Материалдар / ҚМЖ 6-сынып 4-тоқсан Қаз тарихы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ 6-сынып 4-тоқсан Қаз тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 6-сынып 4-тоқсан Қаз тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
270
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі.

Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?

1-сабақ.

Бөлім:

6.4 Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі.

Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар Қасым ханның шығу тегін анықтайды.Қасым хан билік құрған тұстағы Қазақ хандығының аймағын біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

«Қасым ханның қасқа жолы» аталған реформаның мән-мағынасын түсінеді.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында

беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.







Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Қасым ханның қазақтар арасында неліктен аса беделді болған?



2. Қасым хан тұсында Қазақ ханының қол астына қандай қалалар өтті?



Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

1-тапсырма:

Төменде берілген Қасым хан туралы тарихи құжаттардан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, Қасым ханның тарихи келбетін сипатта.

  1. Ортағасырлық «Зубадат әл-Аср» кітабынан үзінді: «Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған. Қасымның күш-қуаты артқаны сондай, ол бүкіл Мәуреннахр өңірі үшін үлкен қатер болып отыр».

  2. Үндістандағы Ұлы Моғол империясының негізін салған Бабырдың «Бабырнама» кітабынан үзінді: «Қазақ халқының хан-сұлтандарынның ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді».

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Қасым ханның тарихи келбетін сипаттайды.

6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері


2-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Дерек негізінде Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясатына және Қасым ханның саяси тұлғасына баға беріңіз.



Ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар туралы



1512 жылдың көктемінде Шайбан өзбектері Мауренаһрда билік құрды. Өзбектер Шаһибек ханның қол астында еді. Саид хан қыс кезінде көктемдегі жағдайды ойлады. Саид хан Ташкент қаласына қарайтын Ахангаранға жорық жасады. Мен ол жорықта ханның жанында болдым. Сол жорықтан Саид хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан Ташкентке Сүйініш ханға шабуыл жасады деген хабар келді. Саид хан тездетіп Ташкентке бет алды. Кендірлік асуына жеткенде, Қасым хан қайтып кеткені туралы хабар жетті. Саид хан осыдан кейін қазақтарға бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға тағы да қазақтарды көтеру болатын. Қасым хан жасы ұлғайғандықтан, Саид ханды қарсы ала алмайтынын айтып , кешірім сұрайды. Жошы әулиетінің жасы елу мен алпысқа толған отыз-қырық сұлтанды жіберіп, тізе бүгіп қарсы алсын деп бұйырады. Соның ішінде Жаныш хан мен Таныш хан жас жағынан Саид ханнан көп үлкен еді. Олар тізе бүккенде, хан орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі тізе бүккенде, хан орнына отырды. Олардың сәлемін қабылдады. Қасым хан Саид хан алдына келгенде, жылы жүздесіп, құрметтегені сондай хан өмірінің соңына дейін, оның кішіпейілдігін ұмытқан емес.



Мұхаммед Хайдар Дулат. «Тарихи Рашиди». 1543

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

Қасым ханның сыртқы саясатта жүргізген саясатын анықтайды;

Қасым ханның Қазақ хандығының дамуына қосқан үлесін талдайды

6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері


3-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Ашық тест тапсырмалары

1.1. Қасым хан тұсында Қазақ ханының қол астына ______ бойындағы бiрқатар

қалалар өттi.

1.2. Қасым хан тұсында қазақ жерінің аумағы батысында _______ арғы жағына

дейiн жетті.

1.3. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Қасым ханның қол астындағы халық саны

_____астам адам және әскері ____ мыңға дейін жауынгер болғандығын

жазды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Анықтайды.

-Тест тапсырмаларын орындайды.

-Түсіндіреді.

6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

image2.png

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты.

Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды?

2-сабақ.

Бөлім:

6.4 Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты.

Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар Қазақ хандығының Хақназар тұсындағы Ноғай ордасымен қарым-қатынасын біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Хақназардың Қазақ хандығын билеген кезеңінің тарихта «қайта өрлеу» деген атпен белгілі болғанын біледі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Хақназардың ноғайларға қарсы әскери жорықтар жасау себебі неде деп ойлайсың?



2. Хақназардың Қазақ хандығын билеген кезеңі тарихта неліктен «қайта өрлеу» деген атпен белгілі болады?



Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

1-тапсырма:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып береді,

берілген жаттығуларды орындатды.

1. Ашық тест тапсырмалары

1.1. Қазақ хандығы жағдайының нығаюы Қасым ханның ұлы _______ сұлтанмен

байланысты болды, ол ___–____ жылдары хандық құрды.

1.2. Хақназар хан Бұхара билеушiсiмен «достық және әскери одақ туралы ант

берiскен келiсiм» жасайды, бұл одақ _______ билеушiсi Баба сұлтанға

қарсы бағытталды.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-тапсырманы орындайды

6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері


2-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Кестені толтырыңыз

Хандар

Ішкі саясаты

Сыртқы саясаты

Мемлекетті

нығайтудағы

басты қадамдары

Қасым хан




Хақназар хан




Дескриптор: Жалпы 4 балл.

-Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясатын сипаттайды;

-Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясатын сипаттайды;

-Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын сипаттайды;

-Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын сипаттайды;

-Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы басты қадамдарын сипаттайды;

-Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы басты қадамдарын сипаттайды.

6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері



3-тапсырма:

Оқулықта берілген түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.Shape1

шекарасы Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының



1. Кестеге шекаралық өзгерістерді жазып, Хақназар ханның саясатына баға беріңіз.

Shape2 Shape3

Shape4 Shape5

Батыста

---------жетті



__________________жетті





Shape6



Shape7

Shape8

Шығыста ---------жетті









_____________________жетті





Shape9 Shape10



Shape11

Солтүстікте

-------------жетті





Shape12



Shape13

Оңтүстікте

--------------жетті





Shape14





Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы саясатына баға беріңіз.



Shape15

Shape16

Shape17



Де

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!