жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ 5 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 8- тарау. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері |
Мектеп: «Семей қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ
|
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Рамазанова Гүлнәр Жұмабекқызы |
||||
Сынып: 6 Қазақ тілі |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||
Сабақ тақырыбы |
Қазақтың дастарқаны |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
6.О5. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру. 6.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. 6.ӘТН4.3. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану. |
||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: «Қазақтың дастарқаны» мәтінінен негізгі ақпаратты анықтап, тірек сөздерді табады. Берілген мәтіннен үстеулерді анықтайды. Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады. Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын жеткізіп, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіре отырып жинақы мәтін жазады. |
||||
Бағалау критерийі |
Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп жинақы мәтін жазады. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады:
|
||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дәм, наным-сенім, жекжат, ақсақал, бейтаныс, дәмдес, ерулік, т.б.. Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: ата-әжелер, санаға сіңген салт, бірлік белгісі, дәм татыру, тамақта кие, қазақи тәртіп, т.б.. Мәтін құруға арналған пайдалы тіркестер: қазақы дастархан, дәмдес болу, ұлт тұрмысы, таным-түсінігі, құрметті азаматтар немесе ақсақалдар, т.б.. |
|||||
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қазақ дастарқанды не үшін киелі деп санайды? |
|||||
Құндылықтарға баулу |
«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» 6-құндылығы негізінде туған жеріміздің тарихында ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталғандығын көрсетіп, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, сана сезімімізді көрсету, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ әдебиеті |
||||
Алдыңғы білім |
Қазақтың дастарқаны туралы түсінігі бар. Үстеулерді біледі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 5 мин
2мин
2 мин
1 мин |
Психологиялық ахуал. «Досыңа бөлінген уақыт» (оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне ықылас сезімін білдіреді. Бүгінгі күніне сәттілік тілейді.) Топқа бөлу. «Қазақы дастарқан» (қазақтың ұлттық тамақтары бейнеленген үлестірме қағаздар арқылы(олар ет, сүт, ұн өнімдері) «Бесбармақ», «Қымыз», «Бауырсақ» 3 топқа бөлініп отырады.) Тақырыпты болжау: «Миға шабуыл» әдісі.. (қолындағы үлестірме қағаздарға назар аудартып, сұрақ қою)
Сонымен қатар, сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, жүргізілетін жұмыстармен танысады. |
|
|||
Сабақтың ортасы 25 мин
5 мин
5 мин
4 мин
1 мин
3 мин
7мин |
С.1-тапсырма. «DEAL» әдісі
Мәтінді көшір 1. «Қазақы дастарқан» мәтінін оқы. Ішінен тірек сөздерді тауып, өз ойынды ортаға сал. D- оқығаныңды баяндап бер; E- тірек сөздердің мағынасын түсіндір; A – ортаға салып талда; L – өмірмен байланыстыр.
Дескриптор:
ҚБ. «Бауырсақ» тәсілі (топ бірін-бірі бағалайды, танымдық бағалау) Үлкен бауырсақ – өте жақсы, ши бауырсақ – жақсы, ұсақ бауырсақ – талпын.
ТЖ. 2-тапсырма. «Табақ тарту» әдісі (үлестірме қағаздағы табақ үш бөлікке бөлініп тұрады. Олар: «Нақыл сөздер, тыйым сөздер», «Салт-дәстүр», «Мақал-мәтелдер») 1-бөлігіне «Қазақтың дастарқаны» мәтінінен нақыл сөздерді, тыйым сөздерді теріп жаз. 2-бөлігіне «Қазақтың дастарқаны» мәтінінде көрсетілген салт-дәстүрлерді анықта. 3-бөлігіне дастарқан, ас туралы мақал-мәтелдерді мысалға келтір.
Дескриптор:
ҚБ. «Табақ тарту» тәсілі (мұғалімнің бағалауы, танымдық) Бас табақ – өте жақсы, қос табақ – жақсы, сый табақ – талпын.
Т.Ж. 3-тапсырма. «Сарқыт» әдісі (интерактивті тақтадан көрсетілген бейнебаянға назар аударып, оқушылар топта бірігіп үш нақтылау сұрағын құрады. Қоржынға салып, сағат тілі бойынша келесі топқа жібереді. Сұрақты алған топ қоржынды ашып жауап береді) 1.Бейнебаянға назар аударып, тірек сөздерді анықтап үш нақтылау сұрағын құра, қоржынға сал. Дескриптор:
ҚБ. «Қоржын» тәсілі (мұғалімнің бағалауы, танымдық бағалау) Жасыл қоржын – өте жақсы, қызыл қоржын – жақсы, ақ қоржын - талпын
Сергіту сәті: «Дастарқан» әні (тыңда, қимылда)
Т.Ж. 4-тапсырма. «Рөлде ойна» әдісі
Жағдаятты сұрақ: Егер, үйге, үлкендер жоқта алыстан қонақтар келіп қалса, сенің әрекетің? Дескриптор:
ҚБ.«Қол шапалақ» тәсілі (бірін-бірі бағалау, эмоционалды бағалау) 3 рет – өте жақсы, 2 рет – жақсы, 1 рет- талпын.
Ж. 5-тапсырма. « Ет турау» әдісі
Дескриптор:
ҚБ. «Қымыз» тәсілі (мұғалімнің бағалауы, танымдық бағалау) Бесті қымыз –өте жақсы, саумал қымыз – жақсы, түнемел қымыз– талпын |
http://alashainasy.kz/society/kazakyi-dastarhan-dametu--kazakyi-dastur-49152/ (мәтін)
https://www.youtube.com/watch?v=ByXpmCHOHGM
https://www.youtube.com/watch?v=RYhQGP9xgsY
|
|||
Сабақтың соңы 10 мин
5 мин
3 мин
2 мин |
Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Үйге тапсырма: Тапсырмалардың біреуін таңдау бойынша орында:
Рефлексия «Дастарқан» тәсілі Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қолдарындағы ұлттық тағамдардың суреті бар үлестірме қағаздарына жазып, дастарқан үстіне қояды. |
Үлестірме қағаз
Қазақ тілі 6-сынып. Ермекова Т.Н., Отарбекова Ж.К., Токтыбаева Г.Б., – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2018. – 149б (ЖОБА)
|
|||
|
|||||
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау: оқушы білімін тексеру |
Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау АКТ-ны қолдану |
|||
Оқу мақсатына жету үшін мақсат бойынша сараладым. Себебі оқушы деңгейіне қарап қол жетімді тапсырмаларды орындатуға негіздедім. Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, тірек сөздерді табады. Берілген мәтіннен үстеулерді анықтайды. Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрып, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады. Кейбір оқушылар орындай алады: мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын жеткізіп, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей келе, үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіре отырып жинақы мәтін жазады. Нәтижеге немесе жауап бойынша саралау «Ет тарту» әдісі 5-тапсырмасында, «Сарқыт» әдісі 3-тапсырмасында бір тапсырма берілгенмен түрлі деңгейдегі жауап күтіледі. Себебі, бұл саралауда оқушылардан дербес шығармашылық пен жеке жауап күтіледі. Мақсат бойынша саралауымдағы кейбір оқушылар орындай алатын тапсырмалар осылай жүзеге асады. Тапсырма бойынша саралау «Миға шабуыл» кезінен басталып «DEAL» әдісінен «Ет тарту» әдісіне дейін тапсырмалар күрделене түседі. Кейбір оқушыларға ізденіс тудырып, түрлі ресурстар қолдануға итермелейді. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау «Рөлде ойна» әдісінде 4-тапсырмада оқушылар тапсырмаларды ортақ тапсырма алып, өз жауапкершіліктерін нәтижелі орындауға талпынады. Қалыптастырушы бағалау арқылы бірін-біріне демеу беріп, оқушы дербестігін танытады. Қарым-қатынас формалары бойынша саралауды «DEAL» әдісі 1-тапсырмада өте тиімді алдым. Себебі, бұл жерде бір топта отырған қабілеті төмендеу оқушы өзінің құбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар. Кез келген оқушы өз идеясын ортаға сала алады. Таңдау бойынша саралау үйге берілген тапсырмада оқушылар өзіне ұнаған, өзі үшін қызықты және өз мүмкіндігінесайкелетін тапсырмаларын таңдау арқылы орындайды.
|
1-тапсырма. «Бауырсақ» тәсілі (оқушылар бірін-бірі бағалайды) Ашыған бауырсақ – өте жақсы, ши бауырсақ – жақсы, ұсақ бауырсақ – талпын. 2-тапсырма. «Табақ тарту» тәсілі (мұғалімнің бағалауы, танымдық) Бас табақ – өте жақсы, сый табақ – жақсы, күйеу табақ – талпын. 3-тапсырма. «Қоржын» тәсілі (мұғалімнің бағалауы) Жасыл конверт – өте жақсы, көк конверт – жақсы, сары конверт - талпын 4-тапсырма. «Қол шапалақ» тәсілі (бірін-бірі бағалау) 3 рет – өте жақсы, 2 рет – жақсы, 1 рет- талпын. 5-тапсырма. «Қымыз» тәсілі (мұғалімнің бағалауы, танымдық бағалау) Бесті қымыз –өте жақсы, саумал қымыз – жақсы, түнемел қымыз– талпын Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі • Мен бүгінгі сабақта... түсіндім, ... білдім • Маған ерекше ұнағаны... • Мен өзімді... үшін мақтар едім • ... қиындық тудырды Рефлексия «Дастарқан» тәсілі Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қолдарындағы ұлттық тағамдардың суреті бар үлестірме қағаздарына жазып, дастарқан үстіне қояды.
|
Қазақ әдебиеті, тарих пәндерімен байланысады. АКТ-ны 3-тапсырмада видиоролик көрсетуде, сонымен қатар сергіту сәтінде иімді қолданамын. АКТ-ны қолднауда,топқа бөліну барысында, сергіту сәтінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалаймын. |
|||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген