400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ 3 сынып Жануарларды бейнелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тәжірибе алмасу үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАДИРА МАНГИТАЕВА

«№17 орта мектебі» КММ – нің

Бейнелеу сызу пәнінің мұғалімі

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы


Жануарларды бейнелеу


Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Қоршаған ортаның визуалдық элеменнтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

  • Әртүрлі жануарлардың өздеріне тән ерекшеліктерін анықтайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

  • Өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отырып жануарлар суретін салады

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындайды:

  • Жануарлар суретін салғанда әртүрлі материалдарды үйлестіре қолдана алады.

Тілдік мақсат

Әртүрлі жануарлардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.


Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Бұл жануарды олар неге осылай бейнеледі?

  • Бірден көзге түсетін жануарлардың сыртқы қасиеттері қандай?

  • Суретші жұмысында қандай материалдар қолданған?

  • Суретші жануарлардың өзіне тән қасиетін көрсету үшін өнердің қандай суреттеу құралдарын қолданған?

Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысын ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Бағалау критерийлері

Ерекшеліктерін салыстырады; талдайды, бейнелейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады.

Көркем материалмен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын жетілдіреді.

Жоспар

Басы

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал. Оқушылармен амандасу.

Конфеттер арқылы 3 – топқа бөлемін.

Ортасы

Бір тапсырма.

«Сұрақ жауап» әдісі.

  1. Қазақстан жерінде қандай жануарлар тіршілік етеді?

  2. Қандай жануарларды сендер жақсы көресіңдер?

Дескриптор

  • Тақырыпты түсінеді

  • Сұраққа жауап береді

Екінші тапсырма.

«Галереяға саяхат әдісі»

Сұрақтар.

1

Дескриптор.

  • Әртүрлі жануарлар суретін көрсетеді

  • Қандай қимыл, дыбыс шығаратынын айтады

  • Рөлдік ойындар көрсетеді

Ушінші тапсырма.

«ойлан – жұптас - бөліс»

  • Оқушылар топта жұмыс жасай отырып, постер қорғайды – практикалық жұмыспен көрсетеді.

Дескриптор.

  • Ойын жүйелі жеткізеді

  • Әртүрлі қолда бар материалмен көрсетеді

  • Кері байланыс


Тәжірибелік жұмыс

Әртүрлі қолда бар материалдарды таңдауына қарай пайдалана отырып, өздеріне ұнаған жануардың бейнесін жасайды.

Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау ескертілді.

Оқушылар өздері қалаған техникада жануарларды бейнелейді.

  1. Ермексаздан жануарды мүсіндейді

  2. Графика техкикасында сурет салады

  3. Қағаздан апликация жасайды

Сабақтың соңы

Рефлексия

  • Нені білдім, нені үйрендім?

  • Нені толық түсінбедім?

  • Немен жұмысты жалғастыру қажет?


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлаймыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін екепке ала отырып іріктеу

Қабілеті жоғары оқушыларға «интерпретация» әдісі қолданылады. Ол оқушылардың ойлау шеберлерін көрсетеді.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. Сергіту сәттерімен белсенді іс әрекет түрлері.

Рефлекция

Сабақ мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болады?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өзім жоспарыма қандай түзетулер енгіздім?

Сыныпта жағымды атмосфера орнатудан бастадым.

Постер қорғау. Постер қорғатудағы мақсатым – оқушылар біліміне қарай қағаз бетіне түсіреді. Деңгейі төмендеу оқушы тапсырманы орындау барысында қасындағы оқушылардан білмегенін біле түсеі, көреді, ұғады.

«Интерпретация», «Идея туралы пікір», «Құрастыр, сосын жауап бер» әдістерін ұтымды қолданамын. Бұл әдістерді қолдану барысында білім алушыларға мынадай саралау тапсырмаларын ұсындым: топтық жұмыс барысында қабілетіне қарай постер қорғау, қызығушылығына қарай: сурет салу, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру тапсырмаларын орындату. «Ойлан – жұптас - бөліс» әдісін қолданғанда оқущылардың қызығушылығын артыра отырып, бірлескен оқуды жүзеге асырдым. Білім алушылар өздерінің қызығушылығына орай және жеке қабілеттерін дамыта отырып, анықтайды, салыстырады, тілдік мақсатты көздей отырып өз ойларын еркін айта алады. Ең бастысы білім алушы мұғалім ұйымдастырған саралау тапсырмаларын қызығушылықпен орындай отырып, мұғалім тарапынан жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау таба алады.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
03.03.2019
2858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі