400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ 1 сынып дәмдә және пайдалы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарга
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Дәмді және пайдалы

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі: Шалтаева И

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:дұрыс тамақтану туралы біледі;


  • Оқушылардың басым бөлігі: дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді;

  • Кейбір оқушылар:Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді.

Тірек сөздер:

жаңғақ – орех – nut;


ұлттық тағам – национальные блюда – national dish;


дұрыс тамақтану – правильное питание – healthy diet.

Ресурстар:

«Қонақжайлылық» тапсырмасына арналған бейдждер, суретті үлестірме парақшалар, «Тамақтану ережесі» тапсырмасына арналған А3 көлеміндегі қағаз, мөлшерлі стақандар, тағам өнімдері бейнеленген суреттер, доп.

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Дұрыс тамақтану ұғымы мынадай үш негізгі қағидатты қамтиды:


  1. Адам пайдаланатын тағам пайдалы болуы тиіс.


  1. Тамақты күнде уақытында ішкен дұрыс.

  2. Тамақты шамамен қабылдау қажет.

Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін осы сала мамандаpы жиі айтуда. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған.1980-1990жж. жүгіріп жүріп қоректену деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдер арасында фаст-фудпен қоректену әдетке айналған. Ол адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Соның нәтижесінде адамдарда жүрек, бауыр, асқазан аурулары пайда болады.Жаңғақтың пайдасы туралы. Жаңғақ – табиғаттың керемет сыйы. Оның түрлері өте көп. Олардың ішінде ең пайдалысы – грек жаңғағы. Онда көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. Грек жаңғағында жүрек жұмысына қажетті магний мен калий көп. Оның пішіні бас миының жарты шарларын еске түсіретіні бекер емес. Ол мидың уақытынан бұрын қартаюының алдын алады.Қонақжайлылық. Қонақжайлылық – бұл қазақ халқы мәдениетінің ең басты құрауышы. Ертеден қазақтар үшін қонақтарды қарсы алу негізгі борыш болып саналған. Тіпті бейтаныс адамды да қарсы алып, тамақ және сусын бергеннен кейін ғана жөн сұрасқан. Қонақтарға құрметпен қарауға бала кезінен тәрбиелеген.Қазақстан – бейбітшілік, өзара түсіністік, татулық-достық орнаған көп ұлтты ел. Біздің елімізде барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

Виллиге көмектес. Сабақты Виллидің балаларға жазған хатынан бастаңыз. Оқушылардың міндеті – Виллиге көмектесу, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру. Бұл жерде:

«Вилли неліктен ауырып қалды деп ойлайсың?» «Сауығып кетуі үшін қандай көмек бере

аласыңдар?», – деген сұрақтар қойыңыз.

Жауабы: Дұрыс тамақтану туралы айтамыз, пайдалы тағамдарды таңдауға үйретеміз және т.б.

Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз.

Қонақжайлылық. Оқушыларға 2-суретті қарауға беріңіз. Олар оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын тыңдаңыз. Бұл тапсырманың тәрбиелік тиімділігін күшейту үшін оқушылармен топтасу тренингін өткізіңіз. Алдын ала Қазақстан дағы әртүрлі ұлт өкілдерінің аты жазылған бейдждерді таратыңыз. Олар бүгін қонақ екенін түсіндіріңіз. Барлығы қол ұстаса шеңберге тұрып, бір-біріне жағымды сөздер айтсын. Бұдан кейін оқушылардың біреуі оқулықтағы 2-мәтінді дауыстап оқиды.Орындап көр. Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс. Бірінші топ ұсынылған суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап алады. Екінші топқа бір рет пайдаланылатын ыдыс таратып беріңіз. Онда оқушылар өздері қабылдайтын тағамдардың қажетті көлемін маркермен белгілеп отырады. Үшінші топ сағаттың циферблатында «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады. Жұмыс аяқталғанда оқушыларға сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өздерінің тамақтану ережелерін ойлап табуға тапсырма беріңіз. Олар тапсырмаларды

постер немесе плакат түріндегі қағазға безендіруі тиіс. Содан кейін плакаттарды магнитті тақтаға орналастырыңыз. Дұрыс тамақтану туралы жалпы тұжырым жасатыңыз.

Бұл тапсырма сабақтың негізгісі болып табылады, сондықтан оны өткізуге көп уақыт бөліңіз.

Жауабы: Оқушылар өз жұмыстарында тамақтану тәртібін, құрамы мен көлемін көрсетуі тиіс.

Сен білесің бе? Бұл айдарға көшу үшін оқушыларға Қазақстанда тұратын көптеген елдердің ұлттық тағамдарының құрамында жаңғақтар бар екенін айтыңыз. Оқушыларға айдар мәтінін өз бетімен оқуға тапсырма беріңіз және қандай жаңғақ түрлерін білетінін сұраңыз.

Жауабы: Грек, самырсын, орман, бадам, пісте жаңғағы.

Оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған мәліметпен толықтырыңыз.

Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз.

Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз.


Shape1

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Математика. Дәптердегі бірінші тапсырма дұрыс орындалса, бірінші бағанда жұп, екінші бағанда тақ сандар шығады. Орындалған тапсырмаларды тексеру барысында оқушыларға бірінші және екінші бағандардағы сандарды салыстыруды ұсыныңыз.

АКТ. Оқушыларға дәптердегі бірінші тапсырманы ActivInspire бағдарламасын пайдаланып, интерактивті тақтаға орындатуға болады.

Жаратылыстану. «Тамақтану ережесі» тапсырмасын орындаған кезде әр топ өз жұмысын әсемдеп безендіреді.

Сабақта оқушылар сөйлеу мәдениетін әңгімелесу, талқылау арқылы дамытады. Жаңа сөздермен күнделікті өмірде таныс болуы мүмкін. Оны «Қағып ал» ойыны арқылы меңгертуіңізге болады. Допты бір оқушыға үйренген сөздердің бірін айтып лақтырасыз. Қағып алған оқушы сөзді басқа орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтып, келесі оқушыға лақтырады. Осылайша ойын жалғаса береді. Тірек сөздерді оқушылар жұмыс барысында қолдануын қадағалаңыз.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар



Оқушыларға дұрыс тамақтану туралы мультфильм көрсетіңіз. Олардан қандай мультфильм кейіпкерлерін білетінін сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз.


Қосымша тапсырма ретінде мнемоникалық ойын ойнатуға болады. Мнемоника – бір нәрсені ұмытып қалмай, жадында сақтау үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы. Ол «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. Оқушылар шеңбер жасап отырады. Ойынды мұғалім дүкенге барып, бір тағам түрін сатып алғанын айтудан бастайды. Келесі оқушы мұғалімнің және өзінің не сатып алғанын айтады. Оны келесі оқушы жалғастырады. Осылайша шеңбер бойындағы оқушылар алдыңғы оқушылардың және өзінің сатып алған тағам түрін айта бастайды. Бұл тапсырма есте сақтау қабілеттерін жақсартуға көмектеседі.

Бағалау


Оқушылар:

–– «дұрыс тамақтану» ұғымымен танысты. Оқушылар:


–– пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратуға; –– дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруға


үйренді; –– Қазақстандағы ұлт өкілдерінің басын біріктіретін


қонақжайлылық ұғымын түсінді.


Бұл сабақта оқушыны бағалау түрі ретінде оқушыларға бір- біріне дұрыс тамақтану туралы үш сұрақтан қоюын ұсыныңыз.

  • Қандай тағамдарда дәрумендер көп?

  • Чипсы – пайдалы тағам ба?

  • Қандай тағам мидың жұмысын жақсартады?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі