қмж 3-сынып әдебиеттік оқу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

қмж 3-сынып әдебиеттік оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу пәні Күй құдіреті тақырыбы бойынша сабақ жоспары 3-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру ұйымының атауы


Бөлім:

Өнер

Мұғалімнің аты-жөні


Күні:

21.01.2026

Сынып: 3 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күй құдіреті.Күй құдіреті. 1-7тапсырма

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.3.1 – шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау.

Сабақтың мақсаты

  • шығарманы дауыстап түсініп оқиды, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап бере алады

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

Құндылық: Заң және тәртіп

Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын білу

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

ЕББҚ

Ресурс-тар

Сабақтың басы

10минут

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам жасаймыз.


II. Үй тапсырмасын сұрау

«Асыл сөз» өлеңін мәнерлеп оқиды.


Оқу материалын жариялау «Жұмбақ» әдісі

-Жұмбақ шешіп көріңдер.

Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса.

Тағы бір мінезі бар таңғажайып,

Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта. (домбыра)

-Домбыра туралы не білесіңдер?

-Не үшін қажет?

- Сабақтар арасындағы үзіліске шығатын кезді қалай білеміз?

-Иә, бұрын қоңырау соғылатын, қазір күй ойнататын болды.

-Қандай күйлердің атын білесіңдер?

- Күй жайлы не айта аласыңдар?

-Олай болса, бүгінгі сабақта «Күй құдіреті» тақырыбындағы мәтінді оқып танысатын боламыз.

Өлеңді қайталап айтады.







Өлеңді мәнерлеп оқиды.






Жұмбақтың шешуін табады.


Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты ашады.

«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!


Өлеңді қайталап айтады.







Өлеңді мәнерлеп оқиды.













Слайд, оқулық

Сабақтың ортасы

15 мин

























3 мин






Сабақтың соңы

10 мин






III. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

А) «Күй құдіреті» мәтінін түсініп, тізбектей дауыстап оқыңдар.

Ә) Сөздік жұмысы:

Қыпшақ – рудың аты.

Құдiретi – күшi, қасиеті


Топтық тапсырма

1-топ:

-Суретке зер сал. Күйші қандай күй тартып отыр деп ойлайсың? Неліктен?

2-топ:

- Фараби тартқан күйдің құдіреті неде деп ойлайсың? Мәтінге сүйеніп, жауап бер.

3-топ:

-Әмірші Фарабиді неге іздеді деп ойлайсың? Болжа.


-Мәтін кейіпкері Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы не білесіңдер?


Сергіту сәтінде

Нейрожаттығу


Дәптермен жұмыс

«Кім жылдам?» ойыны. Суреттегі домбыраның әрбір дыбысынан басталатын өнерге қатысты сөздерді тап. .

Ә) Сұрақ-жауап:

-Қандай күй тыңдағанды ұнатасың?

-Қазіргі өнер сахнасындағы күйшілерді білесің бе?


«Адал азамат» БТБ бойынша пікір алмасу:

- Күй тыңдағанда адам қандай сезімде болады?

- Өнерді түсіну үшін қандай мінез-құлық қажет?

- Күйші мен тыңдаушының арасындағы әдептілік, тәртіп қандай болуы керек?

Күй тыңдаудағы тыныштық сақтау, өзгеге құрмет көрсету, өнер иесіне риясыз қолдау білдіру қажет. Мәдени іс-шараларда тәртіп сақтау — қоғамда өмір сүрудің бір ережесі. Мәдениет тәртіпке бағынудан басталады. Күй тыңдау тәртіп пен тыныштықты қажет етеді.

- Мәтінді оқиды.

- Сұрақтарға жауап береді.






Тапсырма орындайды.

















Сергіту сәтін орындайды.





-Тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді.










Сұрақтарды талқылайды. Ойларын айтады. Қорытынды жасайды.


Дескриптор:

- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.

- Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.

-Суретті сипаттайды-1балл.

- Фараби тартқан күйдің құдіретін әңгімелейді-1балл.

- Әміршінің Фарабиді іздеу себебін болжайды-1балл.




Дескриптор:

- Домбыраның әрбір дыбысынан басталатын өнерге қатысты сөздерді табады-2балл.

-Ұнататын күйлерін атайды -1балл.

-Күйшілерді атайды-1балл.













Жұмыс дәптеріндегі тапсырма-ларды орындайды











Сергіту сәтін орындайды.


Оқулық
























Қорытынды

7 мин

IV. Қорытынды

Кері байланыс

«Менің күнделігім» әдісі арқылы береді.


Бағалау

Балалардың алған бағалары ауызша айтылады.


Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау, бір күйдің шығу тарихын зерттеу.

Түсінгенін жазады.

Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.

Түсінгенін жазады.

Тапсырманы жазып алады





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі