жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ 3-сынып Атақты тұлғалар
Пән: Қазақ тілі Мектеп: Белое орта мектебі
ҰМЖ бөлімі: 6-бөлім.Атақты тұлғалар Мұғалімнің аты-жөні-Касенова К.К.
Күні:
Сынып:3-сынып
Қатыспаған оқушылар саны:
Қатысқан оқушылар саны
Сабақ тақырыбы |
1-сабақ. Дина күй шертеді |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына қол сілтеме) |
3.1.2.1.-күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсіну; 3.1.3.1.-тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сюжет желісі бойынша иллюстрацияларды орналастыру, кесте толтыру |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы. күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсіну Көптеген оқушылар. тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді: Кейбір оқушылар. сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырады, кесте толтырады |
|||
Бағалау критерийлері |
Күйші Динатуралы айтады, диалог құрайды, сұрақтарға жауап береді: |
|||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология:атақты, ұлы, дарынды, күйші, күй шерту, ұстаз |
|||
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен сөздер мен тіркестер: Атақты күйші. Дарынды қыз. |
||||
Бастапқы білім |
Өнер туралы біледі, оның пайдасын айтады. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады. |
|||
Жоспар |
||||
Сабақтың басы (8-минут) |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылар парталас достарымен қазақша амандасады: -Сәлем, достым! (амандасады) -Қалің қалай? (иықтарынан қағады) -Қалай демалдың? (құлақтарынан тартады) -Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды) -Қош келдің! (қолдарын жаяды) -Күніміз сәтті болсын! (құшақтайды) Қызыгушылық ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты слайдттарды көрсетеді.Слайдтарда не бейнеленгенін сипаттап берулерін сұрайды. Сөздікпен жұмыс А) Мұғалім оқулықта «Оқылым. Айтылым» айдары бойынша берілген суретке қарауларын сұрайды, сүретте не бейнеленгенін сұрайды, интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады |
Тренинг жазылған парақшалар
Слайдттар |
||
Сабақтың ортасы (22 минут) |
Мәтінмен жұмыс. Аудиотаспадан мәтінді тындайды, тірек сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап береді, мәтінді оқиды, қою әріппен жазылған сөздерге сұрақ қояды (1,2-тапсырма). Берілген сөздерден сөйлем құрап жазады (3-тапсырма). Жоспар бойынша мәтін құрайды, сөйлемдерді оқып, ақпараттың дұрыстығын анықтайды, берілген тақырыпта жаңа сөздерді пайданалып диалог құрайды (5,6,7-тақырып). Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларды сергіту үшін орындарынан тұрғызып,жаттығу жасатады: Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Біз бақытты баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз, Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
|
Оқулық, аудиотаспа, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі түсті маркерлер, желімқағаздар
Саздын әуен
|
||
Сабақтың соңы (10 минут) |
Мұғалім оқушылардың тақырып туралы алған ақпаратын бекіту мақсатында «Ұлы күйші» сөзіне қысқа мәтін жазғызады. Бағалау
Бағалау «Бес бармақ» тәсілі Барлығын түсіндім Енді түсініп келемін Түсінбедім
|
|
||
|
Кері байланыс. «Рефлексиялық шеңбер» тәсілі. Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді - Сабақ барысында көңіл-күйің қандай болды? Неліктен? - Бүгін сабақта не білдіңіз? Сен үшін не жаңалық болды? - Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың? - Сабақта қандай қиындықтар туындады? - Сабақ аяқталғанда көңіл-күйің қандай? Неліктен? Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 4-тапсырманы орындау беріледі. Тапсырманың шарты, қандай орындалу қажеттілігі түсіндіріледі. |
Рефлексиялық шеңбер» тәсілі |
||
Қосымша ақпарат |
||||
Рефлексия Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде?Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді?Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды?Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Өзім жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Уақыт тиімді пайдаланылды ма?Мен өз жоспарыма қанадй түзетулер енгіздім?неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (сабақ жүйелі жоспарланғандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс жасайды. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары да орындалады) |
|||
Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) жақсарта алады? 1. 2. Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған екі әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз 1. 2. Осы сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген