жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ 6-сынып Болашақ мамандар 1-2-сабақтар
Пән: Қазақ тілі Мектеп: Белое орта мектебі
ҰМЖ бөлімі: 8-бөлім Мұғалімнің аты-жөні-Касенова К.К.
Болашақтың мамандықтары.
(А. Машановтың «Жер астына саяхат» шығармасы бойынша)
Күні:
Сынып: 6 -сынып
Қатыспаған оқушылар саны:
Қатысқан оқушылар саны:
Сабақ тақырыбы |
1-2-сабақтар. Мамандық неден басталған? |
|||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына қол сілтеме) |
6.1.4.1 – әңгіме, хикаялар мен шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып, кейіпкерлерге сипаттама жасау; 6.3.1.1 – мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру. |
|||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты ажыратады. Көптеген оқушы: шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдайды. Кейбір оқушылар: өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады. |
|||||||||||
Бағалау критерийлері |
Мамандықтар туралы білетінін айтады, ақпарат береді, сыныптастарымен тақырып аясында сұхбат құрады. |
|||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: мүмкіндік, білікті, сала, арманда, дамыт. |
|||||||||||
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: мамандық, жаратылыс. |
||||||||||||
Бастапқы білім |
Қазақстан қорықтары туралы айтады, сипаттайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады. |
|||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылар парталас достарымен қазақша амандасады: -Сәлем, достым! (амандасады) -Қалің қалай? (иықтарынан қағады) -Қалай демалдың? (құлақтарынан тартады) -Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды) -Қош келдің! (қолдарын жаяды) -Күніміз сәтті болсын! (құшақтайды) Қызыгушылық ояту. Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «мамандық» сөзіне ассоциограмма құрғызады.
мамандық
«Қызық суреттер» тәсілі бойынша айтылымға қатысты тапсырманы орындатады. Оқушылар суреттерге қарайды, суреттегі бейнеленген адамдарды сипаттайды, олардың арасында қандай байланыс барын анықтайды, ақпарат көздерімен мәлімет табады (1-тапсырма). Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. «Ой шақыру» әдісі. 2-тапсырма. Кәсіпке, мамандыққа қатысты 1 мақал, 1 қанатты сөз жазады, мағынасын түсіндіреді. |
Тренинг жазылған парақшалар
Интерактивті тақта, тұсаукесер, оқулық |
||||||||||
Сабақтың ортасы |
Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін «Дана үкілер» техникасын қолданады. Оқушыларға аудиотаспадан мәтінді тындатады, оқытады, жаңа сөздерді тапқызады. Оқушылар сөздіктің көмегімен мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды, етістіктердің қай шақта жазылып тұрғанын анықтап, кестені толтырады, сұрақтарға жауап береді.
Топтық жұмыс. «Оймоншақ» тәсілімен мәтінді баяндайды, мәтіндегі негізгі және қосалқы ойды анықтайды, мазмұны бойынша әр абзацқа тақырып қояды, тірек сөздерді анықтайды (8-тапсырма). 9-тапсырма. «Бейнелеп көрсеті» тәсілі. Суреттердегі жан-жануарларды қимылын бейнелеп көрсетеді, сипаттайды, үлгіні негізге алып, қимыл-әрекетін үш шақта жазады (Үлгі: Кит теңізде жүзді. Кит теңізде жүзіп жүр. Кит теңізде жүзер). Топтық жұмыс. «Пікірлер парағы» әдісінің негізінде ортақ тапсырма орындатады (10-тапсырма). Мәтіннің негізінде бірнеше пікір ұсынылады, қай пікірді қолдайтынын айтады, себебін түсіндіреді. 1-топ. «Достық» пікірді таңдап, талдайды. 2-топ. «Арман» 1-топтың айтқан ойларын дәйексөз ретінде қолданып, көзқарастарын түйіндеп айтады. 3-топ. «Жеңіс» ұсыныстарын жасады. Сергіту сәті. Топтық жұмыс. Мұғалім «Қызық суреттер» тәсілі бойынша әр жұпқа мамандық түрлеріне байланысты сурет бөліктерін таратып береді. Әр жұп бөліктерді құрастырады, сипаттайды. Мәтінсоңы жұмыс. «Ойлан, тап!» тәсілін пайдаланып, берілген тапсырманың шарты бойынша оқушылар мамандыққа қатысты кластерді толтырады, сипаттайды (11-тапсырма). |
Оқулық, аудиотаспа Қазақша-орысша сөздік. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 962 б.
Тақырыпқа қатысты суреттер
Флипчарт, маркерлер |
||||||||||
Сабақтың соңы
|
Топтық жұмыс. Рөлдік ойынды ұйымдастырады. Оқушылар табиғатқұмарлар үйірмесінің мүшесі ретінде Хәсен ағайға сұрақ қояды, пікір алмасады. Қалыптастырушы бағалау: Әр топ «Бас Бармақ» әдісі арқылы бір-бірінің жауаптарын бағалайды.
Кері байланыс. «Рефлексиялық шеңбер» тәсілі Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді: -Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды? Неліктен? -Бүгінгі сабақта не білдің? Сен үшін не жаңалық болды? -Сабаққа қатысуынды қалай бағалайсың? -Сабақта неден қиналдық? -Сабақ аяқталғандағы көңіл күйің қандай? Неліктен? Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 3-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі. |
Оқулық, ғаламтор ресурсы
Рефлексия-лық шеңбер |
||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||
Рефлексия Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Өзім жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? Мен өз жоспарыма қанадй түзетулер енгіздім? Неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (сабақ жүйелі жоспарланғандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс жасайды. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары да орындалады) |
|||||||||||
Қорытынды бағалау: Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз. 1. 2. Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырды? 1. 2. Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған екі әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз. 1. 2. Сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім... |
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген