдар Ғылыми стиль Ғылыми стиль - зат не құбылысты ғылыми негізде сипаттап, нақты дәлелдер арқылы білдіретін функционалды стильдің бір түрі. Қызметіне қарай ғылыми стильге нақтылық, логикалық және мазмұн дәлділігі қажет. Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормалары қатаң сақталады. Стильдің бұл түрінде көп мағыналы сөздер қолданылмай, сөз бір ғана өзінің лексикалық мағынасында қолданылады. Қандай ғылыми еңбек болмасын, ол жалпы халықтық әдеби тілде жазылуға тиісті, бірақ ғылым саласына қарай тілдік тәсілдердің пайдаланылуы бірдей болмайды. Ғылыми стильде жазылған шығармадан қазақ әдеби тілінің деңгейін тануға болады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғылыми стильдің сөздік қоры да арту үстінде. Жаңа терминдер алдымен ғылыми стильде көрініс тауып, кейін тіл заңдылықтарына қайшы келмейтіндері етене сіңіп, жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылым тілі лексикасын жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми сөздер және терминдік қабаттар құрайды. Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғанына қарай өзгеріп, түрленіп отырады. Ғылыми стильдегі мәтіннің мазмұны нақты, беретін дерегі баяндау сипатында емес, дәлелдеу, дәйектеу, пікір білдіру сипатында, айтылған пікірі тұжырымды, дәлелді болады. Теориялық мәтін бойынша төмендегі кестені толтыр.Тапсырма Төменде берілген сөздерді орфографиялық нормаға сай көшіріп жазыңыз. Түп тамырымызға, көзғараспен, көркемдүниелер, бұрын соңды, сән салтанатты жасау жабдықтар, жауын гердің, қазақстанның есік, соңымен бірге. 6-тапсырма 19-бет Термин сөздер мен бейтаныс сөздердің мағынасын «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінен немесе басқа дереккөздерден, ғаламтордан қарап жазыңдар. Термин сөздердің қай ғылым саласынан жататынын анықтаңдар.
|
Суреттер арқылы тақырыпқа болжам жасайды Тиісті ақпараттарды анықтайды.
Ұлы даланың төртінші қыры туралы мәтінді оқып, негізгі тірек сөздерді теріп жазады.
Ғылыми стиль туралы теориялық ақпарат алады. Теориялық мәтін бойынша төмендегі кестені толтырады.
Мәтіннен термин сөздерді анықтайды. Термин сөздердің мағынасын анықтайды. |
Дескриптор Білім алушы
-мәтіннің стилін анықтайды; - стильге тән дәлелдер келтіреді; - мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп жазады; -ғылыми стильге тән шартты белгілерді табады; - қолданылу мақсатын түсіндіреді.
Жеке жұмысты бағалау Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. (9-10 балл) Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. (7-8 балл) Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. (4-6 балл) Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. (1-4 балл)
Дескриптор Білім алушы - дыбыстарды (фонемаларды) орфографиялық нормаға сай әріппен таңбалайды; - бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді ажыратады; - бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды; - тасымал тәртібін белгілейді; - тыныс белгілерін қояды. |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
||||
Сабақтың аяқталуы 2 минут |
Үйге тапсырма: 8-тапсырма |
|
|
|
||||
4 минут |
Рефлексия Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың? Тәйке – Сабақта не қиын болды? Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың? Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың? |
Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы не алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істеуге болатындығы жөнінде рефлексия жасайды.
|
|
|
Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 6-сабақ
Бөлім: |
1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Таңғажайып ашылым. Алтын киімді адам. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; 11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу; |
|
Сабақтың мақсаты |
Таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасай алады, таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жаза алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басталуы 4 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ой түрткі Сұрақтарға жауап бер. Алтын киімді адам жайлы не білесің? Ең алған алтын киімді адам қай жерде табылған? |
Сұрақтарға жауап береді |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет! |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
Сабақтың ортасы 15 минут 20 минут |
9-тапсырмаҰлы даланың төртінші қыры туралы мәтінді мұқият оқы. Таза ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біліп, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жаса. Формасы: Мәтін түрі: Жанры: Мәтіннің мақсаты: Мәтіннің мазмұны Көздеген аудиториясы: Стилі: Тілі: 10-тапсырма Мәтіннің әр абзацына тезис жаз. 11-тапсырма оқулық 20-бет Мәтінде не туралы айтылғанын аннотация түрінде жинақтап жаз. Аннотация жазу Аннотация жазуға нұсқаулық Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады. Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады. Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді ұстаныңыз: Аңдатпа көлемі 100 сөзден тұрады. Ғылыми мақаланың көлемі шағын болады. Мақалаңызды беретін журналдың талабына сай сөйлеммен (7-8 сөйлем) немесе сөзбен (100 сөз), не белгі (500 белгі) санымен берілуі мүмкін. Аңдатпаның құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады. Мысалы: талданады, болжау айтылады, кірістіріледі деп қорытындылайды, анықталады, бекітіледі, мысалдар беріледі, атап өтеді, нәтижелер баяндалады, атап көрсетіледі, қолданылады, зерттеледі, сыналады, жүйеленеді, қорытындыланады, талқыланады, бекітіледі, анықталады(бағыттар), суреттеледі, тәжірибе бекітіледі, бағаланады, көрсетіледі, ұсынылады, аталады, келтіріледі, сипатталады және т.б. Аңдатпа мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын қамтиды. Мұнда тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, зерттеу пәні мен нысанының сипаттамасын, оның мақсаты мен оған жетудегі автордың нәтижелерін қысқаша баяндайсыз. 12-тапсырма Қосымша ақпарат көздерінен Алтын киімді адам мен Тутанхамонға қатысты мәліметтерді тауып оқыңдар. «Венн диаграммасы арқылы ескерткіштердің ерекшелігі мен ұқсастығын таза ғылыми стильде жазып, салыстырыңдар. |
Таза ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біліп, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасайды. Мәтіннің әр абзацына тезис жазады. Мәтінде не туралы айтылғанын аннотация түрінде жинақтап жазады. Қосымша ақпарат көздерінен Алтын киімді адам мен Тутанхамонға қатысты мәліметтерді тауып оқиды. «Венн диаграммасы арқылы ескерткіштердің ерекшелігі мен ұқсастығын таза ғылыми стильде жазып, салыстырады. |
Дескриптор Білім алушы -мәтіннің формасын анықтайды; -мәтін түрін ажыратады; -жанрын көрсетеді; -мәтіннің мақсатын анықтайды; -мәтіннің мазмұнын қысқаша жазады; -көздеген аудиториясын айқындайды; -стилі мен анықтайды. -дәлелдек келтіреді. -мәтіннің әр абзацына аннотация жазады; -аннотацияның құрылымын сақтайды; «Жапондық бағалау» әдісі бойынша Осы бағалау арқылы оқушы өзгелердің жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, өздерінің қоятын сұрақтарын жеткізеді. Дұрыс,келісемін
Толықтырамын, басқа көзқарасым бар. Менің сұрағым бар
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
Сабақтың аяқталуы 2 минут |
Үйге тапсырма: 16-тапсырма |
|
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
4 минут |
Рефлексия 3-2-1 Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді. 1.Сабақта маған пайдалы болды. 1. ................... 2. .............................. 3. ......................... 2. Маған көмек қажет? 1. ................... 2. .............................. 3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын? 1. ................... |
Рефлексия барысында бүгінгі сабақта не үйренгендерін, ненің пайдалы болғандығын, қандай білім алғандарын , өмірде қалай қолданатын көрсетеді. |
|
|
.
Бекітемін: Қысқа мерзімді сабақ жоспары 7-сабақ
Бөлім: |
|
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
100 жаңа есім –серпілістің кепілі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау -2 |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
11.2.2.1 - таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы); 11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу; 11.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
|
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 7 минут 6 минут Сабақтың ортасы 7 минут 20 минут 5 минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Жағымды көңіл күй сыйлайық Ойтүрткі 1.«Рухани жаңғырудың» ел тарихы мен болашағы үшін қандай маңызы бар? 2.Әлемдік жаһандану кезеңінде осы идея пайда болды деп ойлайсың? 3. «Рухани жаңғыру» идеясы мен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының қандай байланысы бар? Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру 5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықта. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз 1.Мәтін қай стильде жазылған? 2. Мәтіннің стилін қандай тілдік ерекшеліктер арқылы дәлелдейсіз? 3. Мәтіннің құрылымы қандай? Талдап жазыңыз 4. Мәтін қалай рәсімделген? Дәлелдеңіз 5.Мәтіннің жанрын анықтаңыз 6.Мәтінге сүйене отырып, 3-4 сөйлеммен тезис жазыңыз 4-тапсырма (оқулықтан) «Редактор» ойыны Мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылуына, бас әріптердің жазылуына, фонетикалық және морфологиялық принциптердің сақталуына мән беріп, қатені түзетіңдер. Дәптерлеріңді басқа оқушылармен алмастырып, бір-бірлеріңді тексеріңдер. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі» 1-тапсырма Берілген мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтіннің мазмұнына сай тақырып қойыңыз. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалады. Кірпіштен қалап түрлі үй жасауға болатын сияқты, сөзден бірігіп түрлі әңгіме құрайды. Үйдің түрлі болып шығуы-балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны-тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады.Сондықтан ол ойын басқалар түсінетіндей айту керек. Ол үшін айтушы әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлем құрауы тиіс. Адам ана тілін жасынан үлкендерден есту арқылы үйренеді. Содан соң тіл танытқыш кітаптардан жетілдіреді. Одан әрі жазушылардың шығармаларын оқып үйренеді. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанымен, әркім әр сөзді өзінше қолданады. Мысалы, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсің бе?» деп амандасады. Бірақ бәрінің ой-мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әртүрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды. Әркім өз қалауынша алып тұтынған сөз сол адамның тілі болады. А.Байтұрсынұлы А)Қазақ тілі Ә)Ана тілі Б) Сөз құдіреті В) Менің тілім – бабам тілі 2-тапсырма Мәтіннің мазмұны бойынша әр абзацқа тән ұғымды ретімен көрсетіңіз. А) Анамның тілі Ә) Әр адамның сөз қолданысы әртүрлі Б) Туғаннан адам ана тілін үйренеді. В) Сөздер бірігіп әңгіме құрайды. 3-тапсырма Берілген мәтін бойынша орфографияға сай емес жазылған сөздерді тауып, қатесін жөндеп жазыңыз. Кино – техника мен өнердің қосынды туындысы, әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен актерлік ойынның басын қосқан құдірет десек те болады. Кино – синтетикалы өнер, онда әдебиет те, сахналық – актерлік өнер де, музыка да, сурет те бірігіп бас қосады. солардың бас қосқан жерінен бүгінгі ұлттық мәдениеттің хал-жағдайын, халықтың өткені мен бүгінін көруге болады. Қазақ киносы десек, көз алдымызға «қыз жібек, «менің атым қожа», шәкен айманов қойған «қозы көрпеш-баян сұлу» фильмдері түсетіні анық. иә, бұл фильмдер қазақтың рухын көтеретін, еліміздің тарихын дәріптейтін, қазақ мәдениетін паш ететін кинолар екені де даусыз. Олардың барлығы қазақ халқының сонау ұзақ жылдар тарихында, шексіз –шетсіз даласында болған түрлі оқиғаларды, халықтың рухында, мінезінде көрінуге тиіс түрлі салттарды көрсетті. 4-тапсырма Ғылыми стильге тән белгіні көрсетіңіз. бейнелі сөз орамдарының жиі қолданылуы сөздердің ауыспалы мағынада жұмсалуы айтылатын ойдың дәл, анық берілуі эмоционалды-экспресивті сөздердің көп кездесуі 5-тапсырма Мәтінді оқып, негізгі ойды тезис түрінде жазыңыз. Римдік Марк Туллий Цицерон ғылымды тастай түйілген жұдырыққа ұқсатса, шешендік өнерді саусақтары сала-сала болып жазылған ашық алақанға балайды. Ғұлама тастай түйілген жұдырық бейнесі арқылы ғылыми ойдың бұлтартпас дәлелдігін, нақтылығын баса көрсетсе, ашық алақан арқылы шешендік өнерге тән жүйелілік пен бейнелілікке назар аударады. Сөйте отырып, ол шешендік өнердің мәні мен мағынасы ғылымға негізделетінін көрсетеді. Бұл – Цицерон сөз өнеріне тән басты қасиеттер қатарына ойдың тереңдігін, бұлтартпас дәлелдігі мен нақтылығын да қосып отыр деген сөз.
Рефлексия «V» -
мұғалім сұрады, бірақ жауабым дұрыс болмады. |
Оқушылар жағымды көңіл күй сыйлау мақсатындағы мұғалімнің әрекеттерін қайталайды.
Ойтүрткі кезеңінде тақырыпты ашу үшін, суретке назар аударады. Сұрақтарға жауап береді. Мәтінді түсініп оқиды. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық түрін анықтайды.
Мәтінге сүйене отырып, 3-4 сөйлеммен тезис жазады.
Мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылуына, бас әріптердің жазылуына, фонетикалық және морфологиялық принциптердің сақталуына мән беріп, қатені түзетеді. Дәптерлеріңді басқа оқушылармен алмастырып, бір-бірлерін тексереді.
Берілген мәтін бойынша орфографияға сай емес жазылған сөздерді тауып, қатесін жөндеп жазыңыз.
Мәтінді оқып, негізгі ойды тезис түрінде жазады.
Мұғалім ұсынған стикерге шартты белгілер арқылы оқушылар өздерінің белсенділігі мен сабақтағы әрекетін бағалайды.
|
Оқушылар дың психология лық ахуалы қалыптасады Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -негізгі ойды анықтайды, -сұрақтарға жауап береді, -мәтінге сүйеніп, тезис жазады. «Ноутбук» әдісі арқылы бағалау
Жеке жұмыс |
Оқулық 9-сынып «Атамұра» баспасы 2019 жыл https://www.google.com/search?q
https://www.google.com/search?q |
Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 8-сабақ
Бөлім: |
1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
100 жаңа есім –серпілістің кепілі. Нәтиже сабақ |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.1.3.1 - мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру; 11.3.6.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау |
|
Сабақтың мақсаты |
Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтайды және ғаламдық мәселелермен байланыстырып, салыстыра алады. жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді, редакциялай алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басталуы 4 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ой түрткі Сұрақтарға жауап бер. |
Сұрақтарға жауап береді |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет! |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 20 минут 6 минут |
3-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда, негізгі ойды анықта. Мәтінде қандай мәселе көтерілген? Мәтіннен негізгі тірек сөздерді ата. Тірек сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлемдер құра. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін, оларға үлгі ұсынуымыз керек» -деп ескерткен болаын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Елдегі меценанттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценант тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететінін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда, мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады. Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға ұсынылуда. Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.
Тапсырма «Жаңа есім» жобасы бойынша жергілікті жеріңдегі өзің жақсы білетін дарынды жас маман жайлы мәтін құра. Сыртқы келбеті мен кісілік қасиеттерін сипатта. Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгіз.
6-тапсырма Мәтін бойынша жоспар құр. Жоспар бөліктері бойынша тірек сөздерді жаз.Орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақта.
|
Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ойды анықтайды. Көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен салыстыра талдайды.
«Жаңа есім» жобасы бойынша жергілікті жеріндегі өздері жақсы білетін дарынды жас маман жайлы мәтін құрайды. Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі. ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелейді.
Мәтін бойынша жоспар құрады. Жоспар бөліктері бойынша тірек сөздерді жазады. Орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтайды. |
Дескриптор Білім алушы -негізгі ойды анықтайды, -мәтінде көтерілген мәселені анықтайды, -көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра ды. -өз ойларын мысалдар арқылы дәлелдейді.
«Жапондық бағалау» әдісі бойынша үш топ бірін-бірі бағалайды. Осы бағалау арқылы келесі өзгелердің жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, өздерінің қоятын сұрақтарын жеткізеді.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
||||||
Сабақтың аяқталуы 1 минут |
Үйге тапсырма: 7-тапсырма |
|
|
|
||||||
4 минут |
«Сауалнама» әдісі
|
|
|
|
.

