жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ. 3сынып. Дүниетану.
Қысқа мерзімді жоспар
-
-
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Тірі табиғат. Өсімдіктер.
Мектеп: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Көктерек негізгі мектебі
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Ратай Айнур
Сынып:2
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады?
Оқу мақсаты
2.2.1.3 Өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Өсімдіктің негізгі бөліктерін ажыратады, сипаттайды.
Көптеген оқушылар: Өсімдік бөліктерінің қызметін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар: Өсімдік бөліктерінің атқаратын қызметтерін талдайды.
Бағалау критерийлері
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін анықтайды.
Өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіреді.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, дән.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Құндылықтарды дарыту
Еңбексүйгіштік және шығармашылық, өсімдіктерге қамқорлықпен қарау, құрметтеу.
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану
АҚТ қолдану
Бейнежазба
Алдыңғы меңгерілген білім
Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
1-6 минут
(Ұ) Психологиялық ахуал қалыптастыру
Оқушылар шеңбер құрып ортаға тұрады, бір-бірінің қолдарынан ұстап жақсы тілектер білдіреді. Жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастаймыз.
(МК)Орны ауысқан әріптер арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
-Ал, балалар, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін тақтада жазылған сөзге қарайық.
ӨТРЕІСМДКІ ӨСІМДІКТЕР
Дұрыс балалар, жарайсыңдар!
Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы "Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады?".
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау. Сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.
Топқа бөлу: Қобдишада тамыр, сабақ, жапырақ сөздері жазылған стикерлер болады. Оқушыларды стикерде жазылған өсімдік бөліктерін таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді.
1. Тамыр тобы 2. Сабақ тобы 3. Жапырақ тобы
Тақтаға әріптердің орнын ауыстырып "ӨСІМДІКТЕР" сөзін жазу
Өсімдік бөліктерінің атауы жазылған стикерлер
Сабақ ортасы
6 минут
7 минут
5 минут
7 минут
6 минут
Тапсырма 1.(Т) "Галереяны шарлау" әдісі.
- Әр топқа өсімдіктер туралы мәліметтерден тұратын мәтіндер жазылған қима қағаздар беріледі. Мәтін бойынша әр топ өз ойларын постерге жазады және қабырғаға іліп топ спикері қорғайды.
I топ- Өсімдік бөліктері.
II топ - Өсімідіктердің қоршаған ортаға тигізетін әсері.
III топ - Өсімдік бөліктерінің атқаратын қызметі.
Дескриптор.
- Өсімдік бөліктерін таба алады.
- Өсімдіктердің тигізетін әсерін анықтай алады.
- Өсімдік бөліктерінің атқаратын қызметін анықтай алады.
ҚБ тәсілі. "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы топтар бірін- бірі бағалайды.
Тапсырма 2: (ТЖ) "Жас зерттеуші" әдісі. Оқушылардың өсімдік мүшелерінің қызметі туралы бастапқы білімдерін анықтау үшін дәптермен жұмыс жүргіземін. Оқушылар суретте өсімдіктің қай бөлігінің суреті аяқталмаған соны тауып, жазады. Және жұптасып талқылауға сұрақтар беріледі.
I топ - өсімдіктің тамыр бөлігін тауып жазады. Өсімдік бөліктерін ажыратады.
II топ - өсімдіктің сабақ бөлігін табу. Өсімдіктің сабақ бөлігінің атқаратын қызметін айту.
III топ - өсімдіктің жапырақ бөлігін табу. Өсімдік бөліктерінің атқаратын қызметін жіктеу.
Топтағы оқушылардың жауаптарын тыңдау.
№
Дескриптор
Жоғары
орташа
Төмен
1 топ
Сурет бойынша өсімдіктің тамыр бөлігін таба алады. Өсімдік бөліктерін ажырата алады.
2 топ
Сурет бойынша өсімдіктің сабақ бөлігін таба алады. Атқаратын қызметін айта алады.
3 топ
Сурет бойынша өсімдіктің жапырақ бөлігін анықтайды. Өсімдік бөліктерінің тқаратын қызметін жіктей алады.
ҚБ. "Бес саусақ" әдісі арқылы бірін- бірі бағалайды.
Сергіту сәті: "Алма, өрік, шие, банан" ойыны. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Шеңберде ретпен алма, өрік, шие, банан болып кезекпен бөлінеді. Содан кейін мен бір жемістің атын атаймын , мысалы: "банан" немесе бірнеше жемістің атауын "шие, өрік, банан", жемісі аталған оқушылар орын алмастырып бір-бірінің орнына тұра қалады. Орынсыз қалған оқушы жүргізуші болады.
Тапсырма 3: (ТЖ)«Мозайка» әдісі. Мақсаты: Оқушыларда өсімдік бөліктері жайлы түсінік қалыптастыру және білімді толықтыру мақсатында бейнежазба көрсету.
Әр топқа үш түрлі сурет пен сөйлем беріледі. Топтар сурет пен сөйлемдерді мағынасы бойынша сәйкестендіріп мозайка құрастырады. Қай топ бірінші құрастырады? Жылдамдық ескеріледі.
Топта талқылап болған соң, сынып ұжымы алдында өсімдік бөліктерінің атқаратын қызметі туралы бейнежазба көрсетемін. Бейнежазба көрсету мақсаты білімді толықтыру.
ҚБ. Әр топ бір-бірін "бас бармақ" арқылы бағалайды.
Дескриптор.
- Өсімдік бөліктерін сурет пен сөйлем бойынша сәйкестендіре алады.
- Топта талқылайды.
Тапсырма 4: (Ө,Қ) "Конверт сұрақ" әдісі. Суреттерді салыстыру. Мақсаты: Оқушылардың сабақтағы білімін жинақтап, бекіту. Оқушыларға бірнеше конвертке салынып оқулықта көрсетілген сурет пен сұрақ беріледі. Әр оқушыға 1-2 мин. уақыт беріледі. Оқушыларға сурет бойынша берілген сұрақтар:
-Суреттегі алма ағашы мен қарлыған жапырақтарының пішіндеріне назар аудар.
-Суретте көрсетілген нұсқарға қара. Нұсқар белгісі нені көрсетіп тұр?
-Оларды қысқаша сипаттап жаз.
ҚБ. Оқушылар бір- бірін жұлдызшалар арқылы бағалайды.
№
Дескриптор.
Балл
1
Жапырақтардың көлемі мен пішінін ажырата алады
1
2
Нұсқар белгісін анықтап жазады
1
3
Сипаттап жаза алады
1
Мәтін жазылған қима қағадар.
Постер құру. қағаз, фломастер
**☺
дәптермен жұмыс, өсімдіктердің суреттері
Мозайка құрастыруға арналған өсімдіктер суреттері
https://www.youtube.com/watch?v=dBSVlqDn4Gk
оқулықтағы суретпен жұмыс
оқулық 13-ші бет.
Алма ағашы мен қарлыған жапырағының нұсқармен көрсетілген сурет, конверттер
Сабақтың соңы
3 минут
ҚБ. "Өсімдік бөлігі". Оқушылар берілген тамыр, сабақ, жапырақ, гүл бөліктерінен тақтада жеміс ағашын құрайды. Және оларды бояйды.
Дескриптор:
- өсімдік бөліктерін топтастыра алады
- оларды бояйды.
Рефлексия. "Білім ағашы" арқылы кері байланыс жүргіземін. Бәрін түсіндім деген оқушылар, гүлді ағаштың бұтағына, толық түсінбедім деген оқушы сабақты ағаштың діңіне, түсінбедім деген оқушылар тамырды ағаштың тамыр бөлігіне орналастырады.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Топтарға оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру.
Әңгімелеу
Талқылау
Салыстыру
Сергіту сәті кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.
Сабақ бойынша рефлекся
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақтасаралау дұрыс жүргізілдіме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
.
Жалпыбаға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
-

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген